Блог статистикасы
196
Жазбалар
2749
Өтініштер
132162
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Iшкi саясат

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың  2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы

Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде Қазақстан қалай өзгерді

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына жиырма қадам»

Лисаков қаласының ҮЕҰ тізімі

Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы

«Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 20 мамырдағы № 27 шешім

2016 жылғы 20 мамырдағы № 27 шешімге қосымша


«ҚАУЫРТ ЖЕЛІ» 114

 Дін саласына қатысты барлық мәселелер бойынша ақпаратты азаматтардан және ұйымдардан қабылдау, сондай-ақ бүлдіргіш діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесші және психологиялық көмек көрсету үшін

Егер де:

- Сізге және сіздің туысқандарыңызға түсініксіз діни идеяларды зорлап міндеттесе;

- Сізге күмәнді діни кітаптарды, журналдарды, кітапшаларды, үндеулерді оның ішінде көшелерде, пәтерлерде, көлікте тарату туралы мәлім болған кезде;

- Сізбен және сіздің туысқандарыңызбен дін тақырыбында күмәнді насихатты жүргізуге талпынса;

- Сізге және сіздің туысқандарыңызға діни рәсімдерге және іс-шараларға қатысуға ұсынса;

- Сізді діни сипаттағы күмәнді жиналыстар мазаласа;

- Сіз және сіздің туысқандарыңыз діни бағыттағы күмәнді адамдардың немесе ұйымдардың ықпалына түскенде;

- Сіз және сіздің туысқандарыңыз діни сипаттағы мәселелер салдарынан қиын өмір жағдайында болған кезде;

- Сіз және сіздің туысқандарыңыз дін саласында мамандардың кеңесіне және көмегіне мұқтаж болған кезде қоңырау шалыңыздар. 

Біз сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз және көмек көрсетеміз!

Сіз үшін заңгерлер, теологтар, дінтанушылар, психологтар жұмыс істейді. Кеңес беру тәулік бойы және құпия түрінде жүргізіледі. Қазақстанның әр жерінен қоңыраулар тегін қабылданады.


Құрметті Лисаков қаласының тұрғындары!

 Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жанында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарға тегін кеңес беруді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефондық хабарламалардың қабылдауын жүзеге асыратын Call-орталық жұмыс істейді.

Call-орталық  телефоны 1424, Қазақстан Республикасы бойынша қалалық телефондар және барлық ұялы телефон байланыс операторларынан қоңырау шалу тегін.


Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу туралы

 

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9- бабына сәйкес дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға ҚР ҰҚК сыйақы төлейді.

Бұл ретте ҚР Үкіметінің ағымдағы жылғы 9 қарашадағы №685 қаулысымен  терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары бекітілген.

Сыйақы айыпты адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабымен терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, 750 ден бастап 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2016 жылға арналған бір АЕК 2121 теңге) бір рет төленеді.

ҚР ҰҚК аумақтық органы терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы алу құқығы туындағаны туралы 3 күн ішінде хабарлайды.

Сыйақы төлеу тиісті ақшалай қаражатты хабарлаған адамның банк шотына аудару жолымен тиісті қаулы шыққаннан кейін 60 күн ішінде жүргізіледі. Бұл ретте аталған ақпаратты берген адам 3 күн ішінде оның шотына ақшалай қаражат аударылғаны туралы хабардар етілуге тиіс.

Берілген  терроризм қаупі белгілері бар ақпарат расталмаған жағдайда, дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабардан (ҚР ҚК 273-бабы) басқа, хабарлаған адамның жауапкершілікке тартылмайтындығын атап өткен жөн.

Сыйақы белгілеудің және төлеудің неғұрлым толық тетігі ҚР  Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №685 қаулысымен бекітілген қағидаларында жазылған.



Бірыңғай Саll-center (жедел желісі) қызмет етеді

Қостанайда облыс тұрғындарына жер заңнамасы нормаларын түсіндіру және жедел ақпаратты ұсыну үшін бірыңғай Саll-center жұмысқа кірісті

 «Жедел желі » 8(7142) 56-88-93

Аптасына 7 күн сағат таңғы 8-ден кешкі сағат 20-ге дейін қызмет етеді.



1. Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

2. Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама

3. Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға арналған жаднама

4. Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде  жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

5. Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жаднама 

6. Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама


Лисаков қаласындағы қоғамдық – саяси жағдай

Лисаков қаласында қоғамдық – саяси жағдай тұрақты. Әлеуметтік қарбаластың ошақтары жоқ. Қаланың аумағында саяси партиялардың өкілдері жұмыс істейді «Нұр Отан» ЛҚФ (1995  мүше),  бастауыш ұйымдар -9, Лисаков қалалық Қазақстанның халқықтық коммунистік партиясының комитеті                               (7 адам).

Әділет органдарында 27 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Олардың ішінде белсенді жұмысты «Бірлік» Лисаков қаласының жеке кәсіпкерлер одағы» қоғамдық бірлестігі, «Лисаков қалалық ардагерлер ұйымы», «Достық» Лисаков гендерлік дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Лисаков қалалық ерікті мүгедектер қоғамы», «Студенттік-жастар орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Жастар бастамашыл орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» ПЛФ жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» партиясының Лисаков қалалық филиалы, «Шағын және орта бизнесті дамытудың медетші қоры» қоғамдық қоры өткізеді.

2017 жылға қала бюджетінен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға 5 445 700 тенге бөлінді.

Діни жағдайы

Қалада 8 діни бірлестік қызмет етеді, олардың ішінде 8 заңды тұлға ретінде тіркелген.

1 діни бірлестік исламды,

1 – православиелік;

1 – католизм;

5 – протестантизмді білдіреді.

Қалада  3 табыну құрылыстары : 1 мешіт, 1 православиелік шіркеу, 1 – католиктік шіркеу тіркелген.

 

Діни бірлестіктер тарапынан заңнамалықты бұзушылықтар анықталғын жоқ.

 

Жастар саясаты

Қалада 14 жастан 29 жасқа дейін жастардың жалпы саны 8407 (жалпы тұрғындар санынан 20,3%)  құрайды, олардың ішінде 14 жастан 18 жақса дейін оқушы жастар – 1236 адам, студенттер - 595 адам, жұмыс істейтін жастар - 6002 адам, өздігінен жұмыс істейтін жастар – 551 адам, тіркелген жұмыс істемейтін жастар – 23 адам.

Қалада 3 жастар ҮЕҰ: «Студенттік-жастар орталығы», «Нұр Отан» ПЛФ «Жас Отан» жастар қанаты, «Жастар бастамаларының орталығы» және 2 жастар ұйымдары: қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының жанындағы «Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы жұмыс істейді, жаз мезгілінде «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру.

2017 жылға жастар саясатын іске асыруға қала бюджетімен қаржыландыру––7 млн. 455 мың теңгеге қарастырылған.

2009-2013 жылдар кезеңіне қала әкімінің гранты бойынша 14 маман оқытылған болатын.

1.01.2018 ж. жағдай бойынша жастар санынан 286 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 23 адам,  қоғамдық жұмыстарға 27 адам, тұрақты жұмыс орындарға 212, жастар практикасы бойынша - 24 адам жолданды. 3 сәуірден бастап кәсіби оқытуға жастар санынан 108 адам жолданды.

Ақпараттық саясат

Лисаков қаласы аумағында 5 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Олардың ішінде: 2 –баспа, 3 электронды БАҚ.

1 «Лисаковская новь»  қоғамдық – саяси газеті – тираж 3000;

1«Бизнес-пресс Лисаковск» ақпараттық – жарнамалық газеті – тираж – 2000;

Лисаков қаласының аумағында «Акцент» телеарнасы, «ТV LINE» кабельдік телеарнасы, «Рауан» радиосы жұмыс істейді.

Меншік нысаны бойынша:

5 қалалық БАҚ – жекеменшік (ЖК,ЖШС)

 

1.01.2018 ж. жағдай бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырыс 2036,2 мың теңгені («Рауан» радиосы арқылы  184,7 теңге, «Акцент» телевидениесі арқылы 1074.8  теңге, баспа басылымдары арқылы 776,7 теңге) құрайды.

 

2017 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырыс 23,647 млн. теңге (телерадио хабар тарату арқылы  17,437 млн. теңге, баспа БАҚ арқылы 6,21 млн. теңге) сомасына іске асырылды.

хат жіберу