Блог статистикасы
195
Жазбалар
5141
Өтініштер
207871
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Ионенко Виктор Николаевич
Аким Карасуского района

Байланыс ақпараты

Адрес: Костанайская область, Карасуский район, село Карасу, улица А.Исакова, 73. Телефон приемной акима: 8(71452) 2-11-05 E-mail: karasu@kostanay.gov.kz 

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Ионенко Виктор Николаевич
Аким Карасуского района

Байланыс ақпараты

Адрес: Костанайская область, Карасуский район, село Карасу, улица А.Исакова, 73. Телефон приемной акима: 8(71452) 2-11-05 E-mail: karasu@kostanay.gov.kz 

БЖЗҚ

 28.02.2020 Зейнетақы туралы жиіқойылатын сұрақтар

 БЖЗҚ салымшыларызейнетақы калькуляторын миллион реттен аса пайдаланды
 21.02.2020 Зейнеткерлік жасқа толған 174 мың адам БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуүшін өтініш бермеген
 06.02.2020 БЖЗҚ электронды үлгідегі қызметтерінің үлесі 80 пайызға жетті
 04.02.2020 БЖЗҚ-да 2019 жылы 17 миллионға жуық қызмет көрсетілді

 БЖЗҚ-да автоматты түрде 400 мыңға жуық шот ашылды

 БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының сомасы 10,8 триллион теңгеден асты

 БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының орташа сомасы тұрақты жарна аудару барысында 4 млн теңгеден асты
 29.01.2020  БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап береді
 28.01.2020  2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
 17.01.2020  Зейнетақы жинақтарын интернет арқылы қадағалаған тиімді
 23.12.2019  Бес сұрақ. Желтоқсан
 20.12.2019  Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебінде 200-ден астам адам білімін жетілдірді
 13.12.2019  Еуразиялық экономикалықодаққа мүше-мемлекеттердің зейнетақысы (ЕЭО)
 09.12.2019  «БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 10 айы ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылад

 Үзінді көшірмені қалайтез алуға болады?

 «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күні– зейнетақыны бірге жоспарлайық
 15.11.2019  Бес сұрақ айдары
 14.11.2019  «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есіккүні» шарасына шақырады

 БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні
 31.10.2019  5 сұрақ
 29.10.2019  2019 жылдың 1 қазанына қарасты БЖЗҚ-ның негізгікөрсеткіштері
 16.10.2019  2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесі туралы білімдерін жетілдіріп,сертификаттар алды
 15.10.2019  БЖЗҚ өзінің географиясын кеңейтіп жатыр
 07.10.2019  БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді
 01.10.2019  Ұялы қосымшаның жаңа мүмкіндіктері
 01.10.2019  5 сұрақ айдары
 30.09.2019  Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау
 30.09.2019  Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту
 23.09.2019  «БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»
 13.09.2019  «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есіккүніне» шақырады
 13.09.2019  БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні
 04.09.2019  5 сұрақ
 22.08.2019  2019 жылдың 1 тамызына қарай БЖЗҚ-ның негізгікөрсеткіштері
 07.08.2019  БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін ескертеді
 06.08.2019  2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақыактивтерінің инвестициялық портфелі
 02.08.2019  Бірыңғай жиынтық төлем-Жартыжылдық қорытындысы
 02.08.2019  «БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысын жариялады
 01.08.2019  Алгоритмді жеңілдету-уақытты үнемдеу
 01.08.2019  «Бес сұрақ» айдары
 02.07.2019  Салымшылардыңалтын уақыты үнемделеді
 02.07.2019  Салымшыларға ақпарат беру тәсілдері
 01.07.2019  «Бес сұрақ» айдары
 24.06.2019  «БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында «Ашық есік күні» шарасы өтті
 14.06.2019  БЖЗҚАшық есік күнін өткізеді
 14.06.2019  «БЖЗҚ» АҚ«Ашық есік күні» шарасына шақырады
 10.06.2019  «Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба?
 05.06.2019  БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамынойлайды
 05.06.2019  Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімдеңгейі артты
 05.06.2019  «БЖЗҚ» АҚ құрылғаннанбері жинақталған инвестициялық табыс оңсипатқа ие
 05.06.2019  «Бес сұрақ» айдары
 15.05.2019  Шалғайдағы елдімекендердіңтұрғындары «БЖЗҚ» АҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде ала алады
 13.05.2019  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдеріненұсталған жеке табыс салығын қайтару туралы
 13.05.2019  2019 жылдың1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚзейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
 03.05.2019  Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік
 03.05.2019  2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері
 03.05.2019  «Бес сұрақ» айдары
 19.04.2019  Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары. Жұмыскердің әлеуметтік жауапкершілігі.
 03.04.2019  2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу
 03.04.2019  5 сұрақ
 12.03.2019  «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есіккүні» шарасына шақырады
 12.03.2019  2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағыөзгерістер
 07.03.2019  Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу аясында БЖЗҚ-ға жарналар түсе бастады
 06.03.2019  Жыл басынан бері фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлердің «БЖЗҚ» АҚ-тағы зейнетақышоттарына 4,2 млрд теңге түсті
 05.03.2019  2019 жылдың қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-та жеке зейнетақы шоттарыавтоматты түрде ашылады
 05.03.2019  Зейнетақы калькуляторы
 04.03.2019  2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу
 01.03.2019  «БЖЗҚтуралы маңызды сұрақтар» айдары
 01.03.2019  «БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларға ақпарат беру бойынша атқарылғанжұмыстар туралы хабарлайды

Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметі көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметтің ішінде үздіктердің бірі болып танылды 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі үздік бестіктің қатарына енді.   

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты қоғамдық мониторинг 2018 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында өткізілді. Зерттеу барысында Қазақстанның барлық өңірлерінде 10 000 қызмет алушы арасында сауалнамалық сұрау жүргізілді. Бұл ретте көрсетілетін 60 мемлекеттік қызмет  негізге алынды.

Мониторинг аясында қызмет алушылар арасында сауалнамалық сұрау жүргізіліп, қызмет көрсетуші мен қызмет алушылардан тиянақты сұхбаттар алынды. Сонымен қатар «Құпия сатып алушы» әдісі бойынша бақылау жүргізіліп, бірқатар фокус-топтық талқылаулар ұйымдастырылды.

Зерттеу жүргізудегі мақсат – қызмет алушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанушылық деңгейін бағалау. Бұл ретте ақпараттың қолжетімділігі, қызмет көрсету мерзімінің сақталуы, қызмет көрсету деңгейі (сыпайылық, біліктілік, қызметкерлердің шапшаңдығы), құжаттардың дұрыс рәсімделуі, шарттардың ыңғайлылығы ескерілді. 

Зерттеу қорытындысы бойынша БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметіне баға беру барысы ақпараттың сапасы мен қолжетімділігі, жеделдігі мен құзыреттілігі бойынша жоғары нәтижелер көрсетті: сауалнамаға жауап берушілердің 80,4 пайызы қызметтер бойынша ақпараттың ашықтығына және қолжетімділігіне риза. Бұл ретте жауап берушілердің 82,9 пайызының пікірінше ақпараттар ашық және шынайы. Жауап берушілердің 88,3 пайызының қызметтердің көрсетілу мерзіміне және 92,1 пайызының құжаттардың жиналу және әзірлеу мерзіміне көңілдері толады.  

Сауалнамаға қатысушылардың 79,8 пайызы қызмет көрсетушінің мамандарының біліктілігін жоғары бағаласа, 80,7 пайызы үшін қызметкерлердің сыпайылығы, әдептілігі қанағаттанарлық деңгейде болды. Сонымен қатар қызметкерлерінің шапшаңдығын сауалнамаға жауап берушілердің 81,3 пайызы атап өтсе, 80,4  пайызы қызмет көрсетушіге сенеді.    

Көрсетілетін қызметтерді барынша әділ бағалау үшін «Құпия сатып алушы» әдісі де қолданылды.  Ол БЖЗҚ филиалында және Астана қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде жүзеге асырылды. Құпия сатып алушы көрсетілетін қызметтердің сапасын үш өлшем бойынша бағалауы тиіс болды. Олар: 1) ақпаратты сайттан іздеу, 2) ақпаратты стендтен іздеу, 3) байланыс орталығына қоңырау шалу.   

Құпия сатып алушы БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kz сайтын жоғары бағалады. Ол сайттың интерфейсін, онда байланыс орталығының телефон нөмірі бар екендігін, бір бөлімнен екінші бөлімге тез ауысуға болатындығын және ақпараттардың орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді екендігін атап өтті. Қордың байланыс орталығы жұмысының сапасына да жоғары балл берілді. Өйткені, Қор маманы байланысқа тез шығып, қойылған сұрақтардың барлығына нақты және толыққанды жауап берген.

БЖЗҚ-ның Астана қаласындағы филиалына барған кезде де қызмет көрсетуші қызметкерлердің жұмысына Құпия сатып алушының көңілі толды.  

«Операция бөлімінің қызметкері менің барлық сұрақтарыма жауап берді және тіпті зейнетақы жарналарының түсуіне қатысты ақпаратты поштама жіберуді ұсынды. Ол сонымен қатар БЖЗҚ ұялы қосымшасының бар екендігін айтып, тіркелуге көмектесті. БЖЗҚ ұялы қосымшасы мен БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет өте ыңғайлы. Зейнетақы жарналарының түсуін үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік бар».

Бұл зерттеудің негізгі нәтижелері тұрғындардың «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету сапасына көңілдері толатындығын көрсетті. Ал бұл Қорды қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіруге ынталандыра түседі. 

Мониторинг нәтижесі бойынша толық есепті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтынан мына сілтеме бойынша:   https://nationalbank.kz/?docid=3525&switch=kazakh көре аласыз.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



«Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды        

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге, олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша жеке зейнетақы шотының және онда қаражаттың бар болуы туралы анықтама береді.    

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы Шарт жасалды. Бұл шара «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген болатын.

Енді аталған Шарт аясында нотариустар өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы онлайн тәртібінде (БЖЗҚ-ға хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.      

Қор өз кезегінде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады.

Бұл қызмет нотариустарға жүгінген мұрагерлердің уақытын үнемдейді және қағаздық құжатайналымын жояды.          

   

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшіне енетіндігін       хабарлайды. Соған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады.    

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйін мынадай тәсілдермен білуге болатындығын еске саламыз. Олар:

1)     БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келіп өтініш жасау;

2)     дәстүрлі пошта байланысы;

3)     электрондық тәсіл, оның ішінде:

–        БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай;

–        логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет;

–        электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы.

          Айта кетелік, соңғы хабарлау тәсілін қолдану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) бір реттік sms-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.       

Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық тәсілмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік береді. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақыжинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар»

Біз «БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдарында тұрақты оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап беруді жалғастырамыз.

Азаматтарды ҚР Заңдарына 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер қызықтырады. Олардың кейбірі зейнетақы аударымдарына қатысты. Міне бүгін солар туралы әңгімелейтін боламыз.

 

Фрилансерлер деген кімдер?

Жауап: Фрилансерлер – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар атқаратын және (немесе) қызметтер көрсететін жеке тұлғалар. Олар жұмыс орны мен жұмыс істеу уақытын көп жағдайда өздері белгілейді және тапсырыс берушімен көп жағдайда қашықтықтан байланыс жасайды. Интернет желісі дамығаннан бері фриланстық жұмыстар әсіресе журналистика, заң, компьютерлік бағдарлама, дизайн, аударма салаларында кеңінен дамыған.     

1.      Белгілі бір мекемеде еңбек келісім-шарты бойынша жұмыс істейтін, бірақ салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қосымша табыс алатын жұмысшылар міндетті зейнетақы жарналарын қалай төлейді?

Жауап: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес агенттер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерінде төлейді. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс.

Заңның 24-бабы, 2 тармағының 5) тармақшасына сәйкес салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алған табыстан Қорға МЗЖ төлеуден босатылады.

Бұдан басқа, Заңның 39-бабы, 2 тармағының 1-1) тармақшасында көзделгеніндей, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына МЗЖ аудару құқығына ие. Бұл үшін олар жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына «010» төлем мақсатының кодын пайдалана отырып, төлей алады. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация жарналарды Қорға аударады. Бұл ретте МЗЖ мөлшері алған табыстың 10 пайызын құрайды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына бекітілген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем болмауы тиіс.    

Міндетті зейнетақы жарналарын осылайша Қорға өз еркімен аудару жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруға оң әсер етеді.

Атап өту керек, егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болса, олар жеке тұлғаларға, оның ішінде фрилансерлерге азаматтық-құқықтық шарттар бойынша төлеген табыстан МЗЖ төлейтін агентке айналады. Бұл ретте МЗЖ алған табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

2.      Қазіргі кезде елімізде еңбек келісім-шарты бойынша қос қызметті қатар атқаратын азаматтар зейнетақы жарнасын қалай төлейді? Яғни, еңбек келісім-шартын жасасқан екі мекеме де зейнетақы жарнасын аударып отырады ма?

Жауап: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын осы заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша салық агенті болып табылатын жұмыс берушілер аударады. Сәйкесінше жұмыскермен еңбек шартын жасасқан екі мекеме де БЖЗҚ-ға жұмыскердің пайдасына МЗЖ аударуға міндетті.  

3.      Үйінде отырып-ақ табыс табатын, ЖШС немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген тәуелсіз жұмысшылар салықты қалай төлейді? Жалпы оларды қалай анықтайсыздар?

Жауап: Салық мәселесі бойынша ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз.

4.      Фрилансерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын жасауға міндеттелген бе?

Жауап: Бұл сұрақ бойынша Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жүгінуіңізді сұраймыз. Бұл ретте біздің айтарымыз, жеке тұлғалардың барлығы бірдей бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тәртібін қолдана алмайды.

Атап өту керек, БЖТ 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді және ол бірнеше төлемнен құралады. Олар: жеке табыс салығы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін МЗЖ және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым.

Кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен жүзеге асыратын, сондай-ақ бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ  төлеген;  жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;  қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өсірген ауыл шаруашылығы өнiмдерін салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Ал нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер БЖТ төлеушілер болып табылмайды. 

5.      Жаңа заң қашаннан бастап күшіне енеді?

Жауап: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Заңы негізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді.

Заңға енгізілген бұл өзгерістер БЖТ енгізуге (ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді), азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар атқарып, қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін МЗЖ төлеу рәсімін оңайлатуға және МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотының өтініш берушілік сипатта ашылуын жоюға бағытталған (ол 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді). 

Енді жеке тұлғаның МЗЖ есепке алу бойынша БЖЗҚ-да ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады.



Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары

Жаңа 2019 жыл отандастарымыз үшін бірқатар республикалық заңдарға енгізілген өзгерістерден басталды. Солардың бірі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ).

Бұл не және не үшін енгізілді?

Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады.

Бұл бізге қандай мүмкіндіктер береді?

Жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметін тіркелместен жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтер көрсететін), тұрғын емес орынжайларды жалға берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Қорға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1 еселенген мөлшерінің және басқа елдімекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.

БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады. Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткізіледі, яғни, көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы мен түрі бойынша шек қойылмайды және медициналық мекемелерді таңдау құқығы беріледі. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады.

Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабілеті арта түседі. Сәйкесінше олар өздерінің төлем қабілеттілігін растап, банктен несие ала алады.     

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация төлемді төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретінде мемлекеттік кірістер органына, әлеуметтік аударым ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударым ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады.

БЖЗҚ салымшылары үшін тағы бір жағымды жаңалық! Бұған дейін МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жеке тұлғаның БЖЗҚ-ға ұсынған ЖЗШ ашу жөніндегі өтініші негізінде ашылатын. Енді 2019 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері және тұрғылықты мекенжайы бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ЕЗЖ (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.



«БЖЗҚ» АҚ тұжырымы бойынша үздік эссе авторларының есімі аталды

 

Алматы, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үздік эссе байқауының қорытындысын шығарды. Оған 250-ден астам адам қатысты 

 

Еске саламыз, 2018 жылдың қыркүйегінде БЖЗҚ 12 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар арасында «Менің атам/менің әжем – белсенді зейнеткер» тақырыбы бойынша үздік эссе байқауын жариялаған болатын. Оған қатысушылар өз шығармаларында зейнетке шықса да белсенді өмір салтын ұстанатын ата-әжелері туралы Қормен сыр бөлісті. Осылайша қарттық шақтың да адам өмірінің белсенді әрі жемісті кезеңі екендігіне тағы да көз жеткіздік. Бұған жасөспірімдердің зор ықыласпен жазған жүрекжарды шығармалары куә.       

 

Жүздеген әсерлі де шынайы жұмыстардың ішінен үздік эссені таңдау қиын болды. Алайда қазылар алқасы қазақ және орыс тілдерінде 12 – 14 және 15 – 18 жас санаты бойынша әр топтан үш жеңімпазды анықтады. Қазылар алқасының құрамында БЖЗҚ мамандары, «Ұлан» газетінің бас редакторы Жұлдыз Әбділдә, «Дружные ребята» газетінің бас редакторы Әлімжан Акбаров, «Жыл он екі ай» балалар журналының бас редакторы Талғат Айтбайұлы және балалар жазушысы Лиля Калаус бар.

 

Атап өту керек, еліміздің түкпір-түкпірінен келген хаттарды іріктеу жұмыстары: антиплагиат бойынша тексеру, мәтін мазмұнының шығарма тақырыбына сәйкестігі, шығармашылық тәсіл, сонымен қатар байқау шартын сақтау секілді бірнеше кезеңнен тұрды.            

 

Сонымен мына оқушылар жеңімпаз атанды:

12-14 жас (мемлекеттік тілде):

1.     Темірбек Жүргенов атындағы (Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы) №123-ші мектеп-лицейінің 7 «Ә» сыныбының оқушысы Ысқақ Ғалия;

2.     Жітіқара қаласындағы (Қостанай облысы, Жітіқара ауданы) №1-ші мектептің 7 сынып оқушысы Янгильдина Алина;

3.     Арал қаласындағы (Қызылорда облысы, Арал ауданы) Тарас Шевченко атындағы №13-ші мектептің 7 «А» сынып оқушысы Қаниева Маржан.

 

14-18 жас (мемлекеттік тілде):

1.     Есбол ауылының (Атырау облысы, Индер ауданы) Қалам Есқалиев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Меңдіқұлова Әйгерім;

2.     Лисаковск қаласындағы (Қостанай облысы) №1-ші орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы Гросс Александр;

3.     Олжабай батыр ауылындағы (Ақмола облысы, Ерейментау ауданы) қазақ-орыс орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Герц Виктор. 

 

12-14 жас (орыс тілінде):

1.     Федосеевка ауылындағы (Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы) орта мектептің 7 сынып оқушысы Баранова Карина;

2.     Қырық құдық ауылындағы (Ақмола облысы) орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Ербол Аяжан;

3.     Петровка ауылындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы) орта мектептің 6 сынып оқушысы Жингель Андрей.

 

14-18 жас (орыс тілінде):

1.     Қадыр Мырзалиев атындағы (Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы) орта мектептің 9 сынып оқушысы Толқынова Томирис;

2.     Искра ауылындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы) орта мектептің 9 сынып оқушысы Писалева Софья;

3.     Белов ауылындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы) орта мектептің 10 сынып оқушысы Деянова Дарья. 

 

Қазақ тілінде жеңімпаз атанғандардың эсселері балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» республикалық газетінде, ал орыс тіліндегі жеңімпаздардың эсселері «Дружные ребята» республикалық газетінде жарияланады. Бұдан басқа, бірінші орын алған оқушылардың жұмыстары Қордың «PRO ЕНПФ» корпоративтік журналының 11 шығарылымында жарық көреді. Сондай-ақ әрбір жас мөлшері мен тіл санаты тобындағы жеңімпаздар кітап дүкендеріне арналған тартулық сертификаттармен марапатталады:

1 орын үшін – 20 000 теңге:

2 орын үшін – 15 000 теңге:

3 орын үшін – 10 000 теңге.

 

Сонымен қатар байқау комиссиясы әрбір жас санаты бойынша 10 адамды ата мен әжеге деген мейірімге толы шынайы эсселері үшін құрмет грамоталарымен марапаттауды ұйғарды.

 

Құрмет грамоталарымен марапатталды:

12-14 жас (мемлекеттік тілде):

1.     Қасымхан Арузат с. Таран Таран ауданы Қостанай облысы;

 

14-18 жас (мемлекеттік тілде):

1.     Қабдрахмет Ақбота с. Новоселов Әулиекөл ауданы Қостанай облысы;

2.     Ғабдыманат Аружан с. Таран Таран ауданы Қостанай облысы

 

12-14 жас (орыс тілінде):

1.     Комарова Александра с. Первомай Мендіқара ауданы Қостанай облысы;

 

14-18 жас (орыс тілінде):

1.     Тетерятник Инга қ. Жітіқара Жітіқара ауданы Қостанай облысы

  

БЖЗҚ барлық қатысушыларды шығармашылық табыстарымен шын жүректен құттықтайды және қазылар алқасының барлық мүшесіне шексіз ризашылығын ілдіреді.

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі оңайлатылды

 

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына (ҚР 26.12.2018ж. №203-VI Заңы) тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

 Еске саламыз, бұған дейін жеке тұлға МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін шот ашу жөнінде тиісті өтінішті рәсімдеуге міндетті болатын. 

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Айта кетелік, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналарын (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.  

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



хат жіберу