Блог статистикасы
196
Жазбалар
2749
Өтініштер
132068
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ

Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет), Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабының 1-тармағы 13)-16)-тармақшаларына сәйкес,

лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

ломбардтар;

бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қаржы мониторингі субъектілеріне жатады деп білдіреді.

Қаржы мониторингі субъектілерімен міндетті түрде орындау үшін КЖ/ТҚҚ туралы Заңымен рәсімдер көзделген.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Комитетке, қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорлар» ақпараттық жүйесінде (www.elicense.kz) («Қаржы» бөлігі – «Хабарлама жасау тәртібі») автоматтандырылған.

Қызметті бастағаны туралы хабарламаны қағаз жүзіндегі жіберген тұлғаларға, осы жүйе арқылы хабарламаны қайта жіберу талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.

КЖ/ТҚҚ заңнаманың орындау үшін қаржы мониторингі субъектілері, КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 4-бабымен көзделген, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты жіберуге міндетті.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері мәліметтер мен ақпаратты бөлiнген байланыс арналары арқылы ұсынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 Қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын 3-тармағы 1-бөлігіне сәйкес, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 6), 8) - 17) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi ұсынатын ақпарат операция жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері (АРМ-СФМ) немесе XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы (Web-СФМ) арқылы жіберіледі.

         Комитеттін ресми интернет-ресурсында (kfm.gov.kz) «ҚМСК» - «ҚОМЖЖ» бөлігінде жүйелерінде тіркеу туралы ақпарат орналасқан.

         Web-СФМ жүйесі жеңілдетілген тіркеу болғаны және операциялардың үлкен емес саны бар қаржы мониторингі субъектілеріне арналған атап көрсетеміз.

         Осыған байланысты КЖ/ТҚҚ және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаларын бұзу жол бермеу мақсатында, КЖ/ТҚҚ туралы заңымен көзделген қажетті шараларды қабылдау, қызметті басталуы туралы хабарламаны жіберу және жоғарыда көрсетілген жүйелерінде тіркеу міндетті түрде ұсынамыз.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің
Қаржы мониторингі комитеті



Құрметті азаматтар!!!

Мүлікті жария ету бойынша акцияны жалғастырамыз!

Мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды, ҚР аймағындағы бар қозғалмалы мүлікті жария ету үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашаға дейін ұзартылды. 

Жария етуге Қазақстан Республикасының аумағындағы бар, құқығы жария етілмеген қозғалмалы мүлік жатады. Жеке меншіктегі жер учаскесінің аумағында тұрғызылған қозғалмалы мүлікті жария ету және заңды айналысына енгізу мүмкіндігін жіберіп алманыздар!

Осы акция жалпыға бірдей алдағы ресми мәлімдеуді енгізумен байланысты өткізіледі, азаматтарға заңды тәртіппен өз мүлікіңізді жария ету құқығы ұсынылады.

Сұрақтар бойынша Мир к-сі, 31 мекенжайында орналасқан Лисаков қаласы әкімдігінің ғимаратындағы № 21 кабинетке, жария ету жөніндегі комиссияға жүгінуге болады, телефон 3-44-50.



Қаржы мониторингі субъектілерінің назарына

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2016 жылғы 20 сәуірден Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі - КЖ/ТҚҚК туралы Заң) қаржылық мониторинг субъектілері тізімін кеңейту бөлігіндегі түзетулердің күшіне енгенін хабарлайды.

КЖ/ТҚҚК туралы Заңның 3-бабының 1-тармағы келесі мазмұндағы 13), 14), 15), 16) және 17) тармақтарымен толықтырылды:

- лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

- ломбардтар;

- бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

- жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; 

- төлемдер қабылдау бойынша операторлар жатады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» № 4 бұйрығына сәйкес,  адвокаттарды қоспағанда, КЖ/ТҚҚК туралы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы Комитетке хабарлама жіберуі тиіс.

Комитет 2016 жылғы қыркүйек - қарашада түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ хабарламалар қабылдауды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, мақсатты аудитория қалыптастыру мақсатында, қаржы мониторингінің жоғарыда аталған субъектілері өкілдерін d.mukushev@minfin.gov.kz, r.iskakov@minfin.gov.kz электронды мекенжайларына келесі ақпаратты жолдауларын өтінеміз: ұйым атауы, тіркелген мекенжайы, өкілдің Т.А.Ә., телефон нөмірлері, электронды мекенжайы.

Жұмыс кездесуінің өткізілетін күні мен уақыты жайлы ақпарат көрсеткен байланыс деректерінің бойынша қосымша хабарланатын болады.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-92-26; 74-97-39; 74-97-49; 74-97-52.



Лисаков қаласында мүлікті жария етудің барысы туралы

Құрметті Лисаков қаласының тұрғындары!

Лисаков қаласы әкімінің аппараты өз мүлкін, соның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны заңды түрде жария етуге ниет білдірген барша азаматқа көмек көрсетуге арналған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы»  2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V заңының жұмыс істеп жатқанын еске салады.

Жария етуге  жататын мүлік: ақша; бағалы қағаздар; заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жатады.

2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілері жария етуге қатыса алады. Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар мүлікті жария ету субъектілері болып табылады.

Мүлікті жария ету 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталды және 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылдың 30 қарашасында аяқталады. 

Жария ету субъектілері құжаттарды Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) өтініш комиссияға мұндай мүліктің тұрған жері бойынша берілетін жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады.

Лисаков қаласында мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу жөніндегі комиссия құжаттарды қабылдауды Мир көшесі 31, № 21 каб., тел. 34450 мекенжайындағы «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырады.  

Қосымша 2016 жылғы 24 тамызы жағдай бойынша Лисаков қаласының әкімшілік аумағында 32 тұрғын емес объектілерді жария ету туралы 10 өтініш түсті, олардың ішінде 29 тұрғын емес объект жария етілді.

Лисаков қаласы әкімінің аппараты


Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға  ықтияр хаты бар адамдарға мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Заңы және «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы Үкіметтің № 959 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық әкімінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 67 өкімімен мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу бойынша комиссия құрылды, қала әкімінің орынбасары Н.Н. Конкабаев комиссия төрағасы болып сайланды.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталды және 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады, мүлікті жария ету үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылдың 30 қарашасына дейін.

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған, жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Жария ету субъектілері мынадай құжаттарды ұсынады:

1) заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтініш;

2) өтініш берген кезде салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын.

4)    Басқа да құжаттарды (жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын).

Барлық қажетті құжаттар комиссия хатшысымен мына мекенжайда: Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31 үй, 21 кабинетте қабылданады. Анықтама телефоны: 8(71433)3-44-50.


Жария ету – соңғы мүмкіндік

Бірніші кезекте, мүлiктi жария ету - табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген не тиеcілі емес тұлғаға ресiмделген мүлiкке құқықтарды мемлекеттiң тану рәсiмi екендігін атап кеткен жөн.

Сонымен бірге, жария етілген капитал түрінде  экономикаға қосымша қаражатты тарту оның басты мақсаты болып табылады. Акция жария етуге және бар мүлікті заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді.

Жария ету өздігінен әлемдік тәжірибеде жаңалық емес. Еуропаның бірқатар елдері, АҚШ-тың көптеген  штаттары осы акцияны бірнеше рет өткізген, капиталды көлеңкеден шығару бүкіл әлем бойынша барынша өзекті мәселе болып табылады. Қазақстанда да жария етуді өткізу тәжірибесі бар. Науқан үшінші рет жүргізіліп отыр. 2001 жылы ақшаны жария ету өткізілді, оның барысында заңды айналымға 480 млн. АҚШ доллары қайтып келді. 2006-2008 жылдары ақшадан басқа жылжымалы және жылжымайтын мүліктер де заңдастырылды. Акциядан түскен нәтиже ақшалай түрде 845 млрд. теңгені немесе 7 млрд. АҚШ долларын құрайды, яғни  өткен жылдың ЖІӨ 8,3% . Жария ету үшін салынған алым сондай-ақ екінші шараның ерекшелігі болды. Бюджетке 60 млрд. теңге көлемінде қаражат түсті.

Елбасы атап өткендей, инвестиция және сауда теңгерімінің төмендеуімен сипатталатын әлемдік экономикада жалғасудағы  тұрақсыздық пен оның Қазақстан экономикасына ықпал ету үрдістерін ескере отырып, экономикаға қосымша ресурстар тартудың өткір қажеттілігі туындауда. Сондықтан отандық экономиканың ішкі  ресурстарын көлеңкеден шығару аталған мақсатқа қол жеткізудің нақты құралы болып табылады.

Ақшаны жария ету бойынша науқан екі жаққа да,ақшаны жария етуші азаматтарға да, ел экономикасы үшін де тиімді. Көбі білетіндей, жария етудің жақсы жақтарының бірі, атап айтқанда, ол ақшаға қатысты, жария етілген ақша кіріс болып танылмайды да оларға салық жүгі түспейді. Осылайша, өзіңізге берілген ақшаны жария ету құқығын пайдаланып, сіз өзіңіз үшін жария етілетін ақша сомасынан он пайызды үнемдей аласыз. Азаматтар үшін жария ету құралын таңдаған кездегі баламалы нұсқаның болуы жоспарланып отырған науқанның ерекшелігі:

Біріншіден, ақшаны екінші деңгейлі банктердегі есепшоттарда немесе декларация беру арқылы салық органдары арқылы жария етуге болады. Бұл ретте жария ету субъектілерінен жария еткені үшін алым алынбайды.

Екіншіден, ақшаны, мемлекеттік бағалы қағаздарды, екінші деңгейлі банктердің, ұлттық басқарушы холдингтер мен компаниялардың, даму институттарының облигацияларын және «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберіндегі акцияларды, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды сатып алуарқылы экономикаға инвестициялауға болады.

Үшіншіден, азаматтар жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде объектілерді сатып ала алады.

Сондай-ақ жария етуді табысты өткізу факторы осы акцияның барысында алынатын мәліметтерді құпияда сақтау болып табылады. Осындай ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес кепілдік беріледі. Банктік, салық және қызметтік құпиялар бар.

Бізге «Не үшін жария ету қажет?» деген сұрақтар қойып жатады.  андай мүлік жария етілуі мүмкін деген түсінік үшін, егер кінәлі деп тану не жауапкершілікке тарту туралы актілер заңды күшіне енбеген кезде, ӘҚБтК немесе ҚК қандай баптары бойынша адамдар жауапкершіліктен босатылады екендігін қарау жеткілікті.

Мысалы, ӘҚБтК 143-бабымен кәсіпкерлік қызметті тіркелусіз не егер арнайы рұқсаттың (лицензияның) міндетті түрде болуы талап етілетін жағдайда, мұндай рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік белгіленген. Сонымен бірге, аталған жауапкершілік, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаған кезде басталады.

ӘҚБтК 143-бабына сәйкес, айыппұл көлемі келтірілген зиян сомасының, алынған табыс сомасының және заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құнының 30-50% мөлшерiн құрайтындығын атап өту қажет. Аталған заң бойынша рақымшылық ететін құқық бұзушылықтар мен қылмыстар тізбесі де сонша аз емес.

Осылайша, егер заң талаптарын бұзушылықпен алынған табыстар бар болған жағдайда, осы жария ету науқаны жауапкершілікке тартылмау және осындай ақшалай қаражатты өзінде қалдыру мүмкіншілігін береді деп санаймын.  

Экономикалық зерттеу институтының сарапшыларының бағасына сәйкес жария ету барысында 2,2 трлн. теңгеге немесе 12 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде мүлік жария етіледі.

Бүтіндей алғанда біздің  облыс бойынша 3,0 млрд. теңгеден астам сомада 3,5 мың объекттен артық жария етілді. Салыстыру үшін – көлеңкелі айналымнан өткен жария ету қорытындысы бойынша 132 мың объект 9,5 млрд. теңге сомасында шығарылды.

Бұл ретте 2006 жылдың жария етуімен салыстырғанда заңды тұлғалар мүлікті алдағы жария ету субъектілері болып табылмайды. Бұдан басқа, мүлікті жария етуді ресімдеуге байланысты барлық шығындарды жария ету субъектілері артады. Келесі айырмашылық мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлікті және жер учаскелерін жария ету құқығының жоқтығы болып табылады.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттарды (құрылыстарды, имараттарды) жария ету шартының бірі жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес болып табылатындығына  назар салу қажет.

Мүлікті жария ету жария ету субъектілерімен комиссияға құжаттар тапсыруы арқылы өткізіледі.  Осылайша, маған енді бір органнан екінші органға жүгіріп, осылар үшін өз уақытымды кетірудің қажеті жоқ,  тек бір жерден құжаттарды берсем дайын болады!

Сондықтан да жария ету жария етуге мүмкіндік береді және бар мүлікті заңды айналымға жүргізеді. 2017 жылы жалпыға бірдеу декларация жасау құқығын алда енгізуге байланысты,  ахаматтарға қазір уақытта мүлікті жария ету құқығы беріледі, кейін декларацияда оны көрсетуге ыңғайлы.

Құрметті отандастар, күмәндаңбаңыздар, қажетті құжаттарды жинап, жария ету жөніндегі комиссияға өтінішпен жүгініңіздер, осыған уақыт аз қалды – тоғыз ай.


Мүлікті жария ету жөнінде акция туралы


Өткізілетін акцияның негізгі шарттары.
2014 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстанда мүлікті жария ету акциясы басталды. Оны өткізу үшін негіздеме 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының № 400-V Заңымен енгізілген өзгерістермен «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мүлікті жария ету туралы Заңы) болып табылады.
Мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. 
Бұл ретте мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Аталмыш акцияға мүлкін заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар болып табылады. 
Жария ету объектілеріне мынадай мүлік:
- ақша, бағалы қағаздар және заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.
- құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған ғимараттар (құрылыстар, ғимараттар);
- тиісті емес адамға ресімделген жылжымайтын мүлік;
- Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жатады.
Жария ету бойынша акция өткізу басталғанға дейін алған (сатып алған) мүлік жария етуге жатады, яғни 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін.
Жекелеген қылмыс жасау нәтижесінде алған мүлікті жария етуге жатпайды. Олардың қатарында жеке адамға, адамның конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздері мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау нәтижесінде.
Өткізілетін акцияның басымдылықтары
1. Өткізілетін акция жария ету субъектілеріне заңды түрде экономикалық айналымға одан бұдан бұрын бөлінген ақшаны және өзге мүлікті қайтарып беруге мүмкіндік береді, жалпыға ортақ табыс пен мүлікті ресми мәлімдеуге алда көшуге ерекше өзекті, сондай-ақ трансшекаралық операциялардың айқындылығын арттыру және елдер арасындағы салық ақпаратын өзара алмасуды күшейту бойынша жалпыәлемдік беталыстармен.
2. Жария етілген ақша мен мүлік салық салатын мақсат үшін кіріс болып табылмайды, сәйкесінше, табыс салығы алынбайды.
3. Мүлікті жария ету рәсімі (ақшадан басқа) бұрын тіркелмеген мүлікті (ғимараттарды, құрылыстарды және т.б.) тіркеуге немесе жария ету жөніндегі комиссияға бір арыз беру арқылы жеңілдетілген тәртіппен тіркелген мәліметтерді (жер учаскесін нысаналы мақсаты және т.б.) өзгертуге мүмкіндік береді.
4. Жария ету субъектілеріне осы акция барысында алынған мәліметтердің құпиясын сақтауға кепілдік береді.
5. Жария ету субъектілері Жария ету Заңының талабымен мүлікті жария етуге байланысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес толық емес, дұрыс емес декларациялар мен мәліметтерді ұсынбағаны үшін тәртіптік жауапкершіліктен босатылады.
6. Жария етілген мүлік тәркілеуге алынбайды, жария ету туралы мәліметтерді ешбір де, жария ету комиссияның мүшелері, мемлекеттік кіріс органның қызметшілері, екінші деңгейдегі банкт және Казпошта бөлімшесінің қызметшілері таратуға құқылы емес. 
ҚР аумағында тұрған ғимараттар (құрылыстар, ғимараттар), Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрған және ҚР аумағында тұрған мүліктер жөнінде, мемлекеттік кіріс органына декларация беру жолымен жариялау үшін қала әкімдігі жанындағы жария ету комиссиясына өтініш беру қажет.
Мүлікті жария ету туралы өтініштерді қабылдау Лисаков қ., Мир к-сі, 31 мекенжайының, әкім аппаратының ғимараты, № 21 кабинетінде орналасқан комиссия жүзеге асырады, анықтама үшін телефон 3-44-

50.


хат жіберу