Блог статистикасы
195
Жазбалар
3268
Өтініштер
142910
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

БЖЗҚ


Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен

Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толып отыр. 20 қыркүйек күні Қордың барлық филиалдарында осы айтулы датаға арналған халықпен дәстүрлі кездесу  - Ашық есік күні өтеді.Еліміздің зейнетақы жүйесінің жұмысы туралы кеңірек білу үшін біз «БЖЗҚ» АҚ-ның Қостанай облыстық филиалының директоры Козбакова Сауле Бахитовна әңгімеге тарттық.

Сауле Бахитовна, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшелігі неде және бұл жүйеге көшуіміздің себебі қандай?   

Кеңес Одағының кезінде ортақ зейнетақы жүйесі жұмыс істеді. Оның мәнісі – экономикалық белсенді тұрғындардың қарттардың алдындағы жауапкершілігіне құрылған.  Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұл зейнетақы жүйесін бұрынғы кеңестік жүйеге кірген барлық мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да мұраға алды. Бірақ оның бірнеше кемшіліктері болды. Біріншіден, тәуелсіз Қазақстанда туу көрсеткіші азайып, қарттардың саны өсті. Бұл өз кезегінде зейнеткерлер мен жұмыс істейтіндердің пропорционалды ара қатынасын бұзды. Екіншіден, елде жұмыссыздық көбейді. Үшіншіден, жұмыс істейтіндердің табысы мен зейнетақы көлемі арасындағы байланыс әлсіреп кетті. Яғни, табысы бірдей немесе әртүрлі азаматтардың бірдей зейнетақы алуы мүмкін еді. Әрі азаматтардың жеке зейнетақы шоты жоқ болғандықтан, олардың зейнетақы жинақтарын нақты есептеу мүмкін болмады. Бұл азаматтардың өздерінің болашағына керекті зейнетақы жинауға ынталандырмайтын.

Сондықтан, 1998 жылы зейнетақы реформасының басты мақсаты – азаматтардың болашақ зейнетақысына қатысты жауапкершілігіне негізделген әділетті зейнетақы жүйесін қалыптастыру болатын. Жаңа жүйеге негіз ретінде 80-жылдары  әлем бойынша озық болып танылған Чили үлгісі алынды. Қазақстан оның басты қағидаты  - зейнетақы жарналарының міндетті сипатын қабылдады.

2013 жылы барлық жеке қорлар жабылып, жалғыз мемлекеттік қор қалды. Мұның себебі неде? Олар өз жұмысын ақтамады ма?  

Зейнетақы нарығындағы бәсекелестік алғашында жақсы нәтиже бергенімен, уақыт өте жеке қорлардың әлсіз тұстары біліне бастады. Кейде қорлар бәсекелестік жағдайында жаңа салымшылардың орнына бір-бірінің салымшыларын тартып алып отырды. Ол аздай көптеп табыс табу үшін күмәнді құралдарға инвестиция салып, табыс табудың орнына шығынға батқан жағдайлар да болды.

Азаматтардың жинақтарын басқару қауіпсіз әрі тиімді болу үшін 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы құрылды. БЖЗҚ-ға жүктелген негізгі міндеттер – салымшылардың зейнетақы шоттарының есебін дұрыс жүргізу, олардың жай-күйін бақылау, салымшылардың деректемелеріне тиісті өзгерістер енгізіп отыру, ақпараттық –түсіндірмелік жұмыс жүргізу, зейнетақы төлемдерін жасау ретінде көрініс тапты.

 

БЖЗҚ-ның құрылуы қандай өзгерістер әкелді?

БЖЗҚ-ның құрылуы және зейнетақы активтерінің біріктірілуі нарықты өзгерткенімен, зейнетақы   жүйесінің құрылымын өзгерткен жоқ. Қазақстанда көпдеңгейлі жүйе мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жеке шоттардың жүргізілуі, жинақтардың жекеменшігі және олардың мұраға қалдырылуы, зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік сынды негізгі параметрлері бұрынғыша қалды.  Жиынтық зейнетақы да бұрынғыша екі көзден -  мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинағы есебіненқаржыландырылады.

БЖЗҚ-ның құрылуы салымдарды есептеу мен сақтауға кететін операциялық шығындар мен әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.  Тиісінше, комиссиялық шығындар жеке қорлардыкімен салыстырғанда екі есе азайды. Сонымен қатар, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды жою, жаңа электрондық қызметтер енгізу, олардың үлесін арттырудың арқасында комиссиялық сыйақылар тағы да төмендеді.  Тағы бір маңызды жәйт – мүдделес тұлғалармен келісім-шарт жасау мүмкіндігіне тосқауыл қойылды. Салымшылардың бір қордан екінші қорға ауысуы доғарылды. Осылайша жүйенің тағы бір осал тұсы жойылды. Бірыңғай базаның арқасында қате техникалық шоттар барынша азайтылды. Мұның бәрі зейнетақы жүйесін нығайтуға мүмкіндік берді.

 

Жинақтаушызейнетақы жүйесіне толығымен өтуіміз мүмкін бе?

 

Көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі ойдағыдай жұмыс істеп келеді және бұл жүйені таңдауымыздың дұрыс екендігін уақыт дәлелдеп берді. Сондықтан жүйенің диверсификация қағидатын сақтауымыз қажет.

2040 жылдары зейнетке 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар шыға бастайды. Яғни, ортақ компонент толығымен жойылып, оның орнын жинақтаушы жүйе басады. Сондықтан БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына жүйелі түрде зейнетақы жарналарынаударып, жұмыс берушінің өз міндетін адал атқарып жүргенін тексеріп  тұрған  жөн.  Сонымен қатар, ерікті зейнетақы жарналарын барынша көбірек аудару керек.

 

Сонда мемлекет азаматтарды зейнетақымен қамту жұмысына араласпады ма?

 

Көп деңгейлі жүйе мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскердің ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет қазақстандықтарды, азаматтығы жоқ тұлғаларды, елімізде тұратын шетелдіктерді зейнетақымен қамсыздандыру туралы міндеттемесінен бас тартпайды. Керісінше, биылдан бастап базалық зейнетақы жүйесі әлеуметтік әділеттілік қағидатына сай, халықты зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру үшін одан әрі жетілдірілді. Он жылдан кем жарна төлегендерге төменгі өмір сүру шегінің 54 пайызы төленіп, әрбір қосымша жыл үшін 2 пайыз қосылады. Егер азамат 20 жыл жұмыс істесе, төменгі өмір сүру шегінің 74 пайызын, 33 жылдан жоғары – 100 пайыз мөлшерінде базалық зейнетақы белгіленеді.

Әңгімеңізге рахмет! 


«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

ТАҚЫРЫБЫ: «ҚР ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНЕ 20 ЖЫЛ: ТАРИХЫ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ»

 

 «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді 2018 жылдың 20 қыркүйегінде өтетін Ашық есік күніне шақырады. Сіздерді  сағат 10:00 мен 17:00 аралығында «БЖЗҚ» АҚ Қостанай филалының кеңсесінде келесі мекен жайы бойыншаҚостанай қ., Әл-Фараби к., 65 үй, (Бизнес Орталығының) 2-ші қабатында күтеміз.

Шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің тарихы мен дамуы туралы мәлімет беріледі. Сонымен қатар қатысушылар Қор қызметкерлерінен жеке кеңе

с ала алады.

enpf.kz


5 сауал 

1.      Зейнетақы активтерін кім басқарады?

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 35 бабына сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2013 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында зейнетақы активтерін сенімді басқару туралы келісім жасалды. Басқарудың тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін  салатын қаржы құралдарының тізімін белгілеуге байланысты ұсыныстар даярлайтын орган  - ҚР Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес.  БЖЗҚ зейнетақы активтерін сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Осыған сүйене отырып, зейнетақы активтері қатаң қадағалауда және оның сақталуына мемлекет кепілдік береді деп айтуға толық негіз бар.

 

2.      Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қалай инвестицияланады? 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылдың 18 наурызындағы №86 қаулысымен бекітілген бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес қабылдайды. Сонымен бірге, инвестициялық шешімдер, соның ішінде Қордың зейнетақы активтерін орналастыруға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсыныстарына сәйкес қабылданады.  

ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясына сай ұзақ мерзімді перспективада табыстылықтың үйлесімді деңгейін қамтамасыз ету үшін  активтер   теңгемен де, шет елдік валюталармен номиналданған түрлі қаржы құралдарына диверсификацияланады. Сонымен қатар, тәуекелдерді барынша төмендету үшін зейнетақы активтері түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады.  

Қазіргі кезде зейнетақы активтері мемлекеттік, квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың құнды қағаздарына, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланып, екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің депозиттеріне және сенімді шетелдік эмитенттердің құралдарына салынған.  Инвестициялық қызмет туралы ақпарат Қордың www.enpf.kz  ресми сайтында («Қор туралы» - «Инвестициялық қызмет» - «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы») бөлімінде жүйелі түрде жарияланып тұрады.  

 

 

3.      Зейнетақы қаржылары қайда инвестицияланады?

 

«БЖЗҚ» АҚ www.enpf.kz сайтында зейнетақы активтері есебінен жасақталған  инвестициялық портфель құрылымы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде жарияланып, эмитенттің атауын, қағаздардың көлемін, қаржы құралдарының есепті датаға номиналды және ағымдағы бағасы көрсетіледі. 

 

2018 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ-ның ҚР Ұлттық банкінің сенімді басқаруындағы зейнетақы активтері   8, 263 трлн теңге болды.

 

Портфельдің негізгі бөлігін- 45,94% - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қағаздары құрайды.  МҚҚ ағымдағы бағасы 3 796,80 млрд теңге.

Инвестицияланған зейнетақы активтерінің ішінде екінші орында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигациялары тұр, олардың портфельдегі үлесі  -  14,71%, ал ағымдағы бағасы - 1 215,58 млрд теңге.

 Сонымен қатар, инвестициялық портфельде:

- шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздары   (11,71%);

- Қазақстанның квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары   (8,86%);

- банктердің депозиттері: қазақстандық (3,84%) және шетелдік (5,58%);

- тәуекел мен портфельдің табыстылығын қамтамасыз ететін басқа да құралдар.

Қаржы құралдарының   инвестициялық портфеліндегі  валюталардың үлесі: 

·         Ұлттық валюта – 68,63%

·         АҚШ доллары – 31,16%

·         Ресей рублі – 0,41%

·         Басқа валюталар – 0,10%

 

Инвестициялық қызметтің бағыттарына, шетел валюталары курстарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтағы бағасына байланысты   есептелген инвестициялық табыстың көлемі 2018 жылдың басынан   251,41 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың басынан БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына аударылған зейнетақы активтерінің табыстылығы   2,98%-ды құрады.

4.      Мен ресми жұмыс істемеуіме байланысты зейнетақы жарналарын төлемеген  уақыт болды.  Маған бұл кезеңге инвестициялық табыс аударылмайды ма? 

Инвестициялық табыс әрдайым аударылып тұрады. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында жинақтар толықтай таусылғанша, салымшы зейнетке шығып, зейнетақы ала бастағанның өзінде, оның Қорда сақтаулы тұрған жинақтарына одан әрі аударыла береді. 

Жинақтардың жай-күйі туралы және инвестициялық табыс туралы ақпаратты жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзінді-көшірмесінен алуға болады. Ол ақысыз беріледі, ал хабарландыру тәсілін салымшы (алушы) өз бетінше таңдайды. Үзінді-көшірме алудың келесі тәсілдері бар: 

¾      Пошта байланысының көмегімен – жылына бір рет; 

¾      Электрондық пошта арқылы  – таңдалған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын);   

¾      БЖЗҚ кеңсесіне өзі бару арқылы  – шектеусіз;

¾      Интернет-хабарландыру (смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы онлаин-режимде) – шектеусіз;   

¾      enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы немесе egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы («Әлеуметтік қамсыздандыру»  айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» - (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі (инвестициялық табыстарды есептегенде) бөлімінде) порталда тіркеліп, қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда. 

5.      Инвестициялық табысқа салық салына ма? 

ЖЗШ-дан Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында қарастырылған жағдайлар туындауына байланысты жасалатын төлемдерге, соның ішінде есептелген инвестициялық табысқа,  Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады. 

 Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (ҚР Салық Кодексі) зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық ұсталатын табысқа жатады.

 ҚР Салық Кодексінің 170 бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемі ретіндегі табыс түрлеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салық төлеушілердің келесі зейнетақы жарналары есебінен жасалатын төлемдері жатады: міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары. 

 Алайда, зейнетақы жасына келген, Қазақстан азаматтары болып табылатын салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасынан тыс аумақтарға тұрғылықты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін алғанда салық төленетін табыс көлемін азайтатын салық шегерілімдеріне қақысы бар.  Басқаша айтқанда, табыс салығы төлемнің барлығына емес, оның бір бөлігіне ғана салынады. Салықтың түпкі мөлшерін есептеу үшін «бір жылдық зейнетақы төлемінен» «бекітілген салық шегерілімі» сомасын алып тастау керек. 

Сонымен қатар кейбір азаматтар ҚР Салық кодексінің 1 бабының 13) және 13-2) тармақтарына сай табысын ең төменгі айлық жалақысының 75 еселенген шегінде түзетуіне болады.


БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті          

БЖЗҚ-ның Қостанай облыстық филиалында бүгін келушілер саны соңғы үш ай ішінде рекордтық көрсеткішке жетті.  Қор ұйымдастырған «Ашық есік күніне» 215 салымшылар, алушылар мен зейнетақы саласы туралы кеңірек білгісі келген басқа да азаматтар қатысты. Мұндай шара былтырғы жылдың басынан бастап әрбір тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Бұл күні барлық қазақстандықтар БЖЗҚ филиалдарына келіп, республикамыздың зейнетақы жүйесіне қатысты  сауалдарына жауап ала алады.  Қор жетекшілігі жұртшылықтың бұл шараға деген қызығушылын ескере отырып,   Ашық есік күнін дәстүрлі шараға айналдыруды шешті.  Бір жарым жыл ішінде Ашық есік күніне 20 мыңнан астам адам қатысты. Бұл жолы қор қызметкерлері шараға қатысушыларды зейнетақы жарналарының түрлерімен және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы   ақпарат алу әдістерімен  таныстырды.  

          Қазіргі таңда Қазақстанда зейнетақы жарналарының 3 түрі бар.  Міндетті зейнетақы жарналары азаматтардың,  міндетті кәсіби зейнетақы жарналары  жұмыс берушілер тарапынан зиянды жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлердің есебіне аударылса, үшінші- ерікті зейнетақы түрлері өзінің зейнет  жасын жоспарлап, қарттық шақтағы қажеттіліктеріне қаражат жинауға  ниетті азаматтарға арналған.   

        Салымшыларға өздерінің жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы біліп отыру да маңызды.  Бүгінде бұл туралы білу үшін Қор кеңсесіне бару немесе дәстүрлі пошта байланысымен пайдалану міндетті емес. БЖЗҚ-да   көптеген қызмет түрлерін  электрондық сервистер арқылы  алуға болады. Бұл бағытта жасалған алғашқы қадам электрондық пошта болса,  қазір БЖЗҚ салымшылары мен алушылары   www.enpf.kz  сайты жеке кабинет ашуына болады немесе «e-mail-ге ЖЗШ-дан үзінді –көшірме алу» қызметімен; Android, iOS (iPhone, iPad) и Windows Phone операциялық жүйелеріне арналған ENPF мобильді қосымшасымен пайдалана алады. Ал «Цифрлы Қазақстан» ұлттық бағдарламасы электрондық қызмет мүмкіндіктерін кеңейте түсті. EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы да Қор қызметтерін қолдануға болады. 

        Ашық есік күні туралы пікірімен шараға зейнетақы шотының жай-күйін білгісі келген әжесін әкелген Азамат есімді жігіт бөлісті. «Зейнетақы қорының жұмысын мен ескіше түсінетінмін. Ал бүгін мұнда заманауи технологиялар жан-жақты  енгізілгенін көріп, таңданып қалдым. Енді әжеме оларды қолдануға көмектесемін. Үйде шәй ішіп отырып-ақ қызмет алатын болады». 

          Тағы бір қатысушы Қайрат жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қызмет етеді екен. «Мен зейнетақы шотым туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы алып отырамын. Соңғы үзінді-көшірме келгенде, жұмыс беруші жарнамды уақытылы аудармағанын, бірақ бұны бізден жасырғанын түсіндім. Бүкіл мекемедегі жағадй осындай болып шықты.  Біздің талабымыздан кейін жарна аударылды. Енді мен қор сайтында жеке кабинет ашып, жағдайды әрдайым қадағалап отырмақпын. Басқаларға да осындай кеңес берем. Интернет арқылы қызмет алудың еш қиындығы жоқ, әрі ыңғайлы». 

            2017 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ  операцияларының 52 пайызы электрондық әдіспен көрсетілген. Қордың корпоративтік стратегиясына сай, 2021 жылы бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу көзделген.  

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда   құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                            

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі

БАҚ үшін байланыс: press@enpf.kz

8(727)312 60 38 ішкі 5220



Қазақстандықтардың жартысынан астамы зейнетақы жүйесіне сенеді

2017 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қоғамдық Пікірлерді Зерттеу Орталығы» ЖШС бірлесе отырып, әлеуметтік зерттеу жүргізді. Соның нәтижесі бойынша қазақстандықтардың зейнетақы Қорына және отандық зейнетақы жүйесіне қаншалықты сенетіндігі, сондай-ақ тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауатылығының деңгейі анықталды. 

Сауалнама нәтижесі бойынша мынадай мәліметтерге қол жеткізілді: Қазақстан халқының отандық зейнетақы жүйесіне деген сенім индексі ықтимал 10 баллдың ішінде 5,9 баллды құраса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенім индексі ықтимал 10 баллдың ішінде 5,7 баллды құрады. Тұрғындардың 58,2 пайызы ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы базалық білімге ие болса, 24,7 пайызының бұл салаға қатысты сауаттылығы жоғары. Бұл ретте тұрғындардың көпшілігі (61%) зейнет жасында қаржылық дәулеттілік негізі -  зейнетақы жинақтары болатындығын құптайды, қазақстандықтардың жартысы(50,4%) болашақзейнетақының қандай болатындығына өздеріжауаптыболатындығынтүсінеді, ал 85 пайызықолданыстағызейнетақыжарналарыныңбірітуралыхабардар.

Әлеуметтік-демографиялық сипаттама тұрғысынан жасалған талдау – 18-29 және 60-65 жастағы азаматтар арасында, сондай-ақ ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер және үкіметтік емес сектор жұмыскерлері арасында сенім деңгейінің жоғары екендігін көрсетті.Сенім деңгейі Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Павлодар облысы, сондай-ақ, Алматы қаласы тұрғындарының арасында жоғары. Гендерлік тұрғыда айырмашылық жоқ.

Алынған нәтижелер зейнетақы Қорына деген сенімді одан әрі нығайту және Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы хабардарлығын (сауаттылығын) арттыруға негіз болады. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



БЖЗҚ-ның өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты белсенді жұмысы

 

Биыл ақпан айынан бастап БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты жұмыстарды күшейтті. Осылайша, Қорда зейнетақы жарналары түспейтін шоттарды өңдеу туралы бастама көтерілді. Сөйтіп, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар, бірақ 2017 жылы еш жарна түспеген шоттар анықталды.

2018 жылдың алғашқы жартысында 325 мыңдай салымшыны қамту жоспарланған болатын. 2018 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында 71 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатылды. Телефон арқылы хабарласу нәтижесінде сол салымшылардың 25 пайызы (ал бұл – 8 953 адам) қосымша ақыл-кеңес алу үшін Қорға хабарласты. Сондай-ақ, 9 789 жеке зейнетақы шотына жарна түсті. Ал бұл, байланыс орнатылған салымшылардың 14 пайызын құрайды. 

Сауалнама жүргізу нәтижесінде байланыс орнатылған салымшылардың 68 пайызының жұмыссыз екендігі, ал 15 пайызының өзін-өзі жұмыспен қамтушылар екендігі анықталды. Оларға қолданыстағы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік әлеуметтік бағдарламалары бойынша ақыл-кеңес берілді. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту үшін осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



БЖЗҚ қашықтықтан ақпарат және кеңес береді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акционері мен директорлар кеңесі Қор қызметінің барынша ашық болуына, Қордың салымшылары және зейнетақы төлемдерін алушыларымен тиімді коммуникациялық байланыс орнатуға айрықша мән береді. Қор өз кезегінде бұл үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды.  Ай сайын брифингтер, үш ай сайын баспасөз мәслихаттары өткізілді. Жазғы қаржы журналистикасы мектебі ұйымдастырылды.2017 жылы Қор бастамасы бойынша республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 15 мыңдай материал жарық көрді. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 3 есе және оған дейінгі үш жыл ішіндегі көрсеткіштерден 2,3 есе артық. Сондай-ақ, БЖЗҚ филиалдық желісінің қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18 мыңнан астам көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізді. Оларға 557 мыңнан астам адам қатысты. Осылайша, жарты миллионнан астам қазақстандық осындай кездесулер барысында өздерін мазалған сұрақтарға жауап алды. 

Астана мен Алматы қалаларының және барлық облыс әкімдіктерімен ынтымақтастық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу туралы Меморандумдарға қол қойылды. Ал бұл, Қорға ел өңірлерінде жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Бекітілген кестеге сәйкес жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге аудан орталықтарында журналистердің қатысуымен 283 кең көлемді таныстырылымдық шара өткізіліп, оларға 27,4 мың адам қатысты. Бұл ретте аудандарда, ауылдық округтарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше мән берілді. 

Айта кетелік, 2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсілі таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 млн бірлікке немесе 66 пайызға артты. Сөйтіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 4,7 млн бірлікті құрады. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн адам  ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие болды. Бір жыл ішінде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 2,4 есеге артып, 1,2 млн бірлікті құрады.

2018 жылдың алғашқы тоқсанында электрондық хабарлау тәсілін пайдаланушылардың саны 294,7 мың адамға артты. 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай 5 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдады. Оның ішінде 823 мыңнан астам адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 миллионнан астам адам бұл үшін Қор сайтын немесе ұялы қосымшасын пайдаланады.   

Сондай-ақ, БЖЗҚ қашықтықтан байланыс жасау арналарын белсенді түрде дамытып жатыр. Байланыс орталығы, Қор сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн чат» нысаны арқылы, қағаз жүзінде, «Пікірлер мен ұсыныстар кітабы» және әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бірде-бір сұрақ жауапсыз қалған емес.

\Әрбір өтініштің, әрбір операцияның артында Қор қызметкерлерінің қажырлы еңбегі, нақты бизнес-үдерістер тұр. 2017 жылы бизнес-үдерістер тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін күшейту тұрғысында қайта қаралды. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

 «Ашық есік күніне шақырады 

    

 «БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 20 маусымында  10:00-ден 17:00-ге дейін Қостанай қ., Әл-Фараби, 65 үй, (Бизнес Орталығы) 2-ші қабат мекен-жайы бойынша өтетін «Ашық есік күніне» шақырады.

Тақырыбы: «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері».

           Шараға қатысушыларға келесі зейнетақы жинақтарының түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріледі: 

-         міндетті зейнетақы жинақтары;

-         міндетті кәсіби зейнетақы жинақтары;

-         ерікті зейнетақы жинақтары туралы.

       Бұған қоса, жеке зейнетақы шотыңыздың (ЖЗШ) жай-күйі туралы мәлімет алу әдістері туралы біле аласыздар: 

-         пошта арқылы;

-         электрондық пошта арқылы;

-         www.enpf.kz сайтында «Жеке кабинет» ашу арқылы;

-         «e-mail–ге ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу» электрондық сервисі арқылы;

-         ENPF мобильді қосымшасы арқылы;

-         EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы.

Сонымен қатар, біздің мамандарымыз зейнетақымен қамтамасыз ету саласына қатысты сауалдарыңыз бойынша жеке кеңес беруге дайын


БЖЗҚ табыстылығы инфляцияны басып озды

2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларыныңжекезейнетақышоттарынаесептелген таза инвестициялықтабыссомасы 550,6 млрд теңгеболды. Бұл ретте Қордыңзейнетақыактивтерініңтабыстылығы 7,92 пайыздықұрады. Ал бұлкезеңде инфляция деңгейі 7,1 пайызболғаны белгілі.

Табыстылық деңгейі зейнетақыактивтерінбіріктірукезеңінен (2014 ж.) бастап, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта орта есеппен инфляция деңгейіненжоғары болды. Бұл кезеңде зейнетақыактивтерініңтабыстылығы 43,24 пайызды, ал инфляция деңгейі 41,76 пайыздықұрады. Жылдарға бөліп қарайтын болсақ, табыстылық пен инфляция деңгейін былайша салыстыруға болады:

Жыл

Табыстылық деңгейі

Инфляция

2014

6,31%

7,40%

2015

15,65%

13,6%

2016

7,95%

8,5%

2017

7,92%

7,1%

Қосымша айта кетелік, бизнес-үдерістердіоңтайландыру, тиімсізшығындардықысқарту, жаңаэлектрондыққызметтердіенгізужәнеолардыңүлесінарттырубойыншажүргізілгенжұмыстарҚорғазейнетақыактивтеріненалынатын комиссиялықсыйақының шамасын 2018 жылға айына 0,0225 пайыздан 0,015 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 

Осылайша, 2018 жылы зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасы 33 пайызға азайтылады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі

Зейнетақы активтерінің валюталық портфеліне қатысты жаңа стратегиялық үлестірім аясында зейнетақыактивтерідамушыжәнедамығанелдердіңоблигациялары мен акцияларыныңғаламдықиндексінеинвестицияланатын болады. Бұл жерде индекс - тәуекел мен табыстылықтың белгілі бір шамаларына жауап бере алатын қаржы құралдарының жиынтығы. Оларды инвесторлар эталонды портфельдер ретінде қолданады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дербес басқару аясында арнайы механизм әзірледі. Ол макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде инвестициялық жағынантар тымды елдерді таңдауға мүмкіндік береді. Ал бұлелдер JPMorgan және MerrillLynch компанялары әзірлеген және қадағалайтын, дамушы елдер облигацияларының ғаламдық индексінеенген.

2017 жылызейнетақыактивтерінинвестициялаумақсатындажүргізілгенталдаунәтижесіндетұрақтымакроэкономикалықкөрсеткіштергежәнекредиттікрейтингтергеие 11 дамушы ел таңдапалынды. ОларОңтүстік-Шығыс Азия, ЛатынАмерикасыжәнеШығысЕуропааймақтарындағымемлекеттер.

2017 жылдыңқарашасындаҰлттық Банк зейнетақыактивтерін Бразилия, Мексика, Чили, Перу, Польша, Индонезия жәнебасқа да дамушыелдерҮкіметінің АҚШ долларынданоминирленгенмемлекеттікбағалықағаздарынакезең-кезеңменинвестициялау шараларын қолға алды.

2018 жылдың 1 сәуіріне қарай зейнетақы активтерінің 73,29 пайыздан астамы рейтингі «ААА» -дан «BBB-»-ға дейін болатын, тәуекелі ең төмен қаржы құралдарына, ал 15,58 пайызы ұстамды дәрежедегі тәуекелі бар (рейтингі «ВВ+» -тен «В-») қаржы құралдарына орналастырылды. Бұл ретте 849 млрд теңгенің қаржы құралдары (инвестициялық портфельдің 10,08 пайызы) рейтингтік бағаға ие емес. Соған қарамастан олардың эмитенттері алдыңғы қатарлы халықаралық агенттіктер тарапынан барабар кредиттік рейтингтерге ие немесе инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады және олар бойынша қаржыны қайтару жөнінде мемлекеттік кепілдік бар.    

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



БЖЗҚ қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді

2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау. Аудитті алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргізді.

Аудит барысында TÜV Thüringen e.V. сарапшылары БЖЗҚ-ның Сапа менеджменті жүйесі толық көлемде нәтижелі екендігін, Қорда оны лайықты деңгейде қолдауға және одан әрі дамытуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, қорытынды есептемеде TÜV Thüringen e.V. аудиторлары БЖЗҚ-ның ISO 9001 негізінде Сапа Менеджменті Жүйесін енгізуге және оны тұрақты қолдауға, Қордың инфрақұрылымын жақсартуға және IT-технологияларды кеңінен пайдалануға ұмтылып жатқандығын көрсетті. Бұл ретте IT-технологиялар ішкі бизнес-үдерістерді, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігін айқындау үшін де қолданылады.                

Одан басқа, БЖЗҚ-ға әр түрлі байланыс арналары арқылы келіп түсетін өтініштерді талдауда заманауи бағалау әдістемелері қолданылатындығын айта кеткен жөн. Тәуелсіз аудиторлар бұл механизмді жоғары бағалады. Мысалы, 2017 жылы қашықтықтан байланыс жасау арналары - байланыс орталығы, Қор сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн чат» нысаны арқылы, қағаз жүзінде, «Пікірлер мен ұсыныстар кітабы» және әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оларға 1-3 күн ішінде жауаптар қайтарылды.

Аудит нәтижесі бойынша ISO 9001:2015 стандартының талаптарына қатысты бірде-бір сәйкессіздік, ауытқушылық анықталған жоқ. Соның арқасында «БЖЗҚ» АҚ TÜV Thüringen e.V. компаниясынан халықаралық сертификат алды. 

«Сертификат алғанға дейін Қорда сапа менеджменті жүйесін қалыптастыру және енгізу бойынша қыруар жұмыстар атқарылды.   

Халықаралық стандарттарға сәйкестігімізді растау – біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдіреді. Салымшылар мен алушыларға лайықты дәрежеде қызмет көрсете отырып, олардың ризашылығына ие болу біз үшін өте маңызды. Қол жеткізілген нәтижелер – бұл көрсетілетін қызметтерді дамыту және олардың сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бір көрінісі. Қолданыстағы Сапа менеджменті жүйесі бизнес-үдерістердің тиімділігін және Қордың ашықтығын арттырады», - деді өз сөзінде «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.  

TÜV Thüringen e.V. – сапа және қауіпсіздік саласында сертификация бойынша халықаралық орган. TÜV Thüringen-нің тарихы 100 жылдан асады. Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдары бұл ұйымның қызметі мемлекеттік техникалық қадағалау  қызметі ретінде жалғастырды. Тоқсаныншы жылдары TÜV Thüringen сертификаттау бойынша халықараолық орган мәртебесін алды. Сөйтіп, әлемдік аудит нарығында едәуір абыройлы қатысушыларының біріне айналды.  

Бүгінде автокөлік жасау кәсіпорны - TÜV Thüringen халықаралық компаниясының маңызды мамаманданған маңызды салаларының бірі. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы 

Алматы, Қазақстан -Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық 18 өңірлік филиалында «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» жобасының өнеркәсіптік пайдалануға берілгендігін хабарлайды. Бұл жоба «БЖЗҚ» АҚ-тың Корпоративтік даму стратегиясы аясында жүзеге асырылды. Осы стратегияға сәйкес, Қор өзінің көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.  

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішінде жаңа үлгідегі жүйелік блок орналасқан. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Одан басқа, үздіксіз қуат көзінің (UPS) арқасында терминал электр қуаты сөндірілсе де өз қызметін жалғастыра береді.

Осылайша, салымшылар мен алушылар өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Қазір терминалда мынадай қызметтер қолжетімді:

1.       Зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу;

2.       Жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу;

3.       Міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтініш беру;

4.       Жеке деректемелерді өзгерту;

5.       Берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау.

 

Бұл қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшін салымшыны (алушыны) анықтап танудың екі әдісі қолданылады. Олар:

1.     ЖСН және құпия сөз (пароль);

2.     Жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегі арқылы.

 

«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. Таяу уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес беру қызметі пайда болады.

«БЖЗҚ» АҚ-тың басты міндеттерінің бірі – ақпараттық-кеңес беру қызметін Қор мамандарының тікелей көмегінсіз алуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


Мобильдік кеңсе 

Алматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ өзінің 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында салымшыларға көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, оларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.

Қордың басты міндеттерінің бірі – зейнетақы қызметтеріналуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.

Осылайша, 2018 жылдың екінші жартысында «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылады. Ондағы мақсат - шалғайда орналасқан елді мекендерде, сондай-ақ Қордың бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Айта кетелік, Қор қазірдің өзінде тұрғындарға көшпелі қызмет көрсетіп жатыр. Егер салымшы (алушы) қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері келеді. 2017 жылы 7 094 көшпелі шара өткізіліп, 189,5 мыңнан астам операция жүзеге асырылды. 2018 жылдың қаңтар және ақпан айларында мобильдік топтар 1 285 рет сапарға шығып, 30 мыңнан астам операцияны жүзеге асырды.

Егер қазір мобильдік агенттер салымшыларға портативтік компьютер және  тиісті құжаттар бумасын алып баратын болса, «Мобильдік кеңсе» барлық қажетті техникалармен және жерсеріктік байланыспен жабдықталады.

Бұл ретте жүріп-тұру үшін ГАЗельNEXT базасында жасалған, жерсеріктік жабдықтары бар,заманауи жоғары технологиялық шағын автобус пайдаланылады. Оның жұмыс бөлігі операторларға арналған автоматтандырылған екі жұмыс орнымен және азаматтарға арналған екі орынмен жарақтандырылған. Қосымша ретінде кезек күтушілер үшін үш кісілік орындық қарастырылған.Бұл шағын автобус барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы болады.

Осы қанатқақты жоба аясында Қазақстанның үш өңірі – Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынды. Мысалы, Қостанай өңірінде облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елді мекендер көп.

Алматы облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен елді мекендерінің көптігімен және халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленеді. Ал Атырауда бұл қанатқақты жоба жергілікті тұрғындардың көпшілігінің мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс істейтіндігіне байланысты іске қосылды. Бұл компаниялар әдетте елді мекендерден жырақта орналасқан.

«Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады. 

Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан шағын ауылдардың тұрғындарына әрі қарай көшпелі қызмет көрсету туралы нақты шешім қабылдайды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


Зейнетақының сақталуына мемлекет кепіл

Зейнетақы жинақтарының сақталуы – әрбір қазақстандықты толғандыратын келелі мәселелердің бірі. Бүгінгі салымшылардың басым бөлігі ондаған жылдардан кейін зейнетке шығатынын ескерсек, жұртшылықтың алаңдаушылығын түсіну қиын емес. Қарттық шағына қаржы жинауға асықпайтын кей отандастырмыз да өз бейқамдығын ақтау үшін «Зейнетақымыздың сақталатынына кім кепіл?» деген  сылтау айтады. Шын мәнісінде Қазақстан азаматтардың зейнетақы жинақтарының зейнетке шығу сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып   сақталуына кепілдік беретін бірден –бір елдердің санатында екенінен халықтың көпшілігі бейхабар . 

Міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейтін Жапония, Чехия, Словакия сынды елдермен салыстырмалы түрде алатын болсақ, оларда зейнетақы жинақтарына инвестициялық табыс мүлде қарастырылмаған. Бұл елдердегі басқарушы қорлар жарналардың номиналды, яғни нақты жиналған сомасының сақталуына ғана кепілдік береді. Бұл дегеніңіз инфляция есепке алынбайды, инвестициялық табыс нольге тең деген сөз. Басқаша айтқанда, адам қорға қанша жарна аударса, ақырында қолына сонша қаржы тиеді.

Словенияда басқарушылардың шекті табысы мемлекеттік облигациялардың орташа табыстылығының 40 пайызынан кем болмауы заң жүзінде бекітілген. Чилиде басқарушы қорлардың табыстылығы әркелкі, бірақ алдыңғы 36 айдағы шынайы табыстылықтың орташа көрсеткішінің 2 пайызынан кем болмауы тиіс. Германияда зейнетақы қорлары зейнетке шыққан күнге 2,25 пайыз табыстылыққа кепілдік береді.  Венгрияда зейнетақы қорларының инвестиция табыстылығы мемлекеттік облигациялар табыстылығының 15 пайызынан кем болмауы кепілдендірілген. Ал Австрия, Швеция, Эстония, Израиль, Мексика және  Норвегия  сынды елдерде зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік мүлде қарастырылмаған.

Өзге елдердегі жағдайды қысқаша шолып шықтық. Ал   біздің елімізде зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді? Зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесін Қазақстан осыдан 15 жыл бұрын қолға алды. Сол шақта салымшылардың нақты аударылған зейнетақы жарналарының зейнетке шыққан сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына  мемлекет кепіл болатыны  құқықтық тұрғыда негізделді. Заң тілімен айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңында «Мемлекет салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының (МКЗЖ) нақты салынған мөлшерінің зейнетақы алу құқығы туындаған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, сақталуын қамтамасыз етеді».

    

2013 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылуы да бірінші кезекте салымшылардың мүддесін қорғауға бағытталған болатын. Бұған дейін жұмыс істеген жеке зейнетақы қорларының  бірқатары  активтерді тиімсіз басқарғандықтан, салымшылардың есепшоттарындағы табыс көрсеткіші нольден төмен түсіп кеткен. Жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың мүддесінен олардың қожайындарының мүдделерін жоғары қойды. 

Қазір салымшылардың жинақтары біріңғай оператордың жауапкершілігінде. БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және бірегей акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қордың мемлекеттік акциялар пакеті Ұлттық Банктің сенімді басқаруына берілген. Зейнетақы активтерін    Ұлттық Банк Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп басқарады.   Салымшылардың зейнетақы жарналары диверсификациялау негізінде тәуекел мен табыс арақатынасын сақтай отырып, түрлі қаржы құралдарына салынады.  Зейнетақы активтерінің 40 пайыздан астамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына, қалғаны – инвестициялық декларацияға сәйкес ел ішіндегі, шет елдердері квазимемлекеттік компаниялардың, екінші деңгейдегі банктердің құнды қағаздарына, корпоративтік облигацияларға, басқа да қаржы құралдарына салынады.   

 

Нарық заңдылығына сәйкес, инвестициялаудан түскен табыс инфляция деңгейінен жоғары болуы да, төмен болуы да мүмкін.  Осыған орай жарна мен инфляция деңгейін есептегендегі табыстың жиынтығынан тұратын шынайы зейнетақы жинақтары мен салынған зейнетақы жарналарының арасында айырмашылық туындайды. Егер инвестициялық табыс инфляциядан төмен болса,   айырма сомасы азамат зейнетке шыққан шақта төленеді. 

Мемлекеттің кепілдігін алу құқына зейнеткерлер зейнет жасына толған сәтте ие болады. Сонымен қатар, мұндай кепілдік І и ІІ топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген азаматтарға, Қазақстаннан тысқары елдерге тұрғылықты өмір сүруге кеткендерге, міндетті кәсіби зейнетақы жинақтарын аударып тұрған шет елдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға елден біржола кеткен шақта беріледі. Мемлекеттік кепілдікке құқы бар азамат қайтыс болса, оған тиесілі өтемақы мұрагерлерінің еншісіне өтеді.  

Мемлекет кепілдігін алу үшін   «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есептеу орталығына тұрғылықты мекен-жайы бойынша  арыз жазу керек. Әрбір алушыға тиесілі сома  арнайы жасалған әдістеме бойынша жеке есептеліп,   оның банк шотына аударылады.

 Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Оның мөлшері азаматтың зейнетақы төлемдерін алу құқы туындаған сәтке инфляция деңгейін ескере отырып нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының арасындағы айырманы құрайды.

Егер инвестициялық табыс көлемі инфляцияның рұқсат етілген деңгейінен артық болса, онда салымшыға мемлекеттік кепілдік төленбейді. Қалған жағдайларда салымшылар өздеріне тиесілі өтемақыны алады. Осылайша, Қазақстанда қазіргі күні азаматтардың зейнетақы жинақтарын сақтаудың барлық мүмкіндіктері қарастырылған. Тек 2017 жылы   мемлекеттік кепілдік ретінде 12,7 млрд теңге төленді. Мұндай кепілдік тіпті өте дамыған елдерде  жоқ екенін ескере отырып, көптеген сарапшылар Қазақстанның зейнетақы жүйесін әлемдегі озық  үлгілердің санатына қосып отыр.

Өздерінің Зейнетақымен қамту саласындағы құқықтары, мүмкіндіктері, зейнетақы жинақтарының көлемі, шоттарының жай-күйі туралы білгісі келетін азаматтар үшін  БЖЗҚ әрбір тоқсан сайын   Ашық есік күндерін өткізіп тұрады. Сонымен қатар, Қордың сайты, әлеуметтік желілердегі аккаунттары, байланыс орталығы арқылы да кеңес алуға болады. Жұртшылыққа зейнетақы жүйесінің жұмысын кеңірек түсіндіру үшін  Қор мамандары кәсіпорындар мен мекемелерде көшпелі таныстырылымдар   өткізіп тұрады. Бұл шаралар Қор жұмысының сапасын көтеруге, ашықтығын қамтамасыз етуге, осы арқылы қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған.

 


2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

 

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,88 трлн теңгені құрады.Сөйтіп, жыл басынан бері 101,3 млн теңгеге артты. Яғни, өсім 1,3 пайызды құрады.

2018 жылдың 1 наурызына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,61 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 447 мың бірлікті құрады. 

Ағымдағы жылдың екі айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 134,5 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,83 млрд теңгеге артық.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 29,4 млрд теңге болды. Сөйтіп, 2018 жылдың өткен айымен салыстырғанда 19,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 66 пайызды құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың ақпаны аралығында 8,3 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,5 пайыз болды.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 62,75 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,58млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 61,54 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,98 млрд теңгені құраған.  

Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2018 жылдың 1 наурызына қарай зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде хабарлаудың электрондық тәсілін таңдағандардың саны 5 млн адамға жетті. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

2018 жылдың 1 наурызына қарай ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 1,4 млн бірлікті құрады, яғни жыл басынан бері 14 пайызға өсті. 

«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр.БЖЗҚ 2017 жылы Қор қызметтерін оның кеңселеріне келмей-ақ  қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық сервистерін іске қосты.Осылайша, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Қор сайтының жеке кабинеті арқылы жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш жолдауға, олардың орындалу мәртебесін қадағалауға, сондай-ақ салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер енгізуге және хабарлау тәсілін өзгертуге болады.

2018 жылдың наурыз айында салымшылар мен алушылар Қордың барлық 18 өңірлік филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде терминал арқылы мынадай қызметтер қолжетімді: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу; жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу; міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтініш беру; жеке деректемелерді өзгерту; берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау.Бұл қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшін салымшыны (алушыны) анықтап танудың екі әдісі қолданылады. Олар: ЖСН және құпия сөз (пароль) немесе жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегі арқылы алу.Одан басқа, таяу уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында Қор операторынан бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алу қызметі іске қосылады.

Салымшылар мен алушылар БЖЗҚ-ға өздері келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа өздерін қызықтырған барлық мәселелер бойынша кеңес ала алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



1.     Мен екі айдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Биыл зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы естідім. Осы туралы толығырақ білгім келеді. Мен зейнетақыны қалай аламын?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастапБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр.

Бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушы алғаш рет өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сомаалушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшері: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.

БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттер кестесі тұрақты шама және ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері алушының жасына, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады. Алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан шыққан сома – айлық зейнетақы болып табылады.  

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің ай сайын алатын зейнетақы төлемдеріңіз былайша есептеледі: алушының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы оның тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіледі (мысалы 63 жаста ол - 0,10467 санын құрайды).Шыққан сома 12-ге бөлінеді. Одан алынған сома Сіздің тиісті күнтізбелік жылдағы айлық зейнетақыңыз болып табылады. 

Еске сала кетелік, БЖЗҚ-ның www.enpf.kzресми сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Сол арқылы болашақта алатын ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің шамасын болжамды түрде есептеп шығаруға болады.

2.       Мен зейнеткерлікке шыққан кезде қандай да бір өтемақы берілетіндігін естідім. Шындығында солай ма?

Бұл жерде әңгіме мемлекеттік кепілдік бойынша республикалық бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы жайында болып отыр. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепілдік береді.

БЖЗҚ-дағызейнетақы жинақтарының сомасыинфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда -

айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттіккорпорация бір жұмыс күні ішіндеайырма төлемі сомасын есептейді.

Айырма төлемін алуға зейнеткерлік жасқа толған азаматтар да құқылы.   

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.

3.       2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-дан ай сайын төленеді. Бұл барлық зейнеткерлерге қатысты ма әлде тек 2018 жылдан бастап шығатын азаматтарға ғана қатысты ма? Мен зейнеткерлікке 2017 жылы 23 шілдеде шықтым және бір жылдық төлемді алдым. Енді зейнетақыны биыл қалай аламын?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. Зейнетақы заңнамасына енгізілген бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген. Бұл өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдан бастап алатын азаматтарға ғана тиесілі.  

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркеген зейнеткерлер үшін төлем кестесі өзгеріссіз қалады. Олар үшін зейнетақы төлемдерін алу кезеңділігі (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) және 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесі сақталады.  

Бірақ егер қаласаңыз ай сайынғы төлем кестесіне ауыса аласыз. 

Зейнетақы төлемдерін ай сайын төлеу халықаралық стандартқа сәйкес келеді.

Зейнетақы төлемдері бір жолғы төлем ретінде ала салып, жұмсай салатын ақша емес. Ол зейнеткерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған.    

Төлем кестесін өзгерту үшін Сіз БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне жүгіне аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайларын www.enpf.kz. сайтынан көруге болады.

 

 

 

 

 

4.       Енгізілген өзгерістердің ерікті зейнетақы жарналарына қатысы бар ма? Ерікті жинақтарды қандай жағдайда алуға болады?

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру тәртібіне қатысты заңнамалық өзгерістер МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына ғана тиесілі.     

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дазейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар.       Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес құжаттар пакеті ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. 

БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай, қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініштер бланкасы, төлем валютасының түріне қарай оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері БЖЗҚ-ның  www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.   


5.       Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақысыз түрде зейнетақы жинақтарының көлемі, жай-күйі туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады.   

Нақты айтар болсақ салымшы: 

- зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (Қордың 218 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);

- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жолданады);

 - электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет) жолданады);

- және логин мен құпия сөзді(пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Жеке кабинет» бөлімі, www.e-gov.kzсайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі, сондай-ақ «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ала алады.

Салымшы осы тәсілдердің ішінен өзіне ыңғайлысын таңдайды. Бірақ, олардың ішінде зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты интернет байланысы арқылы алу өте қолайлы. Ол салымшылар мен алушылардың арасында кеңінен танымал болып жатыр.Өйткені ол ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде біліп отыруға мүмкіндік береді.

Егер бұған дейін зейнетақы шотыңыз туралы ақпаратты конвертпен алып келген болсаңыз, басқа тәсілді, оның ішінде интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қордың жергілікті бөлімшесіне бір рет барып өтініш берсеңіз болғаны. Сол жерде ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын да жүктеп аласыз. Әрине ұялы телефон Wi-Fi интернет желісіне жалғанған болуы тиіс.

Үзінді-көшірменікез келген кезең бойынша (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдауғаболады.

Бүгінде логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізуге рұқсат етілген.Электрондық цифрлық қолтаңба Халыққа қызмет көрсету орталығынан беріледі.

Ұялы қосымшада анықтамалық ақпараттар, яғни, филиалдардың мекенжайлары, қордың көрсеткіштері және басқа да маңызды жаңалықтар бар. «ENPF» ұялы қосымшасын барлық операциялық жүйелерге, кез-келген смартфонға тегін жүктеуге болады.



Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер туралы 

БЖЗҚ-да Ашық есік күні өткізілді

Алматы, Қазақстан

2018 жылдың 27 наурызында, сейсенбі күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалдарында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасы өткізілді. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындарға зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты кешенді мәселелер бойынша ақпарат беру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді.    

Ашық есік күні шарасына қатысушылар зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері мен алға қойылған мақсат-міндеттер жайында толыққанды мәліметтер алды. Қор қызметкерлері зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру кестесіне ауысу себептері, базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінің өзгеруі және басқа да тақырыптар бойынша жан-жақты әңгімеледі.       

Ашық есік күні бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер» атты көрнекі таныстырылым паш етілді. Онда зейнетақы заңнамасына енгізілген және болашақта енгізілетін өзгерістер: базалық зейнетақыны ұлғайту, шартты-жинақтаушы құрамдауыш туралы толыққанды мәлімет берілген.  

БЖЗҚ Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері қатысушыларға аталған өзгерістердің зейнетақы заңнамасына осы зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік бюджет және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен берілетін жиынтық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру мақсатында енгізілгендігін атап көрсетті.       

«Зейнетақы жүйесінің құрылымы туралы білу, түсіну болашақ зейнеткерлерге зейнет жасына алдын ала дайындалуға септігін тигізеді. Бұл жәйт зейнеталды жасындағы азаматтарға да, еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жастарға да тиесілі. Өйткені, болашақ туралы, зейнет жасында алатын зейнетақы туралы ерте бастан ойлау керек. Ал бұл болашақта алатын зейнетақыны арттыру жолдарын қазірден бастап ойластыруға мүмкіндік береді», - деді Қостанай облыстық филиалының директоры

 

          

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күні шарасын тұрақты негізде өткізіп тұрады. Бұл күні кез келген ниет білдіруші азамат Қор тарапынан көрсетілетін қызметтерді алып қана қоймай, Қордың қызметі мен зейнетақы жүйесі туралы қызықты мәліметтер ала алады.  

Қостанай облыстық филиалында өткізілген іс-шараға шамамен 200 қала (облыс) тұрғыны қатысты. Ашық есік күніне алғаш келген салымшылардың бірінің айтуынша Ашық есік күні өте қызықты болды. «Мен зейнеткермін. Зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістердің зейнеткерлерге немесе зейнеткерлік жасқа жаңадан толатын азаматтарға қаншалықты қатысы бар екендігі жайлы пайдалы ақпарат алдым. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының өсетіндігі мені қуантады» -  деді ол.

Шараға қатысушы әйелдердің бірі әйел азаматтардың зейнеткерлікке шығу жасының кезең-кезеңмен ұлғаятындығына түсіністікпен қарайтындығын жеткізді. «Бұл мен үшін Қордағы зейнетақы жинақтарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше болашақ жиынтық зейнетақымның мөлшері арта түседі» - деді ол.  

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік топтамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)» тақырыбындағы Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 27 наурызында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Қостанай қ., Әл-Фараби, 65 үй, (Бизнес Орталығы) 2-ші қабат мекен-жайы бойынша өтетін Ашық есік күніне шақырады.

 

Шараға қатысушылардың барлығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзекті ақпарат ала алады.

 

Болашақ зейнеткерлерге келесі сауалдар бойынша кеңес беріледі:    

-         зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері;

-         зейнетақы жүйесіне 01.01.2018 жылдан бастап енгізілген өзгерістер; 

-         кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер;  

-         01.01.2018 жылдан бастап бекітілген кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдерін есептеу; 

-         базалық зейнетақыға қатысты өзгерістер.

«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат береді.  Қатысушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына орай өздерін толғандырған сауалдарға жауап алумен бірге мамандардан да  жеке кеңес ала алады. 

 

enpf.kz



Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)

 

2018 жылдың 27 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында биыл алғаш рет Ашық есік күні өтеді. Аталмыш шара әдеттегідей барша салымшылар мен алушылар үшін өте өзекті  тақырып – зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге арналмақ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындардың арасында түсіндірмелік жұмыстарды белсенді жүргізіп, салымшыларға зейнетақы жүйесіне қатысты кешенді сауалдар бойынша жан-жақты мәлімет беруде.   

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – зейнетақы жинақтарының тиімділігін арттыру.  Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі зейнетақыны зейнеткерлерге еңбекке жарамсыз жаста жүйелі табыстың  лайықты көлемін қамтамасыз ету мақсатында  түрлі төлем  көздерінен, нақтылар болсақ, мемлекеттік бюджет қаржылары есебінен (бұл базалық және ортақ зейнетақы) және салымшының өз қаржыларынан (жинақтаушы компонент, БЖЗҚ-ның төлемдері) берілетін қаржы ретінде қарастырады.

2014 жылы Мемлекет басшысы бекіткен Зейнетақы жүйесін жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес, зейнетақы жинақтарын бір мәрте шешіп алуға шектеу қойылып, ай сайын төлем жасау тәртібі бекітілді. Бұл шаралар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру, бюджет есебінен және жинақтаушы зейнетақы есебінен жасалатын зейнетақы төлемдерінің ортақ көлемін ұлғайтуға бағытталған.

 Бүгінде зейнеттегі азаматтарға төленетін зейнетақының 80−85% мемлекеттік зейнетақыдан құралады. Бұл жағдай біртіндеп өзгермек. 2018 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар 2040 жылдан бастап зейнетке  шыға бастағанда олар тек өз жинақтары мен базалық зейнетақыға иек арта алады.   Әрі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың зейнетақысы    жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне қатысты белгіленеді.

  Яғни, зейнетақымен қамту деңгейі   мемлекет пен жұмыс берушінің жарнаны уақытылы аударуына ғана емес, азаматтың өзіне көбірек байланысты болмақ», -деп атап өтті «БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының өкілдері.

 

Зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енген және таяу болашақта енгізілетін басқа да өзгерістермен қор  мамандары 27 наурызда өтетін шара барысында кеңірек таныстырады.  Сонымен қатар, салымшылар мен алушылар Ашық есік күні барысында өздерін толғандыратын сауалдарға жан-жақты жауап алып, мамандармен жеке кеңесе алады.

  Естеріңізге сала кетейік, «БЖЗҚ» АҚ алғаш рет Ашық есік күнін тура бір жыл бұрын «Зейнетақы жүйесінің құрылымы қандай?» деген тақырыпта өткізген болатын. Салымшылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие мұндай шараларды Қор жүйелі түрде әрбір тоқсан сайын ұйымдастырып келеді.



2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

 

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 444 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша - 39 мың бірлікті құрады. 

2018 жылдың қаңтар айында зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 65,3 млрд теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 4,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 7 пайызды құрады.

Зейнетақы жүйесінде болғанына 16 жылдан асқан, зейнеталды жасындағы ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы шамамен 2,6 млн теңгені, ал әйелдерде – шамамен 2 млн теңгені құрады. Зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударатын (жылына 9 реттен кем емес), зейнеталды жасындағы ер азаматтардың жинақтарының сомасы 3,3 млн теңгеге жуық болса, әйелдерде шамамен 2,3 млн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 9,8 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,13 пайызды құрады.

Бұл ретте, егер табыстылық пен инфляция деңгейін жылдық тұрғыда салыстырып қарайтын болсақ (2017 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың қаңтары аралығы), бұл көрсеткіштер сәйкесінше 7,88 және 6,8 пайызды құрады.

2017 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 48,9 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 1,3 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 43,14 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,09 млрд теңгені құрады.

Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 

2017 жылдың маусым айынан бастап қарапайым да ыңғайлы жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Қазір сол электрондық сервистерді пайдаланушылар саны арта түсуде. Салымшылар Қордың кеңселеріне келмей-ақ, қашықтықтан БЖЗҚ сайты арқылы барлық дерлік маңызды операцияларды жүзеге асыра алады. 2018 жылдың қаңтар айында шамамен 100 салымшы жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде электрондық өтініш жолдаған. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың екінші жартысында, яғни электрондық сервистер іске қосылғаннан бері шамамен 250 адам осы қызметті пайдаланған. Яғни, бір айдың ішінде өсім 60 пайызды құрады. Ал өздерінің деректемелеріне өзгерістер енгізген салымшылардың саны бір ай ішінде шамамен 950 адамды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың екінші жартысында 1 180 адам осы сервисті пайдаланған. Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 3,5 мыңға жуық адам пайдаланып үлгерген.

Айта кетелік, БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметін көрсету және Қор салымшылары мен алушылары үшін ақпарат арналарын дамыту. 2018 жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны 64 пайызға артты.

БЖЗҚ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына ерекше көңіл бөледі: «Мобильдік агент» жобасы аясында ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 590 рет көшпелі қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 125 бірлікке артық. Яғни, өсім 27 пайызды құрады.

Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жалғасып жатыр. 2018 жылдың қаңтар айында 1 543 көшпелі тыныстырылымдық шара өткізілді. Шамамен 49 мың тұрғын қамтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есе көп.

Қазіргі уақытта МЗЖ бойынша ЖЗШ ашқан, бірақ бірде-бір жарна салмаған, сондай-ақ жеке зейнетақы шоттарына үш және одан да көп жыл барысында зейнетақы жарналары түспеген салымшыларға телефон шалу жұмыстары басталды. Ондағы мақсат – бұл салымшылардың деректерінің мәртебесін айқындау.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


БЖЗҚ-ның жаңа цифрлық сервистері

 

Алматы, Қазақстан –Ағымдағы жылы ақпан айының басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің ресми сайтының дизайнын жаңартты.

Жаңартылған сайт тиянақты түрде құрылымдалды жәнезаманауи сипатқа ие болды. Қазіргі уақытта пайдаланушылар үшін оның құрылымын, беттерін аралау өте ыңғайлы.Бұл ретте бұрынғы сайттың ақпараттылығы толығымен сақталды.

Ақпараттар легі жақсы қабылдануы үшін Қор артық бөлімдерді жойып, басты беттің құрылымын өзгертті. Енді www.enpf.kzсайтына кіріп, маңызды ақпараттармен, статистикалық мәліметтермен танысып, Қордың жіберіліміне жазылуға болады.   

Сайттың құрылымына өзгерістер енгізудегі басты мақсат – сайтты түсінікті және барынша қолжетімді ету. Сонымен қатармаңызды және шынайы ақпараттар алу жағына баса назар аудару.  Сайт Қор мамандарының күшімен жасалды. Бұған қандай да бір қаражат жұмсалған жоқ.

Порталды жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғасуда: қазір БЖЗҚ қызметкерлері салымшылар мен алушылардың қажеттіліктеріне негізделген цифрлық сервистер топтамасын дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, 2018 жылдың 28 ақпанынан бастап Қор сайтында жаңа сервис: «ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу» (немесе «Көшірме нұсқалар») қызметі іске қосылды. Бұл қызмет Қор салымшылары арасында ерекше танымалдыққа ие болып отыр. Мысалы, 2016 және 2017 жылдары БЖЗҚ бөлімшелерінде шарттардың 2,9 миллионнан астам «көшірме нұсқалары» берілді.

Енді Қор сайтындағы Жеке кабинетке логин және құпия сөз (пароль) арқылы кіре алатын, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілтіне ие қазақстандықтар бұл қызметтерді қашықтықтан пайдалана алады.

2018 жылдың алғашқы тоқсанының соңына дейін Қор сайтында ЭЦҚ арқылы ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу мүмкіндігі жүзеге асырылады.   

Естеріңізге сала кетелік, 2017 жыл барысында Қор сайтында бірқатар жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Солардың көмегімен Қордың негізгі қызметтерін қашықтықтан пайдалануға болады. Олар атап айтар болсақ:Қордың ресми сайтына кіріп, «Жеке кабинет» бөлімі арқылы міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру. Сол өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау, жеке деректемелерге өзгерістер енгізу және зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірмені электрондық поштаға жіберу мүмкіндігі.

Қор сайтты жаңарту және цифрлық қызметтерді дамытумен ғана шектеліп қалмайды. Сонымен қатар ұялы байланыс операторларымен де белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр. Ондағы мақсат – абоненттерге ENPF ұялы қосымшасын трафикті есепке алмай пайдалануға мүмкіндік беру.  

Қазірдің өзінде Tele2 және Altel бірлескен компаниясының абоненттері өздерінің шоттарында теңгерімнің бар-жоғына қарамастан Қордың ұялы қосымшасын пайдалана алады. БЖЗҚ жақын уақытта басқа да операторлармен осындай келісімдер жасауды жоспарлап отыр.

БЖЗҚ электрондық қызметтерді деректерді талдау және дербестендіру негізінде көрсетеді. Бұл ретте салымшылар мен алушылар, яғни сервистерді пайдаланушылардың қажеттіліктері ескеріледі.Бұл барлық санаттағы адамдарды және олардың қызмет саласын қамтуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияларды ең алдымен электрондық сервистер саласында дамыту – БЖЗҚ қызметінің басты бағыттарының бірі. 

Айта кетелік, қазіргі кезде электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 52 пайызды құрайды. Ал 2021 жылға дейін оны 55 пайызға жеткізу жоспарланған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

  


Зейнетақы төлемдері

«Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады»

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы қаңтар

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі бірнеше бөлімнен тұрады.

Олар – мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы төлемдері. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыскердің 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің қаражатынан еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерінің пайдасына аударатын 5 пайыздық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтар. Бұл мақалада БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдері жайында әңгіме қозғалады.

Зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін білу, түсіну, болашақ зейнеткерлерге құрметті демалысқа алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз. Яғни, болашақ туралы, зейнетақы туралы, еңбекке қабілетсіз жастағы қаржылық тәуелсіздік туралы ерте бастан ойлану керек.   

Зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі толығымен мемлекеттің жауапкершілігінде болған уақыт келмеске кетті. Әрине, қазір де мемлекетіміз жауапкершіліктен толығымен бас тартпайды. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде алты ай еңбек өтілі бар зейнеткерлерге ортақ зейнетақы әлі де төленіп келеді. Сонымен қатар қазір барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде базалық зейнетақы төленеді.

Бірақ, қазіргі заманда зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскерге оңтайлы үлестірілуі тиіс.  

Жинақтаушы зейнетақының қандай болатындығы жұмыскердің өзіне байланысты. Қанша жинасаң, сонша аласың. Бұл ақылға қонымды логика.

Сондықтан, жалақыларын «конвертпен» алатын азаматтар болашақта қомақты зейнетақы алудан құр қалатындарын білулері тиіс. 

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы азаматтар:

-          Зейнеткерлік жасқа толған азаматтар - ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58,5 жасқа толғанда (биылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 2027 жылға дейін 63 жасқа толғанша жылына 6 айға ұлғайтылып отырады);

-          мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

-          Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

-          Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері, отбасы мүшелері.

 

2018 жылғы өзгерістер

1)Төлемдер кестесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйекте бекітілген және 2017 жылғы 3 қазанда күшіне енген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  № 603 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. 

Зейнетақыны ай сайын төлеу әлемдік стандартқа сәйкес келеді. 

БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері қолданылады. Ал ол қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты есептеледі. Коэффициенттер кестесі тұрақты шама және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Кестеге сәйкес жыл сайын жинақталған қаржының тек бір бөлігін ғана алуға болады. Сондықтан коэффициенттің шамасы қашанда 1-ден аз болады.

Осылайша, алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Одан шыққан сома – БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем болып табылады.    

Ай сайынғы төлемдердің сомасы алушының жасына және жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты қалыптасады.  

Жаңа ережеге сәйкес ай сайынғы төлемнің мөлшері ағымдағы қаржы жылындағы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмайды. 

Жаңа кесте бойынша Қордан ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру мерзімі ұзара түседі. Бұған зейнетақы шотына күн сайын есептелетін инвестициялық табыс та оң әсер етеді. 

Ал біржолғы төлемге келер болсақ, ол белгілі бір шарттарға байланысты жүзеге асырылады. Ережеге сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен біржолғы төлемдер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне, жерлеуді ұйымдастырған адамға және мұрагерлерге төленеді.  

Зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға және 1-ші, 2-ші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адамдарға ай сайын төленеді. Егер зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Ал егер асып кетсе, зейнетақы төлемдері ай сайын жүзеге асырылады. Айта кетелік, биыл ең төмен зейнетақы көлемі: 33 745 теңге.

Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.

2) Әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін 63 жасқа жеткенше жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады.  

2018 жылдан бастап зейнетке шығатын әйелдердің 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі толық болмайды. Сәйкесінше, олардың алатын ортақ зейнетақысының  мөлшері де барған сайын азая түседі. Міне, осы жағдайларға жол бермес үшін әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғайтылып отыр.

Ал ортақ зейнетақы толық көлемде болуы үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі әйелдер үшін 20 жылдан кем болмауы керек.

Оның үстіне әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді түрде тартуға және оларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте әйелдер үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі сақталады: 

- Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз - 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған әйелдердің 45 жасқа толғанда;

- 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда мемлекеттік бюджеттен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

Сонымен қатар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өздерінің мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткілікті болған жағдайда ерлер 55 жасқа толғанда, әйелдер 50,5 жасқа толғанда өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Сол арқылы зейнетақы ретінде ай сайын сақтандыру төлемдерін алып отырады. Сақтандыру ұйымдарының талаптары әрқалай. Сәйкесінше оларға аударылатын зейнетақы жинақтарының мөлшері де өзгеше болады. Бүгінгі таңда зейнетақы аннуитетін жасасу үшін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының мөлшері ерлер үшін 9 млн теңге, әйелдер үшін 12 млн теңгеден жоғары болуы шарт.  Егер қаржы жетіспесе үшінші  тұлғалардан (зайыбы, балалары және басқалардан) келіп түскен қосымша жарналар пайдаланылады.     

Бұл ретте мына жәйтті ескере кеткен жөн, әйелдер үшін зейнетақы аннуитетін жасау мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін 55 жасқа жеткенше жыл сайын 6 айға өсіп отырады.

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы ерікті түрде шешім қабылдай отырып, зейнетақы аннуитеті шартын мұқият оқу керек.  Онда біржолғы төлемнің, жылдық төлемнің, ай сайынғы төлемнің мөлшеріне, кепілдендірілген мерзімге ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені, сақтандыру ұйымынан төлемдер өмір бойы жүзеге асырылады ғой. Сондықтан, олардың мөлшерінің қандай болатындығын білу өте маңызды.  

Әрбір азаматқа таңдау құқығы берілген: ол, зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының мөлшеріне қарай зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан, зейнетақы аннуитеті арқылы сақтандыру ұйымынан немесе бір бөлігін БЖЗҚ-дан, бір бөлігін сақтандыру ұйымынан ала алады.

Әрине, зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қомақты болуы үшін әрбір адамның ресми айлық табысы жоғары болып, зейнетақы жарналары Қорға тұрақты аударылып тұруы қажет. Сәйкесінше, болашақта алатын зейнетақы да қомақты бола түседі.    

Демек, болашақ зейнетақының лайықты деңгейде болуы әрбір адамның өз қолында.



5 сұрақ

2018 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақының өсетіндігін естідім. Осы туралы білгім келеді. Тағы бір сұрақ, биыл Қазақстанда ең төмен және орташа зейнетақының мөлшері қандай?


Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен екі түрлі зейнетақы төленеді. Бірі - ортақ (еңбек) зейнетақы болса, екіншісі - базалық зейнетақы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақы 8 пайызға, ал базалық зейнетақы 6 пайызға өсті. Осылайша, базалық зейнетақыны ескере отырып айтар болсақ, қазіргі таңда елімізде ең төмен зейнетақы 49 019 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері 71 333 теңгені құрайды. Бұл өзгеріс барлық зейнеткерлерге тиесілі.     

Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа әдістемемен есептелетін болады. Яғни, енді базалық зейнетақыны тағайындағанда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі толық ескеріледі. Яғни, еңбек өтілі жоғары болған сайын, базалық зейнетақының мөлшері де ұлғая түседі деген сөз.      

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда базалық зейнетақы қалай есептелетін болады?

Бүгінде базалық зейнетақы зейнеткерлікке шыққан әрбір азаматқа еңбек өтілі мен айлық табысы және зейнетақы жинағының көлеміне қарамастан өмір бойына бірдей мөлшерде тағайындалып келеді. Оның мөлшері қазір 15 274 теңгені құрайды (ең төмен күнкөріс деңгейінен сәл жоғары) және ол жыл сайын өсіп отырады.

Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап оның мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан бастап 100 пайызына дейін артатын болады.

Жаңа әдістеме бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі толығымен ескеріледі.

Егер зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі жоқ немесе 10 жылға дейін болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды. Оның көлемі биыл - 28 284 теңге.

Мысалы, 2017 жылы базалық зейнетақының мөлшері 14 466 теңге болды. Ал  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15 274 теңгені құрады (базалық зейнетақы 6 пайызға өсті). Енді 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ол, еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болған жағдайда 28 284 теңгеге дейін ұлғаяды.  

Базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа толған барлық азаматтар үшін қайта есептеледі. Ал зейнетақы алып жүрген азаматтар үшін базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін қосымша құжаттар ұсынудың қажеті жоқ. Жарналардың төленуі жайында барлық деректер бірыңғай ақпараттық жүйеде бар.   

2018 жылдың 1 шілдесінен кейін зейнетке шығатын азаматтар ғана 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі туралы мәліметтер ұсынулары тиіс. 

 

Мен екі жылдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Ай сайынғы төлемді қалай есептеуге болады?

Ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті қолданылады. Оның көлемі қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты есептеледі. Ол тұрақты шама. 

Коэффициенттер кестесі ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген.

Зейнеткерлер кестеге сәйкес, жыл сайын зейнетақы жинақтарының тек бір бөлігін ғана ала алады. Сондықтан, коэффициенттің шамасы қашанда 1-ден төмен болады. 

Осылайша, алушының жасына қарай зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Одан шыққан сома – БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлем болып табылады.  

Ай сайынғы төлемдердің сомасы алушының жасына және жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады.

Зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомаларының келесі кестеге сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі:

 

Алушының жасы

Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті

58

 0,09421

59

 0,09582

60 

 0,09764

61 

 0,09969

62 

 0,10202

63 

 0,10467

64 

 0,10771

65 

 0,11121

66 

 0,11528

67 

 0,12005

68 

 0,12570

69

 0,13246

70

 0,14067

71 

 0,15081

72 

 0,16362

73 

 0,18024

74 

 0,20257

75

 0,23404

76

 0,28152

77 

 0,36099

78 

 0,52048

79

 1,00000


Осы кестені қолдана отырып, ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есептеп шығаруға болады. 

Жаңа ережеге сәйкес, ай сайынғы төлемдер ағымдағы жылғы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмауы керек.  

Болашақ зейнетақыны есептеу үшін болжамдық зейнетақы калькуляторын пайдалануға болады. Ол enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде қолжетімді (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php).

 

Мен банктегі берешегімді өтеуім керек. Сол үшін зейнетақы жинақтарымды мерзімінен бұрын ала аламын ба?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетілген жағдайлар туындамай жатып мерзімінен бұрын берілмейді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдарға төленеді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтары бар адам қайтыс болған кезде, заңнамаға сәйкес оның зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылады.

Ағымдағы заңда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен несиені төлеу, жылжымайтын мүлік сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкіндігі қарастырылмаған.

 

Менің зейнеткерлікке шыққаныма үш жыл болды. Қазір төлемдерді кестеге сәйкес жылына бір рет аламын. Мен оны ай сайынғы кестеге ауыстыра аламын ба?

Зейнетақы заңнамасына енгізілген және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. Егер зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақы көлемі: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.   

Егер зейнетақы жинақтарының көлемі бұл сомадан асып кетсе, зейнетақы тек ай сайын төленетін болады.

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алып келген азаматтар зейнетақы төлемдерінің мерзімділігін (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) сақтауға және өзгертуге құқылы. Яғни, жаңа өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап рәсімдейтін азаматтарға ғана тиесілі.  

Зейнетақы төлемдерін тағайындаудағы басты мақсат – еңбекке қабілетсіз, яғни зейнет жасындағы азаматтардың күнделікті тіршілігін лайықты деңгейде қамтамасыз ету.   

Зейнетақы төлеу кестесін өзгерту үшін БЖЗҚ жергілікті бөлімшесіне жүгіну қажет.

Айта кетелік, ағымдағы жылдың қаңтарында еліміз бойынша 20 шақты адам зейнетақы төлемдерін жыл сайын алу кестесін ай сайын алу кестесіне ауыстыру жөнінде өтініш берген. Осылайша, уақыт өткен сайын зейнетақы жинақтарын үнемдеп жұмсайтындар саны біртіндеп артатын болады.

 


БЖЗҚ электрондық қызметтері

«БЖЗҚ» АҚ алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – тұрғындарға әлемдік стандарттарға сәйкес сапалы зейнетақы қызметін көрсету. Қор зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында әрбір азаматқа зейнетақы қызметіне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету стратегиясын алдына мақсат етіп қойып отыр. Ал оған жету үшін тікелей, қашықтықтан және өзіне-өзі қызмет көрсету жүйелерін дамыту қажет. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа жыл сайынғы Жолдауында сандық технологияларды ендіру, инновациялық даму және қарқынды технологиялық жаңғырудың ел экономикасы үшін маңызды екендігін атап өткен болатын. 

«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және жаңғырту жолында салымшылар мен алушыларға жаңа, заманауи қызметтерді ұсынады. Айта кету керек, бұл қызметтер уақыт шығындап Қорға келіп, қағаз құжаттарды толтырудан құтқарады.

БЖЗҚ 2017 жылдың 30 маусымынан бастап www.enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде мынадай сервистерді іске қосты. Олар:

¾   міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру;

¾   зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру;

¾   берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау.

Ескере кеткен жөн, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнеткерлік жасқа толған азаматтар мен мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген, 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектігі бар адамдар ғана жолдай алады.    

Өткен жылдың үшінші тоқсанынан бастап тағы да жаңа сервистер іске қосылды. Оларды атап өтер болсақ, салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және зейнетақы жинақтарының жай-күйі бойынша хабарлау тәсілін өзгерту туралы қызметтер.  

Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу және зейнеткерлік жасқа толу немесе 1,2 топтардағы мүгедектіктің мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтініш беру рәсімі бірнеше минутты ғана алады.

Осылайша, Қор онлайн тәртібінде салымшының жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған бүкіл кезеңі барысында – жеке зейнетақы шотын ашқаннан бастап зейнетақы төлемдерін алғанға дейін оған ілеспе қызмет көрсетеді. Осы электрондық қызметтер іске қосылған сәттен бастап алты ай ішінде көптеген салымшылар мен алушылар Қор кеңселеріне келмей-ақ қашықтықтан барлық маңызды операцияларды жүзеге асырды.

Атап көрсетер болсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылар мен алушылар тарапынан жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде – 250, ал зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде – 48 электрондық өтініш келіп түскен. Сондай-ақ 1 181 адам жеке деректемелеріне өзгерістер енгізсе, шамамен 500 салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсілін интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басты міндеттерінің бірі – сапалы консультативтік қызмет көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық байланыс арналарын дамыту. 

БЖЗҚ филиалдық желісінің қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18 мыңнан астам көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізді. Оларға 556 мыңнан астам адам қатысты. «БЖЗҚ» АҚ филиалдары салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйеде 6,3 миллионға жуық операцияны жүзеге асырған.      

2017 жылдың наурыз айынан бастап Қордың сайтында «Төрайымның блогы» арнасы жұмыс істей бастады. Сол арқылы тұтынушылар Қордың Басқарма төрайымына тікелей сұрақ қоя алады.

Одан басқа, Қордың байланыс орталығының 1418 телефон нөмірі, Қордың корпоративтік сайтының «Кері байланыс», «Онлайн-чат» нысандары, сондай-ақ Қордың әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы Қорға хабарласуға болады.  

Зейнетақы Қоры барлық салымшылар мен алушылар үшін ашық және қолжетімді. Қордың орталық аппаратына өтініштер қағаз жүзінде де келіп түседі. Сонымен қатар «Пікірлер мен ұсыныстар» кітабына пікірлер мен ұсыныстар қалдыруға болады.  

Қордың ресми сайтында өткен жылы маусым айында іске қосылған көптеген сервистерді 2018 жылы Қазақстан Республикасының электрондық үкімет және Қордың ұялы қосымшасы арқылы қолжетімді ету жоспарланып отыр.


«БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына ақпарат беру туралы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жылына кемінде бір рет беруге, сондай-ақ кез келген сұрау салынған күнге оның сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті.Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға (алушыларға) биыл да жыл сайынғы міндетті ақпарат беру науқанын бастады.

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал алу тәсілін салымшы (алушы) өзі таңдайды. ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені мынадай тәсілдермен алуға болады:

-  дәстүрлі пошта байланысы арқылы – жылына бір рет;

- электрондық пошта арқылы - үзінді-көшірме таңдалған кесте бойынша (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын) жолданады;

-  Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде – шектеусіз түрде;

- интернет байланысы арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы) – онлайн тәртібінде – шектеусіз. 

- ҚР электрондық үкіметі (www.egov.kz) сайтында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Зейнетақымен қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі арқылы үзінді-көшірме алуға болады. 

2017 жылды қорытындылай отырып айтар болсақ, салымшылар мен алушылар арасында ақпарат алудың электрондық тәсілдері танымал бола түскен. Ал зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңселеріне келіп алу саны өткен жылдармен салыстырғанда елеулі түрде азайған.Мысалы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша хабарлау тәсілі ретінде «Жеке өзі келіп өтініш жасау» жолын таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 2,2 млн адамды құраса, «Пошта байланысы» тәсілін таңдағандар саны өткен жылы 18 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 1,8 млн адамды құрады.

Сонымен қатар 2017 жылы интернет байланысы тәсілін таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 3,9 млн адамды құрады. Ал үзінді-көшірмені электрондық пошта арқылы алуды таңдағандар саны 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 0,8 млн адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75 пайызға жоғары. Осылайша, ағымдағы жылдың басына қарай үзінді-көшірмені электрондық жолмен алу тәсілін таңдағандар саны 4,7 млн адамнан асты.

Электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілі Алматы мен Астана қалаларында танымал бола түскен. Яғни, бұл қалаларда кептелісте тұрғысы келмейтіндер саны бір жыл ішінде сәйкесінше 65 және 70пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 195 және 174 мың адамды құрап отыр. Ал бұл екі қаланың экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындарының 22 және 36 пайызын құрайды.

Ел өңірлерінде интернет байланысы бойынша жағдай мынадай сипатқа ие.Бірінші орында Алматы қаласы, екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы, ал үшінші орында Қарағанды облысы келеді. Бұл қалаларда интернет байланысын пайдаланушылар саны өткен жылдың ішінде сәйкесінше 30, 35 және 33 пайызға өсіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 560 мың, 395  мың және 324 мың адамға жетті. Бұл осы облыстардағы экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың 63, 35 және 49 пайызын құрайды.

Үзінді-көшірмелер салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтінішінде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімде көрсетілген мекенжайларға, электрондық пошталарға жолданады.Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы жыл соңына дейін БЖЗҚ-ға хабарламаса, онда пошта байланысы арқылы 2017 жыл бойынша жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып оралады. Бұл жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес, келесі жылы үзінді-көшірмені оған жібермеуге құқылы. 

Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына қарай салымшының зейнетақы шотында қаржы болмаса немесе қандай да бір хабарлау тәсілі таңдалмаған  болса, БЖЗҚ оған өткен жыл бойынша зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты жібермейді.

2017 жылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алу мүмкіндіктері жайында бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде түсіндіру науқаны жүргізілген болатын. Бірақ, соған қарамастан қазіргі уақытта 1,3 миллионға жуық адам үзінді-көшірме алмайды. Оған себеп – олар зейнетақы шотын ашарда хабарлау тәсілін белгілемеген.

Қазіргі уақытта барлық дербес қызмет көрсету орталықтарында салымшылардың бұл санатымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қорға өтініш жасап келген кезде оларға зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу тәсілі ретінде интернет байланысы ұсынылады. Одан басқа, «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға тікелей хабарлау шараларын жүргізіп жатыр. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың электрондық поштасына e-mail-хабарландыружәне ұялы телефондарына SMS-хабарландырулар жіберілу үстінде. Сонымен қатар БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында салымшалырға жеке деректемелерін өзектендіру қажеттігі туралы материалдар жариялай отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) Қор кеңселеріне келіп өтініш жасау немесе өзекті электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен өзінің жеке деректемелерін өзектендіруге және/немесе ыңғайлы, заманауи хабарлау тәсілін таңдауға кеңес береді. Өйткені ескі деректемелер Қордың өз міндеттемелерін орындауына кері әсер етеді.  

Ең танымал және заманауи хабарлау тәсілі – интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені онлайн тәртібінде кез келген уақытта, кез келген жерде enpf.kz сайты немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл ретте салымшы үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдай алады.



«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз. 

1.     Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады?  

БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

 

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшыға (алушыға) ол таңдаған хабарландыру әдісімен жүргізіледі. Бұл үшін алушы (салымшы) келесі хабарландыру әдістерінің бірін таңдауы тиіс:

- БЖЗҚ  офисіне жеке өзі келген жағдайда немесе Интернет арқылы байланысқа шыққан болса, салымшылардың  (алушылардың) ақпараттықанша рет сұратуына шек қойылмаған ;

- ЖЗШ ашуға жазылған арыздың реквизиттерінде немесе ақпараттандыру әдісін өзгерту/таңдау туралы қосымша келісімде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына ақпарат таңдалып алынған әдіс бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, бір жылда) бір мәрте;

- пошта байланысы арқылы – жылына бір мәрте; 

         - интернет-ақпараттандыру – онлайн режимінде; ақпараттандырудың бұл әдісі арқылы жеке зейнетақы шоты бойыншаenpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы ғана емес, смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильді қосымшасы арқылы да ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, жеке зейнетақы шоты туралы электрондық үкіметтің сайтындағы «Әлеуметтік қамсыздандыру» -- «БЖЗҚ-ның зейнетақы шотынан үзінді-көшірме» бөлімінен ҚР электрондық үкімет порталында тіркеліп, электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда алуға болады. 

2.     Салымшы (алушы) мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы БЖЗҚ-ын ескертуге міндетті ме?

2013 жылдың  21 маусымында қабылданған № 105-V «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 39 бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес,  міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының салымшылары мен БЖЗҚ-ның алушылары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай БЖЗҚ-ны Қор міндеттемелерін орындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы бұл өзгерістер туындаған сәттен бастап, он күнтізбелік күн ішінде ескертуі тиіс.

Бұған салымшы  тиісті хабарландыру тәсілін таңдаған болса, электрондық және пошта мекен-жайын өзгерту жатады.

1) Зейнетақымен қамтамасыз ету келісім-шартта көрсетілген пошта мекен-жайының өзгергені туралы, егер Сіз «пошта арқылы» деген зейнетақы салымдары туралы хабарландыру тәсілін таңдаған болсаңыз, БЖЗҚ-на жеке өзіңіз барып немесе пошта байланысы арқылы, аты—жөніңіз, тегіңіз, туған жыл, ай-күніңіз, жеке идентификациялық номеріңіз (ЖИН) көрсетілген, жеке куәлігіңіздің көшірмесі салынған хабарлама арқылы ескерте аласыз.  

2) Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім-шартта немесе ақпараттандыру әдісін белгілеу/өзгерту туралы қосымша келісімде ақпараттандыру әдісі ретінде «электрондық пошта(e-mail)» деп көрсеткен болсаңыз, осыэлектрондық мекен-жай өзгерген жағдайда,  бұл туралы Қорды  ескертуіңіз керек. Көңіл аударатын жәйт, Сіз электрондық мекен-жайыңыздың өзгергені туралы тек ЖЗБҚ офисіне өзіңіз барып қана ескертуіңізге болады. 

Егер салымшы (алушы) өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін тұрғылықты мекен-жайын өзгертіп, бұл туралы Қорды ескертпеген болса, 2017 жылға пошта арқылы жіберілген үзінді-көшірме БЖЗҚ-ға қайтып келеді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңға сәйкес, БЖЗҚ келесі жылы үзінді-көшірмені пошта арқылы жөнелтпеуге құқылы. 

Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына салымшының (алушының)  тиісті жылдың 1 қаңтарына ЖЗШ-да қаржысы болмаса немесе оны хабарландыру әдісі туралы тиісті келісім жасалмаса, БЖЗҚ оны зейнетақы жинақтау шотының жай-күйі туралы хабарландырмауға құқылы.  БЖЗҚ мамандары салымшыларға өздерінің жеке мәліметтерін жаңартып, және/немесе хабарландырудың жаңа тәсілін таңдау үшін Қордың жеке қызмет көрсету орталықтарына баруға кеңес береді.  

3.     БЖЗҚ офисіне бармай –ақ реквизиттердегі мекен-жайды өзгертуге бола ма? 

 

БЖЗҚ  2017 жылы өзінің электрондық қызмет көрсету жүйесін кеңейтіп, салымшыларға Қор сайтындағы жеке кабинеті арқылы реквизиттеріне өзгеріс енгізуге мүмкіндік берді. Енді БЖЗҚ-ың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген   реквизиттердің (жеке куәлік туралы ақпарат, тұрғылықты жердің мекен-жайы, электрондық мекен-жай (e-mail), телефон номерлері) өзектілігін электрондық сандық қолтаңбаның өзекті кілті бар жағдайда өз бетінше тексеріп, қажет жағдайда өзгерістер және (немесе) түзетулер  енгізуге болады.  Бұл үшін БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» атты бөлімге кіріп, «Реквизиттерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу» атты электрондық қызметке жүгініп, керекті өзерістерді енгізу қажет.

 

4.     Егер зейнетақы қорымен келісім-шарт жеке куәлік негізінде жасалған болса,  ақпараттандыру әдісін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған кезде ҚР азаматының төлқұжатын пайдалануға бола ма? 

 

Иә, ҚР азаматының төлқұжатын хабарландыру тәсілін өзгерту/ белгілеу туралы  келісімге қол қою  үшін пайдалануға болады. Бұл ретте салымшының (алушының) негізгі деректемелерініңсәйкестігісалымшының бұрын жеке басты куәландыратын басқа құжат (әкесінің аты көрсетілген жеке куәлік, тұруға ықтиярхат) беруі салдарынан пайда болған «әкесінің аты» деректемесіндегі алшақтықты есепке алмай-ақ тексеріледі.

5.     ЖЗШ-да қалған қаржы мен оның есеп-қисабы туралы Анықтаманы кім талап ете алады? 

Зейнетақы жинақтары туралы құпияны зейнетақы жарналарын аударып жүрген салымшыға, алушыға немесе кез-келген үшінші тұлғаға тек салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген жазбаша келісімі арқылы ғана беруге болады. 

ЖЗШ-да қалған қаржы және олардың қозғалыстары туралы есеп туралы анықтама:

1) алдын-ала анықтау және алдын-ала тергеу органдарына олардың өндірісіндегі қылмыстық істерге қатысты; 

       2) соттарға – сот ұйғарымы бойынша  олардың өндірісіндегі істерге қатысты; 

3) сот орындаушыларына – сот санкциясы бойынша сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың өндірісіндегі атқару құжаттары негізінде; 

4) мемлекеттік кіріс органдарына – тексеріліп жатқан тұлғаның  міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, төлеу  мәселелеріне байланысты; 

5) өкілетті органға–салымшының (алушының) арызына немесе өкілетті органның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын тексеруіне байланысты   туындаған мәселелергеқатысты; 

6) прокурорға  -  қарауындағы материалға қатысты оның өкілеттігі аясында тексеру жүргізу туралы қаулыға сәйкес;

7) қаржылық мониторинг жөніндегі өкілетті органға –  ҚР«Қылмыстық жолмен алынған  табыстарды жариялауға және лаңкестікті қаржыландыруға тосқауыл қою   туралы» Заңында көрсетілген мақсаттарда және тәріпте; 

8) салымшының (алушының) өкілдеріне – нотариалды бекітілген сенімхат немесе сот шешімінің негізінде; 

9) Орталыққа – міндетті зейнетақы қорлары, кәсіби міндетті зейнетақы қорлары бойынша салымшылардың (алушылардың) мәліметтер базасын жасау және міндетті зейнетақы жарналары, кәсіби міндетті зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуын, салымшының зейнетақы төлемдеріне құқын алу сәтіне нақты салымдарының инфляция деңгейін ескере отырып, қамтамасыз ету мақсатында; 

10) орталық атқарушы органға – салымшы (алушының) арызына байланысты туындаған мәселелерге орай; 

11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына жыл сайын аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;

12) Халыққа қызмет ету орталықтарына – салымшыға (алушыға) немесе оның  арызы бойынша, олардың өкіліне нотариалды бекітілген сенімхат бойынша немесе сот шешімі бойынша.

Сонымен қатар, жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы, ондағы қалдық пен қаражат қозғалысы туралы анықтама салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікке сәйкес мұрагер болып табылатын азаматтарға немесе өсиетхатта көрсетілген тұлғаларға олардың жазбаша арызы бойынша, соттарға - олардың өндірісіндегі мұрагерлік туралы істер бойынша беріледі.

 



1.     Базалық зейнетақыны есептеу механизмі қашан және қалай өзгереді?

Бүгінде мемлекеттік базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге еңбек өтілдерінің көлеміне қарамастан 14 466 теңге мөлшерінде төленеді (ең төмен күнкөріс деңгейінің жартысынан сәл жоғары). Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ол еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты төленетін болады. Яғни, зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын (2018 жылы бұл – 15 273 теңге) құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады (2018 жылы бұл – 28 284 теңге) және одан асырылмайды.

2.     2018 жылдың қаңтар айынан бастап, ай сайынғы төлемдерді есептеу әдістемесінің өзгеретіндігін естідім. Осыны түсіндіріп берсеңіз екен.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері Үкімет Қаулысымен бекітілген, Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес, зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Әдістеме бойынша зейнетақы жинақтарының сомасын, алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті ескеріледі. Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті – зейнетақы жинақтарының инвестициялық басқаруда болған мерзімін есепке ала отырып олардың болашақтағы құнын ескеретін көрсеткіш. Зейнетақы төлемдерін алушының жасына қарай оның зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп 12-ге бөлінеді. Одан шығатын сома зейнетақы Қорынан жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем болып табылады. Бірақ, ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмайды.

Егер Қорға жүгінген күні зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған болса, оларды толығымен алуға мүмкіндік бар екендігін тағы да еске саламыз. 2018 жылы бұл сома: 33 745 x12 = 404 940 теңгені құрайды. Егер зейнетақы жинақтары бұл сомадан артық болса, онда тек ай сайын төленеді.


3.     Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құны коэффициентінің шамасы қалай белгіленеді? Мысалдар келтіре отырып, түсіндіріп берсеңіз екен.  


Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттер кестесі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген және жинақтаушы зейнетақыны есептеу үшін 2003 жылдан бері қолданылып келеді. Коэффициенттер кестесі зейнеткерлер өмірінің орташа күтілген ұзақтығын ескере отырып, зейнетақы жинақтарын тиісті жылдарға үлестіруге мүмкіндік береді. Енді зейнетақы жинақтарының кесте бойынша қалай төленетіндігін мысал арқылы көрсетейік.  Зейнеткерлік жасқа толған азаматтың зейнетақы жинақтарының сомасы 4 000 000 теңге болсын делік. Бекітілген әдістемеге сәйкес, 63 жаста зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті - 0,10467. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасын осы коэффициентке көбейтеміз – 418 680 теңге болады. Бұл соманыы 12-ге бөлеміз – 34 890 теңге шығады. Осы сома БЖЗҚ-дан алғашқы жылы ай сайын алынатын сома болып табылады. Бұдан кейінгі жылдары төлемдер тиісті жастағы коэффициенттер негізінде анықталады.

Бұл ретте 2018 жылы құрметті демалысқа шығатын азаматтардың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілдері бар. Сәйкесінше олар ортақ зейнетқы да алады. Одан басқа, базалық зейнетақы төленеді. Ол 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептелетін болады.   

Мысал: Зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 20 жылдық еңбек өтілі бар делік. Бұл еңбек кітапшасындағы жазбалармен расталады. 1998 жылдан кейін 13 жылдық еңбек өтілі бар делік. Бұл міндетті зейнетақы жарналарының төленгенімен  және Мемлекеттік корпорацияның Бірыңғай есепке алу орталығымен расталады (бұрынғы зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық).    

Бұл жағдайда базалық зейнетақыны тағайындау үшін жиынтық еңбек өтілі 33 жылды құрайды (20 жылдық еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 13 жыл). Демек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап оның базалық зейнетақысының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құрайтын болады.

 


4.     Коэффициенттің шамасы зейнетақы жинақтарының инвестициялану жағдайына тәуелді ме? Осыған байланысты арттырушы коэффициент пайда болуы мүмкін бе?

Зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын жинақтарға күн сайын инвестициялық табыс есептеледі. Сәйкесінше бұл ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне оң әсер етеді. 

Кезекті төлемнен кейін жеке зейнетақы шотындағы қаржы тұрақты түрде инвестицияланады және оған күн сайын табыс есептеледі. Демек, шоттағы зейнетақы жинақтарының сомасы арта түседі деген сөз. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналарының қомақты мөлшерде тұрақты аударылып отыруына да тәуелді.               

Сонымен қатар инфляция деңгейі ескеріле отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі, ең төмен зейнетақы және басқа да есептік көрсеткіштер жыл сайын қайта есептеліп отырады. Ал бұл ортақ және базалық зейнетақының мөлшеріне әсер етеді.   

 


5.  Зейнетақы жинақтарын зейнетақы Қорынан мерзімінен бұрын алуға бола ма?


ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындайтын жағдайлар нақты белгіленген. Зейнетақы жинақтарын біріншіден - зейнеткерлік жасқа толғанда, екіншіден – 1,2 топтардағы мүгедектігі бар адамдардың мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленгенде, үшінші -  Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ала алады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 59-бабының 1-тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткілікті болған жағдайда 55 жасқа толған ерлер, 50 жасқа толған әйелдер өздерінің мiндеттi зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы.  Бұл ретте әйелдер үшін зейнетақы аннуитетін жасау мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады. Яғни, зейнетақы аннуитетін жасау 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жасқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жасқа, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жасқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа толғанда жүргізіледі. Заңда зейнетақы жинақтарын басқалай жолмен алу жағы қарастырылмаған. Бұл өте өзекті мәселе.

Зейнетақы төлемдері зейнеткердің лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан зейнетақы жарналарын ерте бастан қомақты көлемде зейнетақы Қорына аударған сайын, болашақта алар зейнетақы төлемдерінің мөлшері де арта түседі.  Ал егер адамдар зейнетақы жарналарын аудармай, жалақыларын «конвертпен» алатын болса болашақта алатын зейнетақы төлемдерінңң мөлшері де мардымсыз болады.  


Тағы да еске сала кетелік, жыл сайын инфляция деңгейі ескеріле отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі, ең төмен зейнетақы және басқа да есептік көрсеткіштер қайта есептеліп отырады. Ал бұл ортақ және базалық зейнетақының мөлшеріне әсер етеді.   



2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы

Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. Ол халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. Сондықтан зейнетақы заңнамасындағы өзгерістердің мән-мағынасын Қазақстан Республикасының әрбір азаматына жеткізу өте маңызды.

2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерістер күшіне енеді. Бұл ретте базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі, сондай-ақ зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі ескерілетін болады. Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібі мен оларды алу кестесі де өзгеріске ұшырайды.  

2014 жылы Елбасының Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына (бұдан әрі - Тұжырымдама) сәйкес зейнеткерлік жасқа толуға және I, II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу барысында зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын біржола алуды жою жоспарланған болатын. Бұл ретте жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет толығымен төленеді. Ал егер алушы зейнетақы төлемдерін алу үшін зейнетақы Қорына жүгінген күні оның зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен асатын болса, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады. 

Айта кету керек, Тұжырымдаманың бұл нормалары зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның ережелеріне 2015 жылы енгізілген болатын. Ал 2017 жылдың қыркүйегінде 2018 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетін Ережелерге тиісті өзгерістер енгізілді.

Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.   

Егер Қорға жүгінген күні зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған болса, оларды толығымен алуға мүмкіндік бар екендігін тағы да еске саламыз. 2018 жылы бұл сома: 33 745 x12 = 404 940 теңгені құрайды. Бұл сомадан артық қаражаттың барлығы тек ай сайын төленеді. Қорыта келе айтар болсақ, БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері Үкімет Қаулысымен бекітілген, Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес, зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде (12/1) айқындалады. Әдістеме бойынша зейнетақы жинақтарының сомасын, алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті ескеріледі. Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті – зейнетақы жинақтарының инвестициялық басқаруда болған мерзімін есепке ала отырып, олардың болашақтағы құнын ескеретін көрсеткіш. зейнетақы төлемдерін алушының жасына қарай оның зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп 12-ге бөлінеді. Одан шығатын сома зейнетақы Қорынан жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем болып табылады. Бірақ, ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмайды.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып тағайындалады.  Яғни, базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді.

Бүгінде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге 14 466 теңге көлемінде төленеді (ең төмен күнкөріс деңгейінің жартысынан сәл жоғары). Сонымен, зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.

Ал ортақ зейнетақыға қатысты айтар болсақ, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Яғни, 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша ортақ зейнетақы төленбейді.      

Дегенмен, бұл азаматтар мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктерін алуға құқылы (бұл бүгінгі базалық зейнетақы). Біртіндеп ортақ құрамдауыш келмеске кетеді, сәйкесінше 2030 жылға дейін және одан кейін жинақтаушы құрамдауыштың үлесі біртіндеп арта түседі.   

Зейнетақы жүйесін жаңғыртуда басты міндет - оны нығайту және зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру. 

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасы зейнетақыны әр түрлі төлем көздерінен берілетін төлемдер жиынтығы ретінде қарайды. Бұл төлем көздері: мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақылар (ортақ зейнетақы) және салымшының өзінің зейнетақы жинақтары (жинақтаушы құрамдауыш, БЖЗҚ-дан төлемдер). Бұл жердегі басты мақсат – зейнет жасындағы азаматтарды тұрақты негізде ай сайын лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдері салымшы өтініш жасаған күннен бастап белгіленіп, таусылғанша жүзеге асырылатындығын тағы да еске салады. Зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына дер кезінде жүгіну қажет.

«БЖЗҚ» АҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (кеңсеге өзі келген кезде/пошта байланысы арқылы/электрондық цифрлық қолтаңба пайдалана отырып «БЖЗҚ» АҚ веб-сайты арқылы/үшінші тұлға арқылы) зейнетақы жинақтарының төлемін ресімдеуге қажет барлық құжат тізбесін, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды, өтініштердің бланкілерін, сенімхаттардың үлгілерін, кеңселердің мекенжайларын, жұмыс тәртібін және байланыс телефондарын www.enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан таба аласыз. Онда ақпарат үнемі жаңартылып тұрады, сондай-ақ байланыс орталығының 1418 телефонына хабарласа аласыз (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін).

Азаматтардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын дер кезінде жүзеге асыруға мүмкіндіктері болу үшін БЖЗҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері жұмыс істейтін болады.     

«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері барлық операциялық бөлімшелердің таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтіндігін хабарлайды. Басты мақсат – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған немесе туындайтын салымшылардың осы төлемдерді рәсімдеу құқығын жүзеге асыру.     

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы орынбасарының Қостанай облысына іссапары

2017 жылғы 29 қарашада Қостанай қаласында «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевпен кездесті. Кездесу барысында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысы, жай-күйі және облыс тұрғындарын осы жүйемен қамту мәселесі талқыланды. Ресми деректерге сәйкес Қостанай облысы халқының саны 884 мың адамды құрайды. Олардың ішінде 519 мың адам – экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар (58,8%).

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша 505,9 мың шот тіркелген. Ал зейнетақы жинақтарының көлемі 329,8 млрд теңге болды. Бұл Қазақстан Республикасы бойынша барлық зейнетақы жинақтарының 4,5 пайызын құрайды. Сондай-ақ, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ашылған 25,4 мың шотта 6,2 млрд теңге жинақталған. Бұл республика бойынша сәйкес жинақтардың 5 пайызын құрайды. Ал облыста 1,9 мың адам ерікті зейнетақы шоттарын ашқан. Олардағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 0,05 млрд теңге.

Кездесу қорытындысы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Қостанай облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылды. Осы келісімге сәйкес алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, зейнетақы жинақтарының негізі және салымшының құрметті демалысқа шыққан кездегі тіршілігін қамтамасыз ету көзі ретінде зейнетақы жарналарының тиімділігін дәріптеу бойынша бірлескен игі шараларды жүзеге асыру көзделеді. Сонымен қатар БЖЗҚ Меморандум аясында әкімдіктің қолдауымен жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдарда облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялайтын болады

Түстен кейін Сәуле Егеубаева «Баян сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасының ұжымымен кездесті. Онда Сәуле Асқарқызы отандық зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, зейнетақы жинақтарының қалай инвестицияланып, одан түскен инвестициялық табыстың қалай есептелетіндігі, салымшының қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігі, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді түрде қатысып, зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұру қажеттігі жайында жан-жақты әңгімелеп берді. Бұдан өзге, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері мәселесі талқыланды. Естеріңізге сала кетелік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар кездесу барысында әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтуға қатысты заңнамалық нормалар түсіндірілді. «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары өз кезегінде зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша ақпарат берудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Қордың өз қызметі туралы да айтылды. Бүгінгі таңда облыста Қордың 20 бөлімшесі жұмыс істейді (облыстық филиал және ірі қалалар мен аудан орталықтарындағы дербес қызмет көрсету орталықтары). Өткен жылы оларда 316 мыңнан астам операция жасалған.

Биыл жаңа электрондық қызметтер іске қосылғалы бері, салымшылар Қор кеңселеріне келмей-ақ, қашықтықтан барлық дерлік маңызды операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды. Олар: зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру, үзінді-көшірме және шоттың бар-жоғы туралы анықтама алу, деректемелер мен хабарлау тәсілін өзгерту туралы қызметтер. Сәуле Егеубаева Қордың 2017 жылдың соңына дейін өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын қолданысқа енгізуді жоспарлап отырғандығы туралы айтты. Бұл жоба өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін дамыту аясында жүзеге асырылып жатыр. Айта кетелік, аталмыш жүйе электрондық қызметтерді Қор мамандарының көмегінсіз алуға мүмкіндік береді.         

БЖЗҚ өзінің көрсететін қызметтерін тұрақты түрде жетілдіру үстінде және олардың сапасы мен қолжетімділігін арттыруға күш салады. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                       

    БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік

БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті

Алматы, Қазақстан

2017 жылғы 12 желтоқсанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында Ашық есік күні өтті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелердің заманауи жай-күйін салымшыларға түсіндіріп, халыққа насихаттауды жалғастыруда. Бұл жолы салымшылар үшін өзектілігі мен маңызын ешқашан жоғалтпайтын зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік тақырыбы алынды.

Аталған іс-шараға келгендер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының қалай жиналып, түрлі қаржы құралдарына инвестиция түрінде қалай құйылатындығы жөнінде хабардар болды. Инвестициялаудан түсетін табыстың инфляция деңгейінен жоғары немесе төмен болуы мүмкін екеніне орай нақты жинақ пен салынған жарна сомасы арасында айырма сомасы пайда болады. Бұл айырма алушыларға зейнетақы төлемдерін алуға құқық берілген кезде төленеді. Мемлекет кепілдігі бойынша төлемге құқықтың кімге берілетіні, сондай-ақ төлемді алу үшін қайда бару керектігі жайлы Қор қызметкерлері толық айтып берді.

Ашық есік күні бағдарламасында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тұсаукесері қамтылған. Онда Қазақстан Республикасында зейнетақы жинақтарының сақталуы мен табыс мәселелеріне қатысты толық ақпарат таратылды. Іс-шараға қатысушыларға тұсаукесерден соң өздерін қызықтыратын барлық сауалдар мен жеке кеңес алу мүмкіндігі берілді.

БЖЗҚ Қостанай филиалының қызметкерлері елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей жүйесі жұмыс істейтінін атап көрсетті. Мемлекет БЖЗҚ-ға нақты салынған міндетті зейнетақы жарналарын зейнетке шыққан сәттегі инфляция деңгейін ескеріп сақтауға кепілдік береді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес алушыларға мемлекет БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдеріне құқық берілген сәттегі инфляция деңгейін ескеріп, нақты салынған зейнетақы жарналары мөлшерінде сақтауға кепілдік береді. Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққан кезде оның жеке зейнетақы шотындағы табыстылықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңіндегі инфляция деңгейіне қатынасы есептеледі. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляция деңгейінен төмен болатын болса, мемлекет бұл айырмашылықты өтейді. «Бұл қаржы нарықтарында жағдайдың қалай өрбитініне және инвестициялық табыстың қандай болатынына қарамастан, салымшылардың жинақтары сенімді түрде қорғалады деген сөз. Зейнетақы активтерін сақтау кепілдігі барлық жинақтың БЖЗҚ-ға шоғырландырылуы арқылы да қамтамасыз етіледі. БЖЗҚ акционері – Үкімет, ал сенімді басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» - деп түсіндірді Қостанай филиалының директоры Сауле Козбакова.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күнін тұрақты түрде өткізеді. Дәл осы күні кез-келген адамға Қордың стандарт қызметтерінің топтамасы ұсынылып қана қоймай, сонымен қатар олар зейнетақы жүйесі және Қордың жалпы жұмысы жайлы жаңа мәлімет ала алады.

Қостанай филиалында іс-шараға шамамен 170 қала тұрғыны келді. Ашық есік күніне алғаш келген салымшылардың бірінің сөзіне сүйенсек, іс-шара өте қызықты болған. «Мен жаңа әрі пайдалы көп ақпарат алдым. Жеке кеңес алып, келешекте де осындай кездесулерге келіп тұратынымды түсіндім. Енді өз туыстарыма, таныстарыма, әріптестеріме, көршілеріме де келуге кеңес беремін. Зейнетақы мәселесі баршамызға қатысты. Сондықтан біз зейнетке шыққанда болатын өзгерістер, жаңалықтар туралы біле жүруіміз керек. Ең бастысы, жинағымыз түгел», - деді іс-шараға қатысушы.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік топтамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік

 

2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ филиалдарында биыл төртінші рет Ашық есік күні өтеді.  Бұл жолы салымшылар үшін өзекті әрі маңызды мәселе зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттің беретін кепілдігі туралы тақырып төңірегінде өрбімек.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларды зейнетақы жүйесіне байланысты барлық мәселе бойынша хабардар ете отырып, жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде. 

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында елімізде зейнетақы жүйесін реттеудің заңнамалық базасы қалыптастып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік енгізілгені көрсетілген. Тұжырымдамалық ережеге сәйкес жарналар жинақталып, қаржы құралдарына инвестиция түрінде құйылып, кіріс инвестициялық қызметтің нәтижелері мен қаржы нарықтарының жай-күйіне байланысты қалыптасатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зейнетақы жинақтары есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары тізбесіне енгізілген қаржы құралдарына зейнетақы активтерін орналастыруды жүзеге асырады.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей үлгісі қолданысқа енген. «Бұл үлгіге сәйкес «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабы негізінде төлемдерді алу құқығы басталған кезде әрбір алушыға инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) сомасы және жеке зейнетақы шотындағы олардың зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма сомасы жеке есептеледі. Осылайша, 5-бап  зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдікті көздейді» -деп «БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалында атап өтіледі. 

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары қалай жиналып, түрлі қаржы құралдарына қалай инвестицияланады, кімнің мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алуға құқығы бар, сондай-ақ, төлем алу бойынша қайда хабарласу керектігін мамандар 12 желтоқсанда өтетін тұсаукесерде жан-жақты түсіндіріп беретін болады. Сондай-ақ,  БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының тұсаукесерден кейін бірден өздерін қызықтыратын барлық сауалдарға толық әрі жан-жақты жауап және жеке консультация алуларына мүмкіндіктері бар. 

«БЖЗҚ» АҚ-да бірінші Ашық есік күні ағымдағы жылдың 31 наурызында өткенін және «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» тақырыбына арналғанын естеріңізге саламыз.  Екінші іс-шара 30 маусымда «БЖЗҚ барлығына қол жетімді» тақырыбында өтсе, «Төлемдер – жинақтар нәтижесі» атты үшінші Ашық есік күні 29 қыркүйекте өтті.  Қор келесі жылы салымшылардың барынша қызығушылығын тудырған түрлі тақырыптар бойынша тоқсан сайын бір рет осы тектес іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.


«БЖЗҚ» АҚ  «Зейнетақы жинақтарын сақтауға мемлекет кепілдігі» атты тақырып бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады

 

         АО «БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы  12 желтоқсанда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Қостанай қ., Әл-Фараби, 74 үй, (Атриум СҮ) 1-ші қабат мекенжайында өтетін Ашық есік күні шарасына шақырады

 

          Шараға қатысушылар қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қалай жұмыс істейді, ең бастысы мемлекет бұл жинақтардың сақталуына қалай кепілдік береді деген мәселелерді біле алады.

-         Мемлекет кепілдігі бойынша төлемді алуға кімнің құқығы бар?

-         Мемлекет кепілдігі бойынша төлемді алу үшін қайда жүгіну керек?

-         Инфлияция деңгейінен төмен емес инвестициялық табысты ескере отырып,зейнетақы жинақтарының сомасы мен енгізілген жарналардың арасындағы айырма сомасын төлеу тәртібі қандай?

-         Зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдік қандай жағдайларда төленеді?

          Осы және өзге де сауалдарға «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері тарапынан толық және жан-жақты жауап берілетін болады.

          Барлық қатысушылардың зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекет кепілдігіне қатысты өздерін қызықтыратын сауалдарға, сондай-ақ, дербес кеңес алуларына мүмкіндіктері бар.


5 сұрақ

1. Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында  зейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құжаттар топтамасы ұсынылған соң БЖЗҚ белгіленген мерзімде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады (ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ережеге сәйкес 10 жұмыс күні белгіленген, бірақ іс жүзінде бұл бар болғаны 3-4 күнді алады).

Қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (Қорға өзі келгенде/пошта байланысы/үшінші тұлға арқылы жүгінгенде), сондай-ақ төлем валютасының түріне қарай өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ веб-сайтында орналастырылған.  

БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы және алушының банктік шоты туралы мәліметтер қажет.   

Сенім білдірілген тұлға немесе қамқоршы арқылы жүгінгенде:

1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

2) нотариат куәландырған сенімхат немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі/заңды өкілдің куәлігі/заңды өкілді тағайындау туралы анықтама;

3) сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

4) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Пошта байланысы арқылы жүгінгенде: БЖЗҚ белгіленген нысандағы алушы өздігінен толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтініш бланкісінің өзекті нысаны  - №3 қосымша, БЖЗҚ web-сайтында орналастырылған), бұл ретте алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса); 

2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

3) БЖЗҚ белгіленген нысанға сәйкес зейнетақы төлемдерін жасау тәртібі мен талаптары туралы қосымша келісімді алушының өзі 2 нұсқада толтырады және қол қояды (келісім бланкісінің өзекті нысаны «БЖЗҚ» АҚ web-сайтында орналастырылған);

4) алушының банктік шоты туралы мәлімет.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

 

2. Зейнетақы жинақтарын алу барысында түпкілікті сомаға қандай салық салынады?

             «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 158, 160 және 170 - бабына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерi төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын табысқа жатады. Зейнетақы төлемдерін алушыдан Салық кодексінде қарастырылған түзетулер мен салық шегерімдерін ескере отырып, 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынады. Жеке табыс салығы зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалардан салық шегерімі қолданылған соң барып зейнетақы төлемдерінен ұсталады. Салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы салынбайтын, ең төмен жалақы мөлшеріндегі салық шегерімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген. Ол әрбір табыс есептелген айда қолданылады.  

Кіріс түзетулері қолданылмайтын адамдар үшін жеке табыс салығы салынбайтын салық шегерімінің сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшеріне тең. Басқа сөзбен айтқанда, биыл ең төмен жалақы мөлшері 24 459 теңгені құрайды. Сәйкесінше жеке табыс салығы салынбайтын жылдық сома 293 508 теңгені құрайды деген сөз (12 x 24 459). Мысалы, зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы 937 350 теңгені құрайтын болса, бұл сомадан 293 508 теңгені алып тастаймыз, сонда 643 842 теңге қалады. Мінеки, осы 643 842 теңгеге жеке табыс салығы салынады. 

БЖЗҚ кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдеріне өткен жағдайда да республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күніне қарай қолданыста болған бір ең төмен жалақы мөлшерінде салық шегерімі қолданылады. Сәйкесінше егер кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің сомасы ең төмен жалақыдан аз болатын болса, онда зейнетақы төлеміне жеке табыс салығы салынбайды.


3.     Қазір зейнеткерлер өздеріне тиесілі зейнетақы жинақтарының жылдық сомасын тұрақты пайыздық сыйақы алу мақсатында банк депозитіне салу мүмкіндігіне ие. Ал 2018 жылдан бастап олар бұл мүмкіндіктен айрылады. Сонда зейнетақы жинақтарының табыстылығы қалай болады, олар құнсызданып кетпей ме?

Қазіргі таңда зейнеткерлердің басым бөлігі БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша жылына бір рет, яғни «жыл сайынғы» кесте бойынша алады. Ал «ай сайын» және «тоқсан сайын» алу мүмкіндігін пайдаланғылары келмейді. Сәйкесінше алушылар БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін зейнетақы ретінде емес, жәй жинақталған сома ретінде қабылдайды. Сөйтеді де жылдық соманы алып, оны балалары мен немерелерінің оқуларына, той-томалаққа және әр түрлі сатып алуларға жұмсайды.  

Тек кейбір зейнеткерлер ғана бұл соманы ай сайын немесе жыл сайын пайыздық сыйақы алып тұру үшін депозитке салады. Дейтұрғанмен, депозит бойынша сыйақы ретінде есептелген пайыздар, күнделікті қажеттілік үшін жоғары табыс әкеле қояры неғайбыл. Ал БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары тұрақты түрде инвестицияланады және табыс әкеледі. Заңға сәйкес БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сенімгерлікпен басқарады.

ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық стратегиясы зейнетақы активтерін әртараптандыруға бағытталған. Қазіргі таңда зейнетақы активтері ұзақ мерзімді келешекте тұрақты табыс алу және тәуекелдерді төмендету мақсатында теңге және шетелдік валютада номинирленген әр түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады.

Қазіргі таңда зейнетақы активтері мемлекеттік құнды қағаздарға, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланған. Сонымен қатар екінші деңгейдегі отандық банктер мен шетелдік банктердің депозиттеріне салынады және сенімді шетелдік эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алуға жұмсалады. Инвестициялық басқару нәтижесінде инвестициялық табысқа қол жеткізіледі және ол салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына күн сайын есептеліп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, зейнетақы шотынан зейнетақы төлемдері төлене бастаса да, шотта қалған қаражат инвестицияланып, оларға табыс түсіп отырады.

«Қазақстанда зейнетақымен қамзсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет зейнеткерлік жасқа толған алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.


4.     Салымшы қанша қаражат жинағандығын және шотына қандай инвестициялық табыс есептелгендігін қалай біле алады?


Бұл салымшы үшін ең басты ақпарат. Оны мынадай жолдармен алуға болады: Нақты айтар болсақ: 

- салымшы зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);

- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жеткізіледі);

- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады);

- логин мен құпия сөзді (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөліміне кіріп, (логин мен құпия сөзді қолдану арқылы ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады) өтініш жасау арқылы ала алады.

- egov.kz электрондық үкіметі арқылы. Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтар» категориясы – «Әлеуметтік қамсызданлдыру» айдары - «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде қолжетімді. Бұл қызметті пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталында тіркелу қажет.   

2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 786 365 мың адам үзінді-көшірмелерін өздерінің электрондық мекенжайларына алса, шамамен 3,7 млн адам ақпаратты сайт арқылы және әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие.  

Бір миллионнан астам адам ұялы қосымшаны пайдалана бастады. Мұның барлығы тұрғындардың зейнетақы жинақтарына деген қызығушылығының арта бастағандығын көрсетеді.  Ал оның көлемі тұрақты түрде артып келеді. Естеріңізге сала кетелік, 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,5 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бергі өсім 853 млрд теңгені құрады.

2017 жылдың 9 айы ішінде салымшылардың зейнетақы шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 462 млрд теңгеден асты. 2017 жылдың 1 қаңтарынан 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,68 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция 4,2 пайыз болды.


5.     Зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның жинағын кім және қалай ала алады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабының 5-ші тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, зейнетақы Қоры қажет жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде (2269*52,4 = 118 895, 6 теңге) жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бірақ, бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. Айта кетелік, жерлеуге арналған соманы Қазақстан Рееспубликасының резиденті алатын болса, оған салық салынбайды. Егер, жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған ақшаның сомасы ең төмен зейнетақы мөлшерінен (биыл бұл соманың көлемі - 31 245 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемге қосылып төленеді.

Зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және аталмыш Заңның 31-33 – баптарының 2 тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес мұраға қалдырылады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады. Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi - тең үлеспен алады. Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады. Мұрагерлікке құқығы бар тұлғалардың толық тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген. Ал қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарын алуға қажетті негізгі құжаттардың бірі, ол – мұрагерлік құқығы туралы куәлік. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дағы мұраға қалдырылған зейнетақы төлемдері мысалы, мұрагерлік құқығы туралы куәлікте көрсетілген үлес бойынша бір жолғы төлем ретінде жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы төлемдеріне 10 пайыз көлемінде жеке табыс салығы салынады және салық заңнамасында қарастырылған түзетулер ескеріледі (алушыда жеке табыс салығы бойынша жеңілдік бар болған жағдайда). Бұл ретте мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ-ға негізгі құжаттармен қатар:  

зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылады.

Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алуға арналған құжаттардың толық тізімі БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» айдарының «Алушыларға» деп аталатын бөлімінде орналастырылған.



БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті

Қазақстандықтардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты сонау екі мыңыншы жылдардың басында жасасқаны белгілі. Ол кезде енді-енді жеке зейнетақы қорлары пайда бола бастаған шақ.

Әрине, барлығымыз да шартқа өзіміздің пошталық мекенжайымызды көрсеттік. Ол кезде электрондық пошталары бар адамдар саусақпен санарлық болатын. Жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған кезеңнен бері салымшылардың көпшілігі өздерінің жеке деректемелерін өзгертуге асықпады. Қорға келіп, дерекқордан өздерінің мекенжайын, телефон нөмірін тексеріп те жатпады.    

«Жұмыс беруші аударып жатыр ғой. Демек, барлығы да дұрыс» - дегендер де болды. Жасыратыны жоқ, көпшілігіміз әлі күнге дейін бұрынғы дағдылы әдіспен, жинақтарымыздың жай-күйі туралы деректерді пошта байланысы арқылы аламыз. Ал уақыт бір орнында тұрмайды. Бүгінде адамдар өмір ағысына қарай, бұрынғыға қарағанда жиі көшіп-қонатын болған.

Сол үшін де көпшілігіміздің мұндай конвертті көрмегенімізге бірнеше

жылдың жүзі болып қалғанын жоққа шығаруға болмайды.  

БЖЗҚ жыл сайын салымшылардың бұрынғы мекенжайларына пошта байланысы бойынша ішіне үзінді-көшірме салынған конверттерді жыл сайын жібереді. Бірақ, өкінішке қарай талай конверт «Хат алушы көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайды» деген белгімен кері оралады. 

Ал енді ойланып көріңізші, осы конверттерді дайындап, салымшыға жеткізуде қаншама жұмыстар атқарылды, қаншама ақша шығындалды десеңізші! Міне осыдан барып, «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?» деген жауыр болған сұрақтар тағы да мазалай бастайды.  

Егер бірінші сұрақтың жауабы айтпаса да түсінікті болса, екінші сұраққа  толығырақ тоқталайық. 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабы 4-ші тармағының 1) тармақшасына сәйкес

міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барлық өзгерістер туралы хабарлауға міндетті.

Нақты айтар болсақ:

1. Егер Сіз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты «пошта байланысы» арқылы алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген пошталық мекенжайдың өзгергені туралы,   

БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзіңіз келгенде немесе пошта байланысы арқылы хабарлауыңызға болады. Бұл ретте фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты, туған күніңіз, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіліп, жеке куәліктің қосымшасы қоса беріледі. 

2. Егер Сіз зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты «электрондық пошта (e-mail)» бойынша алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ақпарат беру тәсілін өзгерту/айқындау туралы келісімде көрсетілген электрондық поштаны өзгерту туралы тек БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзіңіз келгенде барып хабарлай аласыз. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Заңға сәйкес атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етеді.

Егер Сіз бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта ақпарат беру тәсілін белгілемеген болсаңыз, БЖЗҚ кеңсесіне өзіңіз келіп, БЖЗҚ-мен хабарлау тәсілін өзгерту/айқындау туралы келісім жасау арқылы ақпарат беру тәсілін таңдай аласыз немесе өзгерте аласыз.   

Хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісім жасау үшін және (немесе) Жеке деректемелеріңізге өзгерістер енгізу үшін, қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы керек. Онда жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген болсын. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беруді салымшы (алушы) таңдаған тәсіл бойынша жүзеге асырады. 

Ал бұл:

1) БЖЗҚ кеңсесіне келіп өтініш жасау;

2) электрондық тәсіл – бұл ретте, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады;

3) пайдаланушының логині ретінде тіркелген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпия сөзі (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып интернет арқылы алу; 

4) пошта байланысы арқылы алу.

Жоғары технология заманында әрине, жеке зейнетақы шоты туралы ақпарат алудың ең қарапайым, ыңғайлы және үнемді тәсілі ол – ақпаратты интернет арқылы алу. Хабарлаудың осы тәсілін таңдау арқылы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет қана емес, Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.   

Бұл қосымша Google Play (Android), АppStore (iOS) и Windows Phone Marketplace (Windows Phone) ресми қосымшылар дүкендерінде орналастырылған. Оны тегін жүктеп алуға болады.

Қосымша қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларда жұмыс істей береді.

Сондай-ақ жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты

ҚР электрондық үкіметі порталында (www.egov.kz) тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алған жағдайда осы сайттың «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімдеріне кіріп алуға болады. Ал электрондық цифрлық қолтаңбаны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясынан алуға болады.

БЖЗҚ-ның салымшылары (алушылары) онлайн тәртібінде өздерінің жеке зейнетақы шотының жай-күйін үзінді-көшірме арқылы көре алады.  

Айтпақшы, Сіз үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдай аласыз.

Үзінді-көшірмелерді онлайн сервистер (БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайты, электрондық үкіметтің www.e-gov.kz сайты немесе ұялы қосымша) арқылы алу барысында салымшыға жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы маңызды деректерді онлайн тәртібінде – тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы алу мүмкіндігі беріледі.  

Осылайша, БЖЗҚ өзінің салымшыларына зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілін ұсынады. Әрбір салымшы өзіне ыңғайлы тәсілді таңдап, жинақтарының жай-күйін біле алады.

Бұл үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті бөлімшесіне (қазіргі таңда олардың саны республика бойынша - 231) бір рет барып өтініш білдірсеңіз болғаны. Сол жерде жеке деректемелеріңіздің өзгергені жайында немесе зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлаудың өзіңізге ыңғайлы бір немесе бірнеше тәсілін таңдағаныңызды жеткізесіз. Барлық операция 10 минуттан аспайды, есесіне алдағы уақытта қаншама уақытыңыз үнемделеді! Бұл БЖЗҚ және пошта байланысы қызметкерлері үшін де қуанышты жағдай.



Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

 

БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті

 

Алматы, Қазақстан

2017 жылғы 29 қыркүйекте, жұма күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалында «Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбында Ашық есік күні өтті.  

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осындай жұмыстар барысында зейнетақы төлемдеріне қатысты сұрақтардың барлығы да қамтылады. Қазақстандықтар, мұндай шараларға қатыса отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, оларды алуға кімнің құқығы бар екендігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алудың ерекшеліктері, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі туралы және басқа да көптеген сұрақтар бойынша толыққанды мағлұматтар алды.

 

Ашық есік күні бағдарламасы аясында «Зейнетақы жинақтарын төлеу» тақырыбында таныстырылым өткізілді. Онда елімізде зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты маңызды мағлұматтар жария етілді. Шараға қатысушыларға ағымдағы жағдайға сәйкес кесте бойынша төлемдер туралы толық ақпарат берілді.   

 

Шараға қатысушылардың барлығы белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін ала алатындығы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысында қандай салық салынатындығы, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару мүмкіндіктері туралы жан-жақты мағлұматтар алды.

 

БЖЗҚ Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері тұрғындарға таяу уақытта енгізілетін жаңа өзгерістер жайында да хабардар етті. Егер қазір зейнетақы төлемдері алушының таңдауы бойынша белгіленген кестеге сәйкес ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын төленетін болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.  

«Бұл норма зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру, оның ішінде бюджет қаражаты және зейнетақы жинақтары есебінен төленетін жиынтық зейнетақы мөлшерін арттыру мақсатында енгізіліп отыр. Басқа сөзбен айтқанда құрметті демалысқа шыққан зейнеткер мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебінен төленетін төлемдерді ай сайын алатын болады. Келешекте ортақ зейнетақы біртіндеп азайып, кейін мүлдем тоқтатылатындықтан, мұндай төлемдердің салымшы үшін ай сайынғы табыс көзіне айналатындығы сөзсіз. Ал ай сайынғы төлемдер мөлшерінің қандай болатындығы салымшының өзіне байланысты. Осылайша, бүгінде еңбек етіп жүрген жандар үшін міндетті зейнетақы аударымдары өте маңызды мәселеге айналмақ. Тағы бір айта кететін жәйт, ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерінің мерзімділігі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді», - деді Қостанай облыстық филиалының директоры Сауле Козбакова.      

 

Егер алушылардың зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен (374 940 теңге) аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленетіндігін айта кеткен жөн.

Таныстырылымнан кейін барлық қатысушылар БЖЗҚ мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу және жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күні шараларын тұрақты негізде өткізіп тұрады. Өйткені бұл күні осы шараға қатысушылар Қордың көрсетілетін қызметтерін алып қана қоймай, зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы қажетті мағлұматтарды да ала алады.    

 

Тек Қостанай облыстық өзінде аталмыш шараға 150 адам қатысты. Ашық есік күніне осымен екінші рет келген салымшылардың бірі шараның өте қызықты өткендігін жеткізді: «Мен жеке өзіме қатысты жағдай бойынша толыққанды жауап алдым, - деді ол, - әрине, БЖЗҚ-ның әр кез тың тақырыптарды қозғайтындығы және салымшылардың барлық сұрақтары мен тілектерін ескеретіндігі қуантады. Менің зейнеткерлікке шығуыма әлі бірнеше жыл бар. Бірақ зейнетақының қандай болатындығы туралы қазірден ойлау керектігін түсіндім».      

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы



хат жіберу