Блог статистикасы
196
Жазбалар
2738
Өтініштер
131656
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

EXPO 2017

      
           
           
           







«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі

 

Көрменің тұсаукесері.

 

Көрме қашан және қайда өтеді?

 

Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін Астана қаласында өтеді. ЭКСПО-кешені Қабанбай батыр даңғылы және Орынбор көшесі, Тұрар Рысқұлов және Хусейн бен Талал көшелері аралығында орналасқан.

 

Көрменің келушілері үшін билеттердің қандай түрлері қарастырылған?

 

1.     Жұмыс күніне белгіленген күнге билет (құны 4000 теңге)

2.     Жұмыс күніне ашық күнге билет (құны 6000 теңге)

3.     Демалыс күніне белгіленген күнге билет (құны 6000 теңге)

4.     Демалыс күніне ашық күнге билет (құны 8000 теңге).

 

Ашық күнмен билет деген не?

 

Бұл билеттің құнына байланысты жұмыс немесе демалыс күні сізге ыңғайлы болғанда Көрмеге бару мүмкіндігімен күні белгіленбеген билет.

 

Билеттерді қайда сатып алуға болады?

 

1.     ЭКСПО-2017 билеттерді сату бойынша www.tickets.expo2017astana.com ресми сайтында.

2.     Меломан дүкендерінің желісінде.

3.     «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде. Лисаков қаласында Мир көшесі, 39  мекенжайы бойынша Қазпошта бөлімшесінде сатып алуға болады, жұмыс сағаттары – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сенбіде сағат 9-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс – жексенбі.

4.     «Кассир Казахстана» ЖШС ресми билет кассаларында. Лисаковқа жақын орналасқан кассалардың бірі Қостанай қаласында «MART» ССО орналасқан, Әл-Фараби даңғылы, 48, 1-қабат.  

 

Билеттерді сатып алу кезінде кімнің жеңілдікке және шегерімге құқығы бар?

 

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеңілдікті билеттер қарастырылған.

Бұл билеттерді жеңілдікті куәландыратын құжатты және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде ғана Көрменің кіру топтарында орналасқан кассалардан Көрмеге бару күнінде ғана сатып алуға болады. Жеңілдіктер мен шегерімдер туралы толығырақ осында қарауға болады.

Шетелдік азаматтарға жеңілдіктер таратылмайды. Ерекшелікті 6 жасқа дейінгі балалар құрайды. Оларға тегін кіру қарастырылған.

Жеңілдіктер мен шегерімдер мәдени бағдарламаға билеттерге таралмайды.

 

Көліктің қандай түрін таңдауға болады?

 

1.     Лисаков бекеті/Тобыл бекетінен Астанаға дейін бару және керу қайту поездарының кестесімен танысуға, билеттерді онлайн сату сайттарында билеттерді сатып алуға (www.rail-travel.kz, www.tickets.kz, www.aviata.kz, www.epay.railways.kz және басқалары) болады, Тобыл, Лисаков бекеттерінің темір жол кассаларында, сонымен қатар Қазпошта бөлімшесінде (Лисаков қ., Мир к-сі, 39) сатып алуға болады, осында билеттерді брондауға болады.

2.     «Лисаков-Астана» автобусы күн сайын сағат 18-00-де Лисаковсктранссервис автобекетінен кетеді. «Астана-Лисаков» автобусы Астана автовокзалынан күн сайын сағат 18-00-де кетеді. Осы бағыт бойынша, сондай-ақ топтық бару үшін автобустарды жалдау бойынша толығырақ ақпаратты "Лисаковсктранссервис» ЖШС-де алуға болады (Лисаков қ., 6-шағ., 52-үй, тел. 3-92-20, 3-77-66).

3.     Ұшақпен ұшу Қостанай қаласының әуежайынан.

 

«Қазақстан Темір Жолы» жолаушылар үшін қандай жеңілдіктер мен шегерімдер ұсынады?

 

1.     Астана ЭКСПО дисконттық картасы және Кешендік қызмет (т/ж билет + ЭКСПО билеті). Жаңа тиімді қызметтерді алу шартымен осында танысуға болады.

2.     «Жастар», «Құрмет», «Саяхатшы» дисконттық карталары. Толығырақ www.temirzholy.kz сайтында және 8-717-2-600-233 (-249) телефондары бойынша.

 

Көрмеге баруды ұйымдастыру бойынша Лисаков тұрғындарына қандай турфирмалар өздерінің қызметтерін ұсынады?

 

1. SkyWay туроператоры,  Алматы қ., 050040, Байзаков к-сі, 280, «Almaty Towers» солтүстік мұнарасы, 19 қабат, тел. 8 727 222 3370, e-mail: info@skyway.kz.

2. BESTkz туроператоры, Қостанай қ.,  Таран к-сі, 70, тел.: + 7 7142 54 7170, + 7 777 037 5011, e-mail: bestkz.kz@mail.ru.

3. «Асель» туристтік фирмасы Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 7,  8-кеңсе, тел. 87172-280848; Қостанай қ., Амангельды к-сі., 72-142, тел. 87142-543003, e-mail: kost_asel_2005@mail.ru.

4. «Sun Travel Club» ЖШС ЛФ туроператоры,  Лисаков қ., 5-шағ., 6а үй, тел.: 3-66-65, 87752664537 (WatsApp),   www.stc.kz.

5. "Люкс Тур" турагенттігі, Лисаков қ., 3-шағ., 16 үй, тел.: 3-98-26,  e-mail: luxtour-kz@mail.ru.

6. "Вест Тревэл" турагенттігі, Лисаков қ., 2-шағ., 29-үй, тел.: 3-28-49, e-mail: galinawest@inbox.ru.

 

Цирк дю Солей шоуына қалай билет сатып алуға болады?

 

1.     Шоуға билетті www.tickets.expo2017astana.com Көрмеге баруға билеттерді онлайн сату сайтында («Мәдени бағдарлама» мәзіріндегі тарау) немесе ресми билет кассаларында (Қостанай қ., «MART» ССО, Әл-Фараби даңғылы, 48, 1-қабат) сатып алуға болады. Билеттің құны 4000 теңгеден 6000 теңгеге дейін көрме залында орналасқан орынға байланысты.

2.     Шоудың кестесін осында қарауға болады.

 

Астанада тұру үшін қандай орынды таңдауға болады?

 

1.     Астана қаласының қонақ үйлері мен хостелдердің тізімі осында.

2.     Делегациялар мен топтардың тұруы үшін Астана қаласының оқу орындары жатақханаларының тізімі осында.

3.     Делегациялар мен топтарды орналастыру үшін орындарды брондау «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС арқылы мүмкін. Өтінімдерді Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына жолдау керек, тел. 87142-575251.

 

Көрмеге бару кезінде нені білу керек?

 

1.     Көрмеге бару кезінде мінез-құлық ережелері осында.

2.     Ашық күнмен билеттер міндетті түрде белгіленген күнмен билетке айырбастау қажет. Оны жеке кабинетте немесе ЭКСПО-2017 ресми билет кассаларында Көрмеге бару күннің алдында (яғни 23:59) күннің соңына дейін жасауға болады. 

 

Сіздерде біз жауап бермеген сұрақтар бар ма?

 

Жауаптар алу үшін сұрақтарды Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің biz_lsk@mail.ru электрондық мекенжайына жолдаңыз.


Astana EXPO-2017

хат жіберу