Блог статистикасы
195
Жазбалар
3268
Өтініштер
143039
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Культура

Мұражай


ЖӘНЕ КІТАПХАНА ЖҮЙЕС

Орталық кітапхана 1966 жылы Майлин бекетінде құрылды. Бірінші кітапханашы Суворова Нина Семеновна болды. Лисаков пен кітапхананың тарихын бөлуге болмайды. Бірінші үй - қала негізі. Осы бірінші үйге 1967 жылы кітапхана көшірілді. Ол бірден қаланың мәдениет орталығына айналды. Мұнда құрлысшылар, кеншілер мамандықтары бойынша керек кітапты алу үшін, ал жастар қызу еңбек күнінен кейін кітаптар туралы әңгімелесуге келетін. 


Кітапхананың кітап қоры 1670 дана, ал оқырмандар саны 350 адам болды. 1968 жылы бірінші қалалық кітапханның меңгерушісі болын Шульга Светлана Петровна тағайындалып, осы қызметте 17 жыл жұмыс істеді.

1976 жылы №1 қалалық кітапхана бұрынғыдан бес есе кең жайға көшірілді.

1978 жылы Лисаков қалалық халық депутаттар Кеңесінің атқарушы комитетің «Қалада көпшілікке арналған мемлекеттік кітапханалар жүйесін ұйымдастыру туралы» 1978 жылғы 15 маусымдағы №148 шешімімен Лисаков қаласындағы мемлекеттік кітапханалар жүйесі ОКЖ-не біріктірілді.

Лисаков орталықтандырылған кітапханалар жүйесі құрылды.
№1 қалалық кітапхана орталық кітапханаға айналды. Ұжымға жаңа қызметкерлер келді, орталық кітапханада 12 адам жұмыс істейтін болды. Толымдау және әдебиеттерді өндеу, бірлестірілген қор және КАА бөлімі, әдістемелік-библиографиялық бөлім, қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырылды, директордың жалпы сұрақтар бойынша орынбасары сияқты лауазым пайда болды. Кітапхана жүйесін С.П.Шульга басқарып әкетті. Кітап қоры 28 мыңға, оқырмандар саны 3500 мыңға дейін өсті. 1981 жылы облыстық мәдениет басқармасының бұйрығымен Лисаков ОКЖ-ң жанында «Жүйе кітап қорының бірліктерін өзара пайдалану» тақырыбы бойынша озат тәрбиемектебі ашылды.

1987 жылы Шульга Светлана Петровна Лисаков қаласының мәдениет бөлімінің бастығы болып тағайндалды. Ұжымның жалпы жиналысында ОКЖ директоры болып, осы қызметте өзінің қайғылы опат болу күніне дейін қызмет еткен (21.12.1990ж.), Седых Валентина Федоровна сайланды.

1991 жылдан бастап 2012 жылға дейін Лисаков ОКЖ Хайруллина Светлана Михайловна басқарды. Сол кезде ОКЖ-де 5 бөлімше, БК, ОК бар болатын.

1994 жылдан бастап 1997 жылға дейн оптимизациялау кезінде 3 кітапхана жабылды. ( №3,4,5 бөлімшелер) . 

 

2013 жылғы қаңтар айынан бастап Лисаков ОКЖ Волокитина Елизавета Викторовна басқарып келеді.

1999 жылғы 13 қаңтардағы № 6696 -1937 – ГУ заңдық тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің негізінде Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Лисаковск орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі деп қайта аталды. 

2009 жылғы 17 наурызда - Лисаков қаласы әкімінің 2009 жылғы 10 наурыздағы «Лисаковск орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің қайта аталуы туралы» №149 қаулысымен, 2009 жылғы 17 наурыздағы № 6696 -1937 – ГУ заңдық тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік, «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Қазір ОКЖ-де 4 кітапхана бар- Орталық кітапхана, Балалар кітапханасы, №1 және №2 кітапхана-бөлімшелері. Штаттық кесте бойынша «Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінде 35 штаттық бірлік бар, оның ішінде: кітапхана қызметкерлері - 21 бірл., бухгалтер - 1 бірл., аудармашы - 1 бірл., бағдарламашы – 1 бірл., көркемдеуші -суретші- 0,5 бірл., тех. қызметкерлер - 9 бірл. 
Кітап қоры – 104412 , ОКЖ бойынша оқырмандар саны - 13501. Жыл ішінде кітапханашылар түрлі бағыттар бойынша және әр түрлі оқырмандар тобына арналған 370-ден астам көпшілік іс-шаралар өткізеді.
Жыл сайн кітапханаларды техникамен жабдықтау жақсарып келеді. ОКЖ 23 компьютер бар, оның ішінде 15 компьютер Орталық кітапханада, 8 компьютер кітапхана-бөлімшелерінде. ОК-да 6 лазерлі, 2 түрлі-түсті принтер, сканер, ксерокс, 2 КФҚ, Интернет, электрондық пошта және «Заң» заңнамалық базасы бар. Кітапхана-бөлімшелерінде де лазерлі принтерлер бар (3 дана) және 1 КФҚ. Бәрінде де Интернетке шығу және электрондық пошта бар. 2007 жылы РАБИС бағдарламасы сатып алынды. Электронды каталогты жасау бойынша жұмыс басталды.

 

2017 жылдағы деректер базасының көлемін 30959 жазбаша құрайды. 

«Лисаков ОКЖ» ММ кітапханашыларының алдында келесі міндеттер тұр: кітапхана қызметінің сапасын арттыру, оқырмандармен жұмыстың әдістері мен түрлерін жетілдіру, тарихи-отаншылдық тәрбие, өлкетану әдебиетін және қазақстан жазушыларының шығармаларын көпшілікке тарату бойынша жұмысты ынталандыру, өсіп келе жатқан ұрпақтың құқық тәрбиесі мен салауатты өмір салтын көпшілікке тарату бойынша жұмысты жеделтету, кітап қорын толық толымдау, кітапхананың жұмыс тәжірбиесіне жаңа, қызықты түрлер енгізу ОКЖ кітапханаларының материальды-техникалық базасын жақсарту, кітапхана жайларын жөндеу.

 

хат жіберу