Блог статистикасы
195
Жазбалар
3611
Өтініштер
153218
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Инвесторге

Құрметті ханымдар мен мырзалар! 

Сіздерге шың құрметіміз бен Сіздің бизнесіңізге сәттілік тілекті білдіреміз. 

Лисаков қаласы туралы ақпарат Сіздер үшін қызықты және пайдалы болады деген үміттеміз.


Өңір туралы жалпы мәліметтер

Инвесторға арналған мемлекеттік қолдау шаралары (оларды алу түрлері және тәртібі)

Инвестициялық (тауашалы) жобалардың картасы 

Өңірде инвестордың жайлы болуын қамтамасыз ету үшін ақпарат:

- қонақ үй, аурухана, полиция, такси телефондары, ірі сауда орталықтары, мәдениет және демалыс пен т.б. орындарын орналастыру орындары)

- көші-қон және визалық заңнама

- 24/7 режиминде пайда болған мәселелерді шешу үшін инвесторлардың жүгінуі үшін байланыс телефондар 


Әлеуетті инвестор үшін қадамдық нұсқау (әрекет алгоритмі), оның ішінде:

- орналасуы, телефондар, Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (ИҚО), жұмыс регламенті

- орналасуы, телефондар, электрондық мекенжайлар, әкімдіктің, жауапты құрылымдық бөлімшелердің жұмыс регламенті

- заңды тұлғаны ашу тәртібі (шетел заңды тұлғаның филиалы)

- жер учаскелерін алу тәртібі (нұсқау)

- инженерлік инфрақұрылымға қосылу тәртібі, коммуналдық кәсіпорындардың мекенжайлары және телефондары

- рұқсат құжаттарын алу тәртібі

- екінші деңгейдегі банктар туралы мәліметтер (сайттарға сілтемелер)

Өңірде дамыту институттардың байланыстары


 
Лисаков қаласының инвестициялық Қартасы



Инвестициялық алаңдар:

«Жасыл» алаңдары ( салу, жалға беру, саттып алу мақсаты үшін жер учаскелері) 

«Қоңыр» алаңдары (жалға беру, сатып алу, қайта жыңғырту мақсаты үшін құрылыс аяқталмаға объектілер, ғимараттар) 

қарау 

Лисаков қаласы – жас, 2016 жылы оған 45 жыл болады. Ол ашық, дамып келетін қала, оның басты байлығы оны Қазақстанның шексіз даласына салған және қысқа мерзімде Қостанай облысының дамыған өнеркәсіп өңірлеріне айналдырған адамдар болып табылады.

         Лисаков қаласы моноқала болып табылады және өзге моноқалалардан жөнді айырмашылығы бар, өз тазалығы мен күтімдігімен таң қалдырады.  

         Қала Қостанай облысының ірі көлік ағымының қиылысынан орталықта орналасқан.  

         Қала басқармасы органдары мен бизнесмендер – пікірлес команда. Тығыз серіктестік пен өзара түсіністік қаланың бірыңғай экономикалық саясатын жасауға, дамуының басымдылықтары мен негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік жасады.   

Қала экономикасының даму әлеуеті. Лисаков қаласының жоғары еңбек және өндірістік әлеуеті, қолайлы көлік-географиялық орны бар. Қала өңірдегі ірі шикізат көздері мен өндіру нарығының, Ресейдің Орал өңірінің тікелей жақындығында орналасқан.  

Қаланың тау-кен саласы, машина жасау, құрылыс индустрия, ауыл шаруашылық өнімді өндіретін кәсіпорындарымен ұсынылатын маңызды өнеркәсіптік әлеуеті бар.

Табиғи ресурстік әлеуеті. Лисаков қаласының минералды ресурстардың – темір кен, бокситтер, мырыш кенінің бай қорлары бар.

Өндірістік әлеуеті. Қаланың дамуы мына секілді салалармен анықталады: тау-кен және өндеу өнеркәсібі, құрылыс кешені. Тау-кен өнеркәсібі қалалық бюджетті қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, онымен ұштасқан экономика және әлеуметтік сала секторларының дамуына ықпал етеді. Өнеркәсіпте экономикада жұмыс істейтіндердің жалпы санынан 40% астамы жұмыс істейді.

Қаланың аумағында барлығы 395 кәсіпорын тіркелген. Шағын және орта бизнестің 186 субъекті және 1313 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Жеке кәсіпкерлікте 2,2 мың адам жұмыс істейді. 

         Еңбек әлеуеті.  Лисаковта 41 мыңнан астам адам тұрады, көші-қон үрдістерінің оң тенденциясы, тұрғындардың табиғи көбеюі белгіленеді. Қала басымдылығының бірі білікті еңбек ресурстары мен мамандарды даярлау және қайта даярлауға арналған базасының болуы болып табылады.  

         Инвестициялық қызмет. Қаланың атқарушы өкіметі қажетті инфрақұрылымның толық көлемімен қамтамасыз етілген еркін өндірістік алаңды ұсына отырып, тауар өндірушілері үшін қолайлы инвестициялық климатты жасауға көмек көрсетеді. Бизнеске келісім алу және ұйымдастыруға рұқсат алу мерзімі аз.

Қазақстанда мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары бар, олар бизнестегі жаңа бастаған және жұмыс істейтіндер үшін әсерлі әрі қол жетімді.

Осылайша, 2012 жылы ел Президентінің бастамасы бойынша Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.

Лисаков қаласы Қазақстан Республикасының 27 моноқалаларының қатарына кірді. Біз негізгі екі бағыт бойынша жұмыс істейміз:

1. Экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту.

2. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылын дамыту. 

Қаладағы кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік қолдаудың мынандай негізгі компоненттері іске асырылады:

1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау. Осылайша кәсіпкер номиналды пайыздық мөлшермеле бойынша алған кредит жылдық 14% - 10% мемлекет субсидиялайды. Кредит сомасы 750 млн. теңгеден аспауы тиіс.

2. Моноқалада жаңа өндіріс құратын кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар. Грант 3 млн. теңге көлемінде қайтарылмайтын негізде беріледі.

3. Бөлек өндірістерге де, өнеркәсіп алаңдарын ұйымдастыру шеңберінде де жетіспейтін инфрақұрылымды өткізу.

4. Кәсіпкерлікке шағын кредит беру.

 

2013 жылдың ақпанынан бастап Лисаков қ. Кәсіпкерлікті қолдау орталығы (КҚО) жұмыс істейді, екі кеңесші мемлекеттік қолдаудағы шаралар бойынша ақпараттық-консалтингтік қызметтерді, бизнесті жүргізу кеңесі мен басқа да қызметтерді ұсынады.      

Инфрақұрылым. Дамыған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым қала кәсіпорындары мен халқын орталықтандырылған коммуникациялық қызметтің барлық түрлерін тұрақты қамтамасыз етеді.

Лисаков қаласы әкімдігімен энергияны үнемдеу және жылу-энергетикалық қорларын қолдануын азайту бойынша мемлекет саясатының мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр, сонымен қатар қаланың әлеуметтік, тұрғын-коммуналдық салаларында энерготиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды іске асыру үшін инвестициялық қаражаттарды тарту.

Энергияны тиімді пайдалану – экономика, ғылым және әлеуметтік мәдениет даму көрсеткіштердің бірі қоғамның дамуы, осы мақсатпен 2013 жылы Лисаков қаласы «Әкімдердің келісімі» Еуропалық одаққа кірді.

Осылайша, Лисаков қаласының басшылығымен 2020 жылға энергетикалық тиімділікті және энергеяның альтернативтік қайнарындағы инвестицияларды арттыру жолымен  көмірқышқыл газдың шығуын 20% қысқартуын қамсыздандырумен тұрақты энергетика принциптердің негізінде саясатты дамыту міндеттері өз еркімен алынды.

2015 жылы желтоқсан айында БҰҰДБ келісімге қол қойылды, энергеяны үнемдеу және энерготиімділік бағытта іс-шараларды ортақ іске асыру жоспарланып отыр.  

Қаланың көлік-коммуникациялық жүйесі көліктік емес ұйымдары көлік бөлімшелері мен коммерциялық тасумен айналысатын кәсіпкерлермен ұсынылады. 

Әлеуметтік инфрақұрылым. Қаланың білім ұйымдарының желісі: 8 жалпы білім беру мектебі, 3664 оқушы оқитын мектепаралық оқыту-өндірістік комбинат, мектеп-интернатпен; 3,3 мың бала баратын 5 мектептен тыс ұйым, 1,5 мың бала тәрбиеленетін 5 мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған.  

 

         Орта кәсіби білімі бар мамандарды және жұмыс кадрларын даярлауды жалпы оқушылар континенті 1 мың оқушылары бар Лисаков техникалық колледжі жүзеге асырады.

Оқушылардың өкімінде 33 арнайы кабинет кабинеті, 7 зертхана, 8 шеберхана, 3 компьютер сыныбы, оқу залы бар 2 кітапхана, психология кабинеті, спорт және жаттығу құрылғысының залы, акт залы, буфет, асхана және жатақхана бар.                    

         2002 жылдан бастап қалада Рудный индустриялдық институтының дистанциондық білім факультеті жұмыс істейді.

     Денсаулық сақтау. Қалада 2 мемлекеттік аурухана ұйымы, 1 емхана, 1 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторлары жеке медициналық мекемелермен ұсынылған, олардың арасындағы аса ірісі: «Мирас» МО ЖШС болып табылады – амбулаториялық және стационарлық қызметтерді (терапевтік, хирургиялық, урологиялық, гинекологиялық) көрсетеді.

     «Мирас» МО ЖШС заманауи диагностикалық құралдары бар, «SАНА» медициналық сауықтыру орталығы жұмыс істейді.

«СТОМ&D» ЖШС стоматологиялық көмек көрсетеді, гинеколог, дерматолог, лор - дәрігерлері мен педиаторлар қабылдау жүргізеді.

«Прима-мед» ЖШС диагностикалық және рәсімдік кабинеттер жұмыс істейді.

Қаланың әкімшілік аумағында екі мәдениет үйі, төрт кітапхана, бір мұражай жұмыс істейді.

         Қалада дене тәрбиесі мен спорттың дамуына, тұрғындардың денсаулықтарын нығайту үшін жағдайлар жасауға үлкен назар бөлінеді.

Қалада 87 спорт құрылысы жұмысі істейді, соның ішінде: 2 стадион, 2 спорт кешені, 1 спорт кешені (БЖСМ), 1 жүзу бассейні, 19 спорт залы, 3 ату тирі, 4 теннис корты, 37 тегіс құрылыс,  1 хоккей корты 

         Қалада 27 қоғамдық үкіметтік емес ұйым, 3 саяси партия, 8 діни бірлестік жұмыс істейді.

Қалада қоғамдық-саяси және діни жағдай тұрақты. 

        Лисаков –атақты мәдени және спорт дәстүрлерінің қаласы: жыл сайын:  жастардың ди джей фестивалі, карнавал, спорттың әртүрі бойынша Халықаралық және республикалық жарыстар өткізіледі. 

        Лисаков жаңа инвестициялық жобаларды заманауи іске асыруға ашық, өңірдің экономикалық басымдылықтарын, сенімді серіктестікті қамтамасыз ететін жаңа өндірістерді ашуға мүдделі және іскерлік ынтымақтастыққа дайын.

          

            Лисаков қаласына хош келдіңіздер!

 

хат жіберу