31.10.2019 5 сұрақ
 29.10.2019 2019 жылдың 1 қазанына қарасты БЖЗҚ-ның негізгікөрсеткіштері
 16.10.2019 2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесі туралы білімдерін жетілдіріп,сертификаттар алды
 15.10.2019 БЖЗҚ өзінің географиясын кеңейтіп жатыр
 07.10.2019 БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді
 01.10.2019 Ұялы қосымшаның жаңа мүмкіндіктері
 01.10.2019 5 сұрақ айдары
 30.09.2019 Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау
 30.09.2019 Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту
 23.09.2019 «БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»
 13.09.2019 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есіккүніне» шақырады
 13.09.2019 БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні
 04.09.2019 5 сұрақ
 22.08.2019 2019 жылдың 1 тамызына қарай БЖЗҚ-ның негізгікөрсеткіштері
 07.08.2019 БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін ескертеді
 06.08.2019 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақыактивтерінің инвестициялық портфелі
 02.08.2019 Бірыңғай жиынтық төлем-Жартыжылдық қорытындысы
 02.08.2019 «БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысын жариялады
 01.08.2019 Алгоритмді жеңілдету-уақытты үнемдеу
 01.08.2019 «Бес сұрақ» айдары
 02.07.2019 Салымшылардыңалтын уақыты үнемделеді
 02.07.2019 Салымшыларға ақпарат беру тәсілдері
 01.07.2019 «Бес сұрақ» айдары
 24.06.2019 «БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында «Ашық есік күні» шарасы өтті
 14.06.2019 БЖЗҚАшық есік күнін өткізеді
 14.06.2019 «БЖЗҚ» АҚ«Ашық есік күні» шарасына шақырады
 10.06.2019 «Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба?
 05.06.2019 БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамынойлайды
 05.06.2019 Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімдеңгейі артты
 05.06.2019 «БЖЗҚ» АҚ құрылғаннанбері жинақталған инвестициялық табыс оңсипатқа ие
 05.06.2019 «Бес сұрақ» айдары
 15.05.2019 Шалғайдағы елдімекендердіңтұрғындары «БЖЗҚ» АҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде ала алады
 13.05.2019 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдеріненұсталған жеке табыс салығын қайтару туралы
 13.05.2019 2019 жылдың1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚзейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
 03.05.2019 Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік
 03.05.2019 2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері
 03.05.2019 «Бес сұрақ» айдары
 19.04.2019 Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары. Жұмыскердің әлеуметтік жауапкершілігі.
 03.04.2019 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу
 03.04.2019 5 сұрақ
 12.03.2019 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есіккүні» шарасына шақырады
 12.03.2019 2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағыөзгерістер
 07.03.2019 Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу аясында БЖЗҚ-ға жарналар түсе бастады
 06.03.2019 Жыл басынан бері фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлердің «БЖЗҚ» АҚ-тағы зейнетақышоттарына 4,2 млрд теңге түсті
 05.03.2019 2019 жылдың қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-та жеке зейнетақы шоттарыавтоматты түрде ашылады
 05.03.2019 Зейнетақы калькуляторы
 04.03.2019 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу
 01.03.2019 «БЖЗҚтуралы маңызды сұрақтар» айдары
 01.03.2019 «БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларға ақпарат беру бойынша атқарылғанжұмыстар туралы хабарлайды

Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметі көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметтің ішінде үздіктердің бірі болып танылды 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі үздік бестіктің қатарына енді.   

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты қоғамдық мониторинг 2018 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында өткізілді. Зерттеу барысында Қазақстанның барлық өңірлерінде 10 000 қызмет алушы арасында сауалнамалық сұрау жүргізілді. Бұл ретте көрсетілетін 60 мемлекеттік қызмет  негізге алынды.

Мониторинг аясында қызмет алушылар арасында сауалнамалық сұрау жүргізіліп, қызмет көрсетуші мен қызмет алушылардан тиянақты сұхбаттар алынды. Сонымен қатар «Құпия сатып алушы» әдісі бойынша бақылау жүргізіліп, бірқатар фокус-топтық талқылаулар ұйымдастырылды.

Зерттеу жүргізудегі мақсат – қызмет алушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанушылық деңгейін бағалау. Бұл ретте ақпараттың қолжетімділігі, қызмет көрсету мерзімінің сақталуы, қызмет көрсету деңгейі (сыпайылық, біліктілік, қызметкерлердің шапшаңдығы), құжаттардың дұрыс рәсімделуі, шарттардың ыңғайлылығы ескерілді. 

Зерттеу қорытындысы бойынша БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметіне баға беру барысы ақпараттың сапасы мен қолжетімділігі, жеделдігі мен құзыреттілігі бойынша жоғары нәтижелер көрсетті: сауалнамаға жауап берушілердің 80,4 пайызы қызметтер бойынша ақпараттың ашықтығына және қолжетімділігіне риза. Бұл ретте жауап берушілердің 82,9 пайызының пікірінше ақпараттар ашық және шынайы. Жауап берушілердің 88,3 пайызының қызметтердің көрсетілу мерзіміне және 92,1 пайызының құжаттардың жиналу және әзірлеу мерзіміне көңілдері толады.  

Сауалнамаға қатысушылардың 79,8 пайызы қызмет көрсетушінің мамандарының біліктілігін жоғары бағаласа, 80,7 пайызы үшін қызметкерлердің сыпайылығы, әдептілігі қанағаттанарлық деңгейде болды. Сонымен қатар қызметкерлерінің шапшаңдығын сауалнамаға жауап берушілердің 81,3 пайызы атап өтсе, 80,4  пайызы қызмет көрсетушіге сенеді.    

Көрсетілетін қызметтерді барынша әділ бағалау үшін «Құпия сатып алушы» әдісі де қолданылды.  Ол БЖЗҚ филиалында және Астана қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде жүзеге асырылды. Құпия сатып алушы көрсетілетін қызметтердің сапасын үш өлшем бойынша бағалауы тиіс болды. Олар: 1) ақпаратты сайттан іздеу, 2) ақпаратты стендтен іздеу, 3) байланыс орталығына қоңырау шалу.   

Құпия сатып алушы БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kz сайтын жоғары бағалады. Ол сайттың интерфейсін, онда байланыс орталығының телефон нөмірі бар екендігін, бір бөлімнен екінші бөлімге тез ауысуға болатындығын және ақпараттардың орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді екендігін атап өтті. Қордың байланыс орталығы жұмысының сапасына да жоғары балл берілді. Өйткені, Қор маманы байланысқа тез шығып, қойылған сұрақтардың барлығына нақты және толыққанды жауап берген.

БЖЗҚ-ның Астана қаласындағы филиалына барған кезде де қызмет көрсетуші қызметкерлердің жұмысына Құпия сатып алушының көңілі толды.  

«Операция бөлімінің қызметкері менің барлық сұрақтарыма жауап берді және тіпті зейнетақы жарналарының түсуіне қатысты ақпаратты поштама жіберуді ұсынды. Ол сонымен қатар БЖЗҚ ұялы қосымшасының бар екендігін айтып, тіркелуге көмектесті. БЖЗҚ ұялы қосымшасы мен БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет өте ыңғайлы. Зейнетақы жарналарының түсуін үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік бар».

Бұл зерттеудің негізгі нәтижелері тұрғындардың «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету сапасына көңілдері толатындығын көрсетті. Ал бұл Қорды қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіруге ынталандыра түседі. 

Мониторинг нәтижесі бойынша толық есепті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтынан мына сілтеме бойынша:   https://nationalbank.kz/?docid=3525&switch=kazakh көре аласыз.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



«Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды        

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге, олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша жеке зейнетақы шотының және онда қаражаттың бар болуы туралы анықтама береді.    

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы Шарт жасалды. Бұл шара «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген болатын.

Енді аталған Шарт аясында нотариустар өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы онлайн тәртібінде (БЖЗҚ-ға хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.      

Қор өз кезегінде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады.

Бұл қызмет нотариустарға жүгінген мұрагерлердің уақытын үнемдейді және қағаздық құжатайналымын жояды.          

   

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшіне енетіндігін       хабарлайды. Соған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады.    

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйін мынадай тәсілдермен білуге болатындығын еске саламыз. Олар:

1)     БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келіп өтініш жасау;

2)     дәстүрлі пошта байланысы;

3)     электрондық тәсіл, оның ішінде:

–        БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай;

–        логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет;

–        электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы.

          Айта кетелік, соңғы хабарлау тәсілін қолдану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) бір реттік sms-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.       

Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық тәсілмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік береді. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақыжинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар»

Біз «БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдарында тұрақты оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап беруді жалғастырамыз.

Азаматтарды ҚР Заңдарына 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер қызықтырады. Олардың кейбірі зейнетақы аударымдарына қатысты. Міне бүгін солар туралы әңгімелейтін боламыз.

 

Фрилансерлер деген кімдер?

Жауап: Фрилансерлер – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар атқаратын және (немесе) қызметтер көрсететін жеке тұлғалар. Олар жұмыс орны мен жұмыс істеу уақытын көп жағдайда өздері белгілейді және тапсырыс берушімен көп жағдайда қашықтықтан байланыс жасайды. Интернет желісі дамығаннан бері фриланстық жұмыстар әсіресе журналистика, заң, компьютерлік бағдарлама, дизайн, аударма салаларында кеңінен дамыған.     

1.      Белгілі бір мекемеде еңбек келісім-шарты бойынша жұмыс істейтін, бірақ салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қосымша табыс алатын жұмысшылар міндетті зейнетақы жарналарын қалай төлейді?

Жауап: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес агенттер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерінде төлейді. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс.

Заңның 24-бабы, 2 тармағының 5) тармақшасына сәйкес салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алған табыстан Қорға МЗЖ төлеуден босатылады.

Бұдан басқа, Заңның 39-бабы, 2 тармағының 1-1) тармақшасында көзделгеніндей, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына МЗЖ аудару құқығына ие. Бұл үшін олар жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына «010» төлем мақсатының кодын пайдалана отырып, төлей алады. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация жарналарды Қорға аударады. Бұл ретте МЗЖ мөлшері алған табыстың 10 пайызын құрайды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына бекітілген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем болмауы тиіс.    

Міндетті зейнетақы жарналарын осылайша Қорға өз еркімен аудару жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруға оң әсер етеді.

Атап өту керек, егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болса, олар жеке тұлғаларға, оның ішінде фрилансерлерге азаматтық-құқықтық шарттар бойынша төлеген табыстан МЗЖ төлейтін агентке айналады. Бұл ретте МЗЖ алған табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

2.      Қазіргі кезде елімізде еңбек келісім-шарты бойынша қос қызметті қатар атқаратын азаматтар зейнетақы жарнасын қалай төлейді? Яғни, еңбек келісім-шартын жасасқан екі мекеме де зейнетақы жарнасын аударып отырады ма?

Жауап: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын осы заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша салық агенті болып табылатын жұмыс берушілер аударады. Сәйкесінше жұмыскермен еңбек шартын жасасқан екі мекеме де БЖЗҚ-ға жұмыскердің пайдасына МЗЖ аударуға міндетті.  

3.      Үйінде отырып-ақ табыс табатын, ЖШС немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген тәуелсіз жұмысшылар салықты қалай төлейді? Жалпы оларды қалай анықтайсыздар?

Жауап: Салық мәселесі бойынша ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз.

4.      Фрилансерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын жасауға міндеттелген бе?

Жауап: Бұл сұрақ бойынша Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жүгінуіңізді сұраймыз. Бұл ретте біздің айтарымыз, жеке тұлғалардың барлығы бірдей бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тәртібін қолдана алмайды.

Атап өту керек, БЖТ 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді және ол бірнеше төлемнен құралады. Олар: жеке табыс салығы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін МЗЖ және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым.

Кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен жүзеге асыратын, сондай-ақ бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ  төлеген;  жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;  қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өсірген ауыл шаруашылығы өнiмдерін салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Ал нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер БЖТ төлеушілер болып табылмайды. 

5.      Жаңа заң қашаннан бастап күшіне енеді?

Жауап: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Заңы негізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді.

Заңға енгізілген бұл өзгерістер БЖТ енгізуге (ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді), азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар атқарып, қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін МЗЖ төлеу рәсімін оңайлатуға және МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотының өтініш берушілік сипатта ашылуын жоюға бағытталған (ол 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді). 

Енді жеке тұлғаның МЗЖ есепке алу бойынша БЖЗҚ-да ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады.



Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары

Жаңа 2019 жыл отандастарымыз үшін бірқатар республикалық заңдарға енгізілген өзгерістерден басталды. Солардың бірі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ).

Бұл не және не үшін енгізілді?

Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады.

Бұл бізге қандай мүмкіндіктер береді?

Жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметін тіркелместен жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтер көрсететін), тұрғын емес орынжайларды жалға берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Қорға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1 еселенген мөлшерінің және басқа елдімекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.

БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады. Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткізіледі, яғни, көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы мен түрі бойынша шек қойылмайды және медициналық мекемелерді таңдау құқығы беріледі. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады.

Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабілеті арта түседі. Сәйкесінше олар өздерінің төлем қабілеттілігін растап, банктен несие ала алады.     

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация төлемді төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретінде мемлекеттік кірістер органына, әлеуметтік аударым ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударым ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады.

БЖЗҚ салымшылары үшін тағы бір жағымды жаңалық! Бұған дейін МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жеке тұлғаның БЖЗҚ-ға ұсынған ЖЗШ ашу жөніндегі өтініші негізінде ашылатын. Енді 2019 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері және тұрғылықты мекенжайы бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ЕЗЖ (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.



«БЖЗҚ» АҚ тұжырымы бойынша үздік эссе авторларының есімі аталды

 

Алматы, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үздік эссе байқауының қорытындысын шығарды. Оған 250-ден астам адам қатысты 

 

Еске саламыз, 2018 жылдың қыркүйегінде БЖЗҚ 12 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар арасында «Менің атам/менің әжем – белсенді зейнеткер» тақырыбы бойынша үздік эссе байқауын жариялаған болатын. Оған қатысушылар өз шығармаларында зейнетке шықса да белсенді өмір салтын ұстанатын ата-әжелері туралы Қормен сыр бөлісті. Осылайша қарттық шақтың да адам өмірінің белсенді әрі жемісті кезеңі екендігіне тағы да көз жеткіздік. Бұған жасөспірімдердің зор ықыласпен жазған жүрекжарды шығармалары куә.       

 

Жүздеген әсерлі де шынайы жұмыстардың ішінен үздік эссені таңдау қиын болды. Алайда қазылар алқасы қазақ және орыс тілдерінде 12 – 14 және 15 – 18 жас санаты бойынша әр топтан үш жеңімпазды анықтады. Қазылар алқасының құрамында БЖЗҚ мамандары, «Ұлан» газетінің бас редакторы Жұлдыз Әбділдә, «Дружные ребята» газетінің бас редакторы Әлімжан Акбаров, «Жыл он екі ай» балалар журналының бас редакторы Талғат Айтбайұлы және балалар жазушысы Лиля Калаус бар.

 

Атап өту керек, еліміздің түкпір-түкпірінен келген хаттарды іріктеу жұмыстары: антиплагиат бойынша тексеру, мәтін мазмұнының шығарма тақырыбына сәйкестігі, шығармашылық тәсіл, сонымен қатар байқау шартын сақтау секілді бірнеше кезеңнен тұрды.            

 

Сонымен мына оқушылар жеңімпаз атанды:

12-14 жас (мемлекеттік тілде):

1.     Темірбек Жүргенов атындағы (Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы) №123-ші мектеп-лицейінің 7 «Ә» сыныбының оқушысы Ысқақ Ғалия;

2.     Жітіқара қаласындағы (Қостанай облысы, Жітіқара ауданы) №1-ші мектептің 7 сынып оқушысы Янгильдина Алина;

3.     Арал қаласындағы (Қызылорда облысы, Арал ауданы) Тарас Шевченко атындағы №13-ші мектептің 7 «А» сынып оқушысы Қаниева Маржан.

 

14-18 жас (мемлекеттік тілде):

1.     Есбол ауылының (Атырау облысы, Индер ауданы) Қалам Есқалиев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Меңдіқұлова Әйгерім;

2.     Лисаковск қаласындағы (Қостанай облысы) №1-ші орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы Гросс Александр;

3.     Олжабай батыр ауылындағы (Ақмола облысы, Ерейментау ауданы) қазақ-орыс орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Герц Виктор. 

 

12-14 жас (орыс тілінде):

1.     Федосеевка ауылындағы (Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы) орта мектептің 7 сынып оқушысы Баранова Карина;

2.     Қырық құдық ауылындағы (Ақмола облысы) орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Ербол Аяжан;

3.     Петровка ауылындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы) орта мектептің 6 сынып оқушысы Жингель Андрей.

 

14-18 жас (орыс тілінде):

1.     Қадыр Мырзалиев атындағы (Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы) орта мектептің 9 сынып оқушысы Толқынова Томирис;

2.     Искра ауылындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы) орта мектептің 9 сынып оқушысы Писалева Софья;

3.     Белов ауылындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы) орта мектептің 10 сынып оқушысы Деянова Дарья. 

 

Қазақ тілінде жеңімпаз атанғандардың эсселері балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» республикалық газетінде, ал орыс тіліндегі жеңімпаздардың эсселері «Дружные ребята» республикалық газетінде жарияланады. Бұдан басқа, бірінші орын алған оқушылардың жұмыстары Қордың «PRO ЕНПФ» корпоративтік журналының 11 шығарылымында жарық көреді. Сондай-ақ әрбір жас мөлшері мен тіл санаты тобындағы жеңімпаздар кітап дүкендеріне арналған тартулық сертификаттармен марапатталады:

1 орын үшін – 20 000 теңге:

2 орын үшін – 15 000 теңге:

3 орын үшін – 10 000 теңге.

 

Сонымен қатар байқау комиссиясы әрбір жас санаты бойынша 10 адамды ата мен әжеге деген мейірімге толы шынайы эсселері үшін құрмет грамоталарымен марапаттауды ұйғарды.

 

Құрмет грамоталарымен марапатталды:

12-14 жас (мемлекеттік тілде):

1.     Қасымхан Арузат с. Таран Таран ауданы Қостанай облысы;

 

14-18 жас (мемлекеттік тілде):

1.     Қабдрахмет Ақбота с. Новоселов Әулиекөл ауданы Қостанай облысы;

2.     Ғабдыманат Аружан с. Таран Таран ауданы Қостанай облысы

 

12-14 жас (орыс тілінде):

1.     Комарова Александра с. Первомай Мендіқара ауданы Қостанай облысы;

 

14-18 жас (орыс тілінде):

1.     Тетерятник Инга қ. Жітіқара Жітіқара ауданы Қостанай облысы

  

БЖЗҚ барлық қатысушыларды шығармашылық табыстарымен шын жүректен құттықтайды және қазылар алқасының барлық мүшесіне шексіз ризашылығын ілдіреді.

 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі оңайлатылды

 

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына (ҚР 26.12.2018ж. №203-VI Заңы) тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

 Еске саламыз, бұған дейін жеке тұлға МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін шот ашу жөнінде тиісті өтінішті рәсімдеуге міндетті болатын. 

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Айта кетелік, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналарын (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.  

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



Фрилансерлер үшін жарналарды төлеу рәсімі оңайлатылды 

 

2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Ол азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу рәсімін оңайлатуға бағытталған.    

Еске сала кетелік, азаматтардың бұл санаты 2018 жылдың шілде айынан бастап МЗЖ төлеуге міндеттелген болатын.  

Ал жаңадан енгізілген өзгерістер 2019 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді.  

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болатын болса, олар жеке тұлғалар үшін, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан МЗЖ төлейтін агентке айналады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары алатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

Ал егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалатын болса, онда фрилансерлер МЗЖ төлеуге құқылы болады. Яғни, міндетті емес. Бұл жағдайда жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналарын өзінің ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына аудара алады. Бұл үшін ол жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация жарналарды Қорға аударады. Атап өту керек, егер фрилансер өзінің осы құқығын пайдаланатын болса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететін болады.

Бұдан басқа, еңбек шарты бойынша жалдамалы жұмыскер ретінде еңбек ететін әрі жеке тұлғалармен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстар орындайтын немесе қызмет көрсететін азаматтар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша алынатын табыстан МЗЖ төлеуден босатылады.      

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс. Яғни, 2019 жылы жиынтық жылдық табыс 25 500 000 теңгеден асатын болса, бұл сомадан артық алынатын табыс МЗЖ төлеуден босатылады.      

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



Қостанайдақазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қорытындылары мен даму келешегі талқыланды 

11 желтоқсанда Қостанай қаласында«Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығы. ҚР зейнетақы жүйесінің негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Форум-кеңес түріндегі отырыс БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлері және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Медициналық сақтандыру қоры, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ кәсіподақтар, кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен аталмыш жүйенің бастауында тұрған тұлғалар, БАҚ өкілдері, сарапшылар және салымшылар (алушылар) қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу себептерін, БЖЗҚ-ны құрудың артықшылықтары мен кемішін тұстарын, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Сонымен қатар қазақстандықтар, әсіресе жастар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жүйеге тарту мәселелері, сондай-ақ зейнетақы капиталын қалыптастыруда ерікті зейнетақы жарналарының алар орны бойынша пікір алмасты. 

Отырысты Қостанай облыстық филиалы директоры Козбакова Сауле Бахитовна ашты. Ол ниет білдіріп, бүгінгі жиынға қатысуға келген азаматтарға алғысын білдіріп, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметіне қатысты мәселелерді талқылауда жемісті еңбек тіледі.Өз сөзінде филиал басшысы Қор тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабардарлығын, сондай-ақ қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды ерекше атап өтті.   

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бұдан 20 жыл бұрын Қазақстанның  ТМД елдері арасында тұңғыш рет зейнетақы реформасын жүргізіп, дұрыс қадам жасағанды туралы тұжырым жасады. Бүгінде жүйе орнықты және өзінің дағдарысқа төзімділігін дәлелдеді және даму әлеуеті жоғары. Жиынға қатысушылар сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы, табыстылығы, барабарлығы көп жағдайда елдегі экономикалық ахуалға тәуелді екендігін атап өтті. Өйткені экономиканың нақты салаларының өсуі еңбек өнімділігі мен халықтабысының артуына септігін тигізеді. Инфляцияның төмендеуі, экономикада бағалардың тұрақталуы зейнетақы жинақтарының нақты құнына оң әсер етеді. Экономикалық тұрғыда белсенді халықтың жұмыспен барынша толық қамтылуы оларға алған табыстан өз пайдасына зейнетақы жарналарынтұрақты аударып тұруға мүмкіндік береді. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ

www.enpf.kz сайтында).


«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



БЖЗҚ жастарға есігін ашты   

2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ Қостанай облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өтті. Оған   276 адам қатысты. Алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен бірге жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылды. Қостанай облыстық филиалының директоры Козбакова Сауле Бахитовна атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән береді.  

- Қазір зейнеткерлер зейнетақысының негізгі бөлігін мемлекеттік бюджеттен алатын болса, келешекте бүгінгі оқушылар мен студенттердің зейнетақы көлемі негізінен олардың өздерінің аударған жинақтарына байланысты болады. Сондықтан оларды мектеп табалдырығынан бастап зейнетақыны жоспарлауға үйретуіміз керек, - дейді филиал жетекшісі. 

 Қор қызметкерлері Ашық есік шарасына келгендерге  зейнетақы қызметтері мен кеңес алу жолдары туралы айтып берді. Сонымен қатар шараға қатысушылар қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығымен және  кеңес алу жолдарымен танысты. 

Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бірі.  БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын  уақыт талабына сай дамытуға тырысады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді.   Республиканың бүкіл аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Көшпелі қызмет тиімді  ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.

 Биыл көктемде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кеңселер іске қосылды. Келесі жылы көліктегі кеңселер еліміздің тағы 12 аймағында жұмысқа кіріспек. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жетілдіру үшін барлық өңірлік филиалдарда терминалдар, 10 қалада ақпараттық дүңгіршіктер орнатылған. Сонымен қатар көптеген қызмет түрлері ЕНПФ сайты, egov.kz электрондық үкімет сайты және биыл іске қосылған  telegram-бот арқылы да қолжетімді. Салымшыларға кеңес беру үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Толғандырған сұрақтарды Қор төрайымының блогына немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларға жолдауға болады.   

- БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Осының арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы  немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», -деп атап өтті қор қызметкерлері.      

Қор өкілдерінің айтуынша, электрондық тәсілмен міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі жеке зейнетақы шоттарын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама алуға, деректемелерді немесе ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Сондай-ақ, Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердің шамалас мөлшерін есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы бар. Қор қызметкерлері шараға қатысушыларға жеке кеңес беріп, оларды қор қызметтеріне өз бетінше жүгіну тәсілдеріне, жеке кабинет ашуға, ұялы қосымшаны қолдануға үйретті. Шараға қатысушы жастар арасында зейнетақы жүйесі туралы сұрақтар бойынша викторина ұйымдастырылды.

- Мен бүгін зейнетақы жүйесі туралы, Қор қызметтерін интернет арқылы қалай пайдалунға болатыны туралы көптеген қызықты мағлұмат алдым.  БЖЗҚ ұялы қосымшасын телефоныма жүктедім, енді ата-анамды оны қалай пайдалану керектігіне үйретемін, - дейді шараға қатысушылардың бірі.

БЖЗҚ АҚ Ашық есік күнін екінші жыл қатарынан тоқсан сайын өткізіп келеді. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы біліп қана қоймай, жеке кеңес те ала алады. Осы уақыт аралығында аталмыш шараға 30 мыңға тарта адам қатысты.   

БЖЗҚ Қостанай облыстық филиал 


Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр. Олар салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.  

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Терминалдарда ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгеріс енгізу (43,03%).

Қазіргі кезде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен ала алады. Ал міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша шарт жасасу жөнінде өтініш беру және жеке деректемелерді өзгерту үшін салымшыны танып білу әдісі ретінде тек жеке куәліктегі ЭЦҚ қажет. 

БЖЗҚ» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және тікелей, қашықтықтан және өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін дамыту арқылы Қор салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыда жәрдемдеседі.

Өткен жылы Қор сайтында зейнетақы қызметтерінің барлық негізгі түрлері электрондық форматта қолжетімді болды. Олар, атап айтар болсақ: МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер енгізу, сонымен қатар I және II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру. 2018 жылдың 9 айы ішінде Қор кеңселерінде және электрондық форматта шамамен 15,7 млн операция орындалған. Олардың ішінде 11,5 млн операция электрондық түрде жүзеге асырылды. Ал бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 млн операцияға көп, яғни өсім – 25 пайызды құрады.   

«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. Таяу уақытта VTM-терминалдарды іске қосу жоспарлануда. Олар салымшыларға Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алуға мүмкіндік береді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



«БЖЗҚ» АҚ алымшы/салушыларды, оқушылар мен студенттерді  

«БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күніне шақырады 

 

«БЖЗҚ» АҚ-ның Қостанай облыстықфилиалы2018 жылдың 20 қарашасында өтетін «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күніне шақырады. Шараға салымшылармен қатар алғаш рет жоғары сынып оқушылары мен колледждердің бірінші, екінші курс студенттері қатысады.  Шара барысында қор қызметкерлері қатысушыларды Қазақстанның зейнетақы жүйесінің жұмысымен таныстырып, оған қалай қатысуға болатынын айтып береді, қор қызметтеріне жүгіну , қордың салымшылар және алушылармен байланыс жасау тәсілдерімен таныстырады.  

Ашық есік күніне келушілер қор қызметтерін  www.enpf.kz сайты, ENPF ұялы қосымшасы,  telegram-бот арқылы қалай қолдануға болатынын біле алады. Шараға қатысушы мектеп оқушылары мен студенттер арасында викторина ұйымдастырылып, белсенділік танытқандарға алғыс хат табысталады.

 Барлық ниет білдірушілер мен БАҚ өкілдерін 20 қараша күні сағат 10:00 мен 17:00 аралығында Қостанай к. Әл-Фараби д. 65 үй (212 к.) күтеміз.

 «БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалы



БЖЗҚ баршаға қолжетімді

 

        2018 жылдың 20 қарашасында «БЖЗҚ» АҚ  Қостанай облыстықфилиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өткізіледі. Қор бұл шараны  екі жылдан бері дәстүрлі түрде әр тоқсан сайын ұйымдастырып келеді. Бұл жолы ол әдеттегіден ерекше болмақ – алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен қатар мектеп оқушылары мен студенттер арнайы шақырылып отыр. Бізге Қостанай облыстық филиалының директоры Козбакова Сауле Бахитовна әңгімелеп бергендей, Қор халықтың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға үлкен мән береді. Оның айтуынша, бұл шараға жас ұрпақтың тартылуы кездейсоқ емес.  Таяу болашақта жоғары сынып оқушылары мен студенттер жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса бастайды, ал олардың зейнетақылары қазіргі заманғы зейнеткерлер қамтылатын мемлекеттік бюджеттен емес, өздерінің аударған зейнетақы жинақтарына тікелей байланысты болады.   Ашық есік күні барысында Қор қызметкерлері оқушылар мен студенттерді зейнетақы жүйесінің негіздерімен таныстырып, олардың арасында викторина ұйымдастырмақ. Ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.

Сонымен қатар шараға келушілер Қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығын  біле алады.Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бірі.  БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын жетілдіруді уақыт талабына сай дамытуға ұмтылады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді. Еліміздің аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары, көшпелі қызмет жұмыс істейді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.

2018 жылдың көктемінде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кеңселер іске қосылды. Келесі жылы көліктегі кеңселер еліміздің тағы 12 аймағында енгізілмек. Үстіміздегі жылдың 9 айында 18 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 580 мың адам тартылды. 30 мыңға жуық адам әрбір тоқсан сайын барлық филиалдарда ұйымдастырылатын Ашық есік күндеріне қатысты.

- «БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Соның арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы  немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшыларға уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді»,- дейдіҚостанай облыстық филиалының директоры. 

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша www.enpf.kz ресми сайты арқылы Қор төрайымының блогына сауал жолдауға немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне хабарласуға болады (Қазақстан бойынша барлық ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін).  Биыл БЖЗҚ танымал мессенджер Telegram арқылы өз ботын іске қосты. Бұл сервистің көмегімен тұрғындар өз жинақтары туралы шағын үзінді-көшірме алып, жеке кабинетінің құпиясөзін қалпына келтіріп, өзекті жаңалықтармен, қордың ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, Қордың ең жақын бөлімшесінің мекенжайын білулеріне болады.  Аталмыш ботты пайдалану үшін  іздеу жолына «enpfbot» деп жазу керек. 

Қор өкілдерінің айтуынша, электрондық тәсілмен міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі жеке зейнетақы шотын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама алуға, деректемелерді немесе ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердің шамалас мөлшерін есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы да бар.

- «Зейнетақы мәселелері еліміздің барлық тұрғындарын толғандырады. Алайда барлық азаматтардың біздің бөлімшелерге келуге қолдары тие бермейді. Сондықтан біз салымшылар мен алушылармен байланыс жасаудың барлық мүмкіндіктерін қолдануға тырысамыз», -дейді қор қызметкерле

рі.


5 сұрақ

 

1.     Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін қайда жүгінуге болады? Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз. 

 

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Соған сәйкес болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамту жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және салымшы арасында оңтайлы үлестірілген.

«Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi. Зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және мұраға қалдырылады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін: зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар мен шетелге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу үшін Қорға жүгінеді. Ал мемлекеттік зейнетақылар мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай (бір) өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жергілікті бөлімшесіне (халыққа қызмет көрсету орталығына) өтініш береді. Ал зейнет жасына толған азаматтар биыл қазан айында енгізілген жаңа Композиттік қызмет аясында мемлекеттік зейнетақылар мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай (бір) өтініш пен қажетті құжаттарды тек бір жерге – осы мемлекеттік корпорацияға тапсырады. Яғни, айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының сомалары туралы Қордан алынған мәліметтерді алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексереді. Егер алушының Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті және міндеті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасынан артық немесе оған тең болса, айырма сомасы төленбейді. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы енгізілген жарналардың сомасынан төмен болса, Мемлекеттік корпорация айырма төлемін есептейді. Бұл сома 10 жұмыс күні ішінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына аударылады.

 

2.     Фрилансерлер де зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме?

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VІ Заңы) енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар өз пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде (бірақ ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 75 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуге міндетті.    

Осылайша, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін МЗЖ аудару тәртібі мынадай:

– азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар (қызмет көрсетушілер) міндетті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді;

– екінші деңгейдегі банктерде шоттары жоқ жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен Мемлекеттік корпорацияға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді;

– екінші деңгейдегі банктер ТМК (төлем мақсатының коды) 010 кодын қолдана отырып, Мемлекеттік корпорацияға төлем тапсырмасын әзірлейді. Одан әрі, салымшылардың МЗЖ сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.

Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/4ad/4addeb793dfa25a5136d50e27570398a.pdf

Жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтінішті Қордың кез-келген бөлімшесінде және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.   

 

 

 

3.     БЖЗҚ филиалдарында орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы қандай қызметтерді алуға болады?

 

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Терминалдың корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен ала алады. Ал МЗЖ бойынша шарт жасасу жөнінде өтініш беру және жеке деректемелерді өзгерту үшін салымшыны танып білу әдісі ретінде тек жеке куәліктегі ЭЦҚ қажет. 

Барлық филиалдарда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдардарын қолдану арқылы ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгеріс енгізу (43,03%) қызметтері.

 

4.     Зейнетақы активтері не үшін екінші деңгейдегі банктерге инвестицияланады? Олар бірінен-соң бірі жабылып жатыр емес пе?

 

Қазіргі уақытта зейнетақы активтері бірыңғай оператор – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоғырландырылған. Оның құрылтайшысы және жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті ҚР Ұлттық Банкнің сенімгерлік басқаруына берілген. Зейнетақы активтерін басқаруды Ұлттық Банк ҚР Ұлттық Қорды басқару жөніндегі кеңесімен бірлесе отырып жүзеге асырады. Сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі біршама диверсификацияланған, яғни әртараптандырылған. Сәйкесінше зейнетақы активтері тәуекелі төмен, табысы тұрақты, ұлттық және шетелдік валютада номинирленген әр түрлі  қаржы құралдарына инвестицияланады. Басты мақсат - ұзақ мерзімді болашақта тұрақты инвестициялық табыс алып тұру. Бұл - басты стратегия.

Портфельдің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (47%), екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарына (17%) және шет мемлекеттердің бағалы қағаздарына (11%) инвестицияланған.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (68%) және шет мемлекеттердің валютасында (32%) номинирленген. 

Зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банктердің облигацияларына инвестициялау нарық жағдайында жүзеге асырылады. БЖЗҚ банктердің облигацияларына қатысты жалғыз инвестор емес. Ол бұл бағалы қағаздарды кез келген уақытта сатып алуға және сатуға құқылы.

Ұлттық Банк зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша барлық шешімдерді ашықтық қағидатын ұстана отырып қабылдайды. Инвестициялық портфельдің құрылымы ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланып отырады. Оны кез келген адам көре алады.

 

5.     Зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты қалай алуға болады?

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты тегін беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Ал ақпарат алу тәсілін салымшы өзі таңдайды. Шоттан үзінді-көшірме алудың мынадай тәсілдері бар: 

– пошта байланысы арқылы  – жылына бір рет;

– таңдап алынған төлем кестесіне сәйкес электрондық пошта арқылы – (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын);

– БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде – шек қойылмайды;

– интернет-хабарландыру арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы бойынша) – онлайн режимінде  шектеусіз;

– enpf.kz сайтына тіркелу жолымен оның «Жеке кабинет» арқылы немесе ЭЦҚ бар болса egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы -  шектеусіз. 

Егер Сіз зейнетақы шотыңыз жайында үзінді-көшірме алу тәсілін таңдамаған болсаңыз немесе оны интернет байланысы арқылы алғыңыз келсе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жақын жердегі Қор кеңсесіне келіп, хабарлау тәсілі туралы қосымша келісім жасай аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайлары мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.enpf.kz/kz/adresa-i-kontakty/regionalnaya-set/

Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса оны Қор сайты арқылы да жасауға болады. Бұл операция бар болғаны бірнеше минутты алады.  

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алу - қазіргі уақытта өте танымал. Ол зейнетақы жинақтарын кез келген уақытта онлайн тәртібінде бақылап отыруға мүмкіндік береді.


Оқушылар арасындағы эссе байқауы

 

«БЖЗҚ» АҚ «Менің атам/менің әжем – белсенді зейнеткер» тақырыбында 12 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар арасында үздік эссеге байқау өткізетіндігін жариялайды. 

Байқауға ұсынылатын материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Жұмыстарды 2018 жылдың 3 қазанынан 4 қарашасына дейін (осы күнді қоса алғанда): 

- press@enpf.kz электрондық поштасына;

немесе

- Қордың заңды орналасқан жері – Алматы қ., Әуезов көшесі, 82 мекенжайына жіберу қажет.

 

Қатысушы байқауға қатысу жөніндегі өтінімді толтырып жібереді. Арнайы бекітілген өтінім нысаны мына сілтемеде көрсетілген: www.enpf.kz. Сонымен қатар байқауға жіберілген жұмыс қолмен салынған суреттер, фотосуреттер және т. б. қосымшалармен толықтырылуы мүмкін. 

Байқау қорытындысы БЖЗҚ сайты мен корпоративтік журналында жарияланады.

 

Қазылар алқасы қазақ және орыс тілдерінде 12-14 жас және 15-18 жас аралықтарында әр топтан үш жеңімпазды анықтайды. 

Қазақ тілінде жеңімпаз атанғандардың эсселері балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» республикалық газетінде, ал орыс тіліндегі жеңімпаздардың эсселері «Дружные ребята» республикалық газетінде жарияланады.    

Одан басқа, әрбір жас мөлшері мен тіл санаты тобындағы жеңімпаздар кітап дүкендеріне арналған тартулық сертификаттармен марапатталады:

1 орын үшін – 20 000 теңге:

2 орын үшін – 15 000 теңге:

3 орын үшін – 10 000 теңге. 

Атап өту керек, байқау комиссиясының құрамында БЖЗҚ қызметкерлерінен басқа «Ұлан» газетінің бас редакторы Жұлдыз Әбділдә, «Дружные ребята» газетінің бас редакторы Әлімжан Акбаров, «Жыл он екі ай» балалар журналының бас редакторы Талғат Айтбайұлы және балалар жазушысы Лиля Калаус бар. 


Композиттік қызметті енгізу туралы 

Алматы, Қазақстан – «Бір терезе» қағидатын қолдана отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі бірыңғай өтінімді ұсыну бойынша жаңа композиттік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624-ші қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042-ші қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Енді, зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, «Бір терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға (үнсіз келісім бойынша) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгізілген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Бұл ретте Қордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтініші Мемлекеттік корпорацияға тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде немесе Қордан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Әрі қарай Қор төлемдері мен бюджет есебінен берілетін зейнетақы төлемдері Мемлекеттік корпорация бекіткен кесте бойынша ай сайын алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына бір мезгілде аударылып отырады.

Бұл өзгерістер зейнеткерлік жасқа толуға байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделері үшін енгізіліп отыр. 

Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтері мен міндеттері, оның ішінде шетелге тұрақты тұруға кету, мүгедектік, жерлеу және мұрагерлікке байланысты төлемдер мен ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ МЗЖ мен МКЗЖ есебінен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, есептеу мәселелері және стратегиялық міндеттер сол өзгеріссіз күйінде қалады. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                      

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы                                                                                           

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады

Зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған  ақпарат шындыққа жанаспайды. 

Еске саламыз, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.

Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері де айырма сомасын ала алады.      

Мемлекет кепілдігі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығына» жүгіну керек. Мұнда арнайы әдістеме бойынша салымшының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып есептеледі және енгізілген жарналардың сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы біржолғы өтемақы ретінде алушының банк шотына аударылады.

Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді.     

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                      

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы                                                                                           

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz