Блог статистикасы
195
Жазбалар
4615
Өтініштер
179515
Келушілер
Жаманов Ерлан Айткулович
Аким Алтынсаринского района


Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71445) 34-2-20
Телефон доверия: 8(71445) 34-2-48
Aдрес: Костанайская обл., Алтынсаринский район, с. Убаганское, улица Ленина ,4
E-mail:altynsar@kostanay.dov.kz

Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Жаманов Ерлан Айткулович
Аким Алтынсаринского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71445) 34-2-20 Телефон доверия: 8(71445) 34-2-48 Aдрес: Костанайская обл., Алтынсаринский район, с. Убаганское, улица Ленина ,4 E-mail:altynsar@kostanay.dov.kz

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Жаманов Ерлан Айткулович
Аким Алтынсаринского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71445) 34-2-20 Телефон доверия: 8(71445) 34-2-48 Aдрес: Костанайская обл., Алтынсаринский район, с. Убаганское, улица Ленина ,4 E-mail:altynsar@kostanay.dov.kz

Обьявления

«Еңбек жолы» байқауына қатыс!

Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы  идеясын ілгерілету үшін, министерстлікпен өткен жылдан бастап еңбек әулеттері және  өндіріс қызметкерлердің арасында өткізілетін «Еңбек Жолы»  Республикалық байқауы құрылған.

Оның мақсаты – ел экономикасының дамуына елеулі еңбек үлесін қосқан отандастардың қол жеткізілген жетістіктеріне қазақстандықтарда мақтаныш тәрбиелеу. Байқауда  үш номинация бар: 

«Үздік еңбек әулеті»;

«Өндірістің ең үздік жас жұмыскері»;

«Жұмыс  істейтін жастардың үздік тәлімгері».

Үміткерлерден өтінімдер қабылдау 2019 жылдың 10 маусымнан 2 шілдеге дейін.

Толық ақпаратты және кеңесті  40144 -телефон арқылы  Лисаков қаласы әкімдігінің  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде   алуға болады. 


 «Еңбек жолы» конкурсын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар 

 1.Жалпы ережелер

 

  1. Бұл әдістемелік ережелер «Еңбек жолы» республикалық конкурсының ұйымдастырылуы мен өткізілу тәртібін реттейді және жастарды еңбекке деген құрмет рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау мен көбейту мақсатында өндірістегі үздік еңбек әулеттері мен жұмысшыларды анықтауға мүмкіндік береді. Конкурс еңбек Адамының қоғамдағы беделін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» қамқорлығымен еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыруға септігін тигізеді.
  2. «Еңбек жолы» конкурсын(ары қарай- конкурс) өткізу мақсаты:

1) Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаһандануы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді жүзеге асыру, ұрпақтардың мирасқорлығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралы позитивті қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына елеулі еңбек үлестерін қосқан  отандастарының жетістіктері үшін мақтанышты тәрбиелеу.

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласынан тәуелсіз) барлық жұмысшылары қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» - ең көп жұмыс өтілі бар, көбірек марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.

Ескерту: конкурсқа барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.

Еңбек әулеті- бір отбасының жақын туыстарының бір не одан көп ұрпақтарын(бір немесе екі жұбай балаларымен немесе немерелерімен бірге) таныстыратын, қазіргі уақытта қызмет атқаратын және берілген кәсіпорында 20 жылдан кем емес еңбек өтілі бар бір ұйымның жұмысшы тобы. Әулет басшысы болып бәрінен бұрын еңбек жолын бастаған еңбек әулетінің өкілі есептеледі.

 Еңбек әулеті ауданның, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесіп, өз кәсібін насихаттауы керек. 

2) «Өндірістің ең жас жұмысшысы»- жұмыс өтілі 5 жылдан көп емес өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.

3) «Жұмыс жасайтын жастардың ең үздік тәлімгері»- 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар аса тиімді тәлімгер таңдалады.

Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

1 кезең жергілікті деңгейде өткізіледі:

1) қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулеттер мен жұмысшылар анықталады;

2) сәйкес облыс жеңімпаздары қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулет пен жұмысшылар арасынан анықталады. 

2 кезең республикалық деңгейде, сәйкес облыстар жеңімпаздары арасында өткізіледі:

1) сәйкес облыс жеңімпаздарының видеороликтары мен презентациялары ұсынылады;

2) сәйкес облыс жеңімпаздарына ұсынылған материалдар зерттеледі.

Марапаттау рәсімі ағымдағы жылы Астана қаласында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай» республикалық форумы өткізілетін күні өтеді.

 

 2.Конкурстық комиссия 

  1. Жергілікті деңгейдегі Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін жергілікті атқарушы органдар жанынан конкурстық комиссия(ары қарай- жергілікті комиссия) және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі жанынан комиссия(ары қарай- Республикалық комиссия) құрылады. Республикалық комиссия құжаттарды қарау үшін және Республикалық конкурс кезеңдерін өткізу үшін сыртқы сарапшыларды қатыстыруға құқықтары бар.
  2. Конкурс жеңімпаздарын таңдау кезіндегі критерийлер осы әдістемелік ұсыныстарға қосымшада көрсетілген.
  3. Республикалық комиссия Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қызметкерлерінен, сонымен қатар республикалық кәсіподақтар бірлестігінің (келісілген түрде) және Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (келісілген түрде) өкілдерінен құралуы керек.

Жергілікті комиссиялар жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік еңбек инпекциясының қызметкерлерінен, сонымен қатар жергілікті кәсіподақтар бірлесітігінің (келісілген түрде) және жергілікті кәсіпкерлер палатасының (келісілген түрде) өкілдерінен құрылуы керек.

  1. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады және жалпы қадағалауды жүзеге асырады. Комиссияның шешім қабылдауы кезінде даулы мәселе туындаған жағдайда, комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
  2. Хатшы Комиссия шешім шығаратын кезде қатысады және комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетеді:

1) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдайды;

2) комиссия отырыстарын ұйымдастырады;

3) комиссия отырысты хаттамасын рәсімдейді және конкурс нәтижесі бойынша конкурс жеңімпаздарына материалдар құрастырады;

4) Конкурс жеңімпаздарының құжаттарын Республикалық комиссияға жолдайды.

  1. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданып, хаттамамен рәсімделеді.
  2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап тапсыруға болады.
  3. Конкурсқа қатысушыларға Әдістемелік ұсынымдардың 17 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы хабарлама берілуі мүмкін.
  4. Ең көп дауыс берілген конкурсқа қатысушы конкурс жеңімпазы етіп оны таңдауда басымды құқыққа ие болады.
  5. Республикалық комиссия дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс санын жинаған жеңімпаздарды анықтайды.

 

                                                                  3.Жергілікті және республикалық конкурстарға ұсынылатын құжаттар. 

  1. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) конкурсқа қатысу туралы ерікті нысандағы өтінім, номинацияны көрсете отырып;

2) жеке куәлік көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша видеоролик, 1-3 минуттан көп емес (жұмыс орны мен икемін көрсете отырып, ықыласы болса);

4) конкурс қатысушысы туралы (жұмыс, жанұя, хоббиі) компьютерлік презентация 1-3 минут (MicrosoftPowerPoint форматында);

5) еңбек әулеті өкілінің немесе жұмысшының еңбек кітапшасының және жұмысберушімен куәландырылған, еңбек өтілін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі/ жұмыс орнынан анықтама;

Жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан мінездеме хат.

Болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмесі)

Мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттар, мақтау қағаздары, алғыс хаттарының көшірмесі;

Біліктілігін арттыру туралы сертификат (болған жағдайда)

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік не орыс тілдерінде ұсынылады.

 

 

 «Еңбек жолы»

конкурсын өткізу

бойынша әдістемелік

ұсынымдарға қосымша

                                                                                                                

«Еңбек жолы» конкурсы бойынша жеңімпаздарды іріктеу критерийлері

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:

  1. Барлық әулет өкілдерінің алған мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттары, сонымен қатар мақтау қағаздары, жергілікті өзін- өзі басқару органдарының, кәсіподақтардың, жұмысберушілердің алғыс хаттары;
  2. Әулет өкілдері болып табылатын отбасы мүшелерінің және олардың туыстарының жалпы саны;
  3. Әулет өкілдерінің жалпы еңбек өтілі, әулет үлкенінің еңбек жолы басталған уақыттан Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін құжаттар топтамасын тапсыру уақытына дейін.

«Үздік жас өндіріс жұмысшысы», «Жұмыс жасайтын жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша:

  1. Өзінің кәсіби біліктілігін дамытуға қосқан үлесі;
  2. Өз жұмысына деген адалдық;
  3. ұйымдастырушылық және қарым- қатынастық қырларының болуы;
  4. еңбегі үшін бірнеше рет көтермеленулердің болуы;
  5. Ынталық ұсыныстардың болуы;
  6. кәсіби қызметінен тыс шығармашылық қызғушылықтарының болуы;
  7. білім деңгейі, оны шыңдауға құлшынысы;
  8. жұмыс орнындағы жеке жетістіктері;
  9. Өз жұмысын орындаудағы сапасы;

Жоғарыда аталған критерийлердің талаптарын сақтамау орын алса, комиссия қатысуышыларға құжаттарын қайтаруы мүмкін.

     


«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары»
конкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

1. Ереже «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу тәртібін (бұдан әрі – Ереже)айқындайды.

2. Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағында бастамашыл әлеуметтік жобаларды іске асырушы жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, бастауыш партия және басқа да коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

3. Конкурс ұйымдастырушылары: «NurOtan»партиясы (бұдан әрі – Партия), Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ), «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – МӘСҚ), жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат басқармалары мен бөлімдері атынан облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалырының әкімдіктері, аудандар мен қалалардың әкімдіктері, бизнес қауымдастықтар болып табылады.

2. Конкурстың мақсаттары және міндеттері

4. Конкурс «NurOtan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының» келесі мақсаттарын іске асыру шеңберінде өткізіледі:

-  әрбір қазақстандық отбасының бақуаттылығы;

-  салауатты адамдардың қуатты ұлты;

-  жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы.

5.Байқаудың мақсаты партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобаларымен қамтылған адамдарға ұсынылатын қызметтерді қоса алғанда әлеуметтендіруге, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау, іріктеу, көтермелеу және ілгерілету болып табылады.

6.Конкурстың негізгі міндеттері:

1)Қазақстан Республикасында іске асырылып жатқан үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау және іріктеу;

2) «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобаларын тиімді іске асыру үшін үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды масштабтау, сондай-ақ бастамашыл әлеуметтік жобаларда қолданылған үздік тәжірибелерді кеңінен тарату;

3) өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің, азаматтық қоғамның, бизнестің және азаматтардың күшін біріктіру.

3. Конкурстық комиссиялар

7. Әлеуметтік жобалардың жеңімпаздарын іріктеуді өткізу мақсатында Орталық, өңірлік және аумақтық конкурс комиссиялары құрылады.

8. Өңірлік және аумақтық конкурс комиссиялары жанынан партия филиалдары және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан жұмыс топтары құрылады.

9. Орталық конкурс комиссиясы жанынан Партияның орталық аппараты, ЕХӘҚМ және МӘСҚ қызметкерлері қатарынан жұмыс тобы құрылады.

10. Өңірлік және аумақтық конкурс комиссияларының, сондай-ақ өңірлік және аумақтық конкурс комиссиялары жанындағы жұмыс топтарының құрамы Партияның аймақтық және аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларының бұйрықтарымен бекітіледі.

11. Өңірлік конкурс комиссиясларының құрамына облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Ішкі саясат басқармаларының басшылары, облыстардың, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары маслихаттарының депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқалар қосыла алады.

12. Аумақтық конкурс комиссияларының құрамына аудандар, қалалар әкімдерінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарлары, аудандардың, қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, маслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары филиалдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқалар қосыла алады.

13. Өңірлік және аумақтық конкурс комиссияларын Партияның аймақтық және аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары басқарады.

14.Орталық конкурс комиссиясының және Орталық конкурс комиссиясы жанындағы жұмыс тобының құрамы Партия Төрағасының Бірінші орынбасарының бұйрығымен бекітеледі.

15. Орталық конкурс комиссиясының құрамына әлеуметтік мәселелергежетекшілік ететінпартия Хатшысы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрлері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқалар қосыла алады.

16. Конкурс комиссиясының мүшесі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

17. Комиссия отырысынаоныңмүшелерініңкеміндеүштенекісіқатысқанжағдайда,заңдыдепсаналады.

18. Конкурс комиссиясы келесі өлшемдерді ескере отырып отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды:

-  жобаны іске асыру мерзімі;

-  жобаның өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы;

-  жобаның қол жеткізілген нәтижелері;

-  ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

-  қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдықтар, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

-  аумақтық қамту (жобаны масштабтау);

-  қиын өмірлік жағдайларға тап болғандарды қоса алғанда тұрғындарды қамту үлесі.

4. Конкурс комиссиясының құқықтары мен міндеттері

19. Конкурс комиссиясы:

1) келіп түскен бастамашыл әлеуметтік жобаларды іріктеуді жүзеге асыруға;

2) қосымша жүлделер және конкурс қатысушыларын көтермелеу түрлерін бекітуге құқылы.

20. Конкурс комиссиясы:

1) конкурсқа қатысушыларға бірдей жағдай жасауға;

2) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жариялауды болдырмауға;

3) конкурстың қорытындыларын шығаруға міндетті.

5. Конкурсқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

21. Конкурсқа қатысушылардың:

1) конкурсқа қатысу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;

2) осы Ереженің талаптарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін материалдар жолдауға құқығы бар.

22. Конкурсқа қатысушылар:

1) осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген матералдарды уақытылы ұсынуға;

2) осы Ережемен қарастырылған ережелер мен рәсімдерді ұстануға міндетті.

6. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру тәртібі

23. Конкурс 5 бағыт бойынша өткізіледі:

-  әлеуметтік проблемалардың шешімдерін ақпараттық жылжыту;

-  әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту;

-  бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

-  мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

-  қиынөмірлікжағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам саудасының, тұрмыстық зорлық құрбандары, үйсіздік және түрмеден босатылғандар және т.б.).

24. Конкурсқа қатысу үшін өтінім қазақ және/немесе орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіште аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі - Бөлімдер)немесе «NurOtan»партиясының «Қоғамдық бастама» – www.qolda.nurotan.kz интернет-ресурсы (бұдан әрі - Портал) арқылы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес қажетті құжаттарды бере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған конкурс туралы ақпараттық хабарламаларда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей ұсынылады.

25. Ұсынылатын мәліметтерге қойылатын талаптар:

-  ұсынылған презентациялық материалдарды қазақ және орыс тілдерінде(логотипімен жобаның паспорты, жоба авторына аннотация) сапалы рәсімдеу;

-  осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес техникалық талаптарға сәйкес презентация ұзақтығы 3 минутқа дейінгі бейнеролик әзірлеу.

26. Бөлімдерде өтінім қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын конкурс туралы ақпараттық хабарламаларда көрсетілген мерзімнен үш жұмыс күні бұрын тоқтатылады.

27.Қатысушыларға жазбаша немесе электронды нысанда жобаның құжаттар пакеті қабылданғаны туралы хабарлама беріледі.

28.Өткен конкурстың республикалық кезеңіне қатысқанжобалар, сондай-ақ іске асыру мерзімі бір жылдан аз жобалар конкурсқа қатыстырылмайды.

29. Конкурс талаптарының сақталуын бақылау мақсатынды Портал арқылы ұсынылған өтінімдерді конкурс ұйымдастырушылары жоба авторымен келісе отырып өңдейді және редакциялайды.

7. Конкурсты өткізу тәртібі

30. Конкурс аумақтық, өңірлік және республикалық үш кезеңде өткізіледі.

31. Конкурстың аумақтық кезеңінде аумақтық конкурс комиссиялары жанындағы жұмыс топтары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:

-  өтінімдерді қабылдауды және өңдеуді ұйымдастырады;

-  конкурстың жүлде қорын анықтайды;

-  конкурс комиссиясыныңжұмысыүшінқұжаттарпакетіндайындаудықамтамасызетеді;

-  ағымдағыжылғы25 маусымнанкешіктірмей конкурс комиссиясыныңотырысынұйымдастырудыжәнеәрбірбағытбойыншаүздікжобалардыайқындауды қамтамасызетеді;

-   ағымдағыжылғы 1 шілдеденкешіктірмей конкурс қорытындыларын шығару, аумақтық кезеңініңқатысушыларынқұрметтеужәне жеңімпаздарды марапаттау бойынша салтанатты рәсімінұйымдастырады;

-  аумақтық конкурс комиссия отырысының хаттамасын партияның аймақтық филиалына жолдауды қамтамасыз етеді.

32. Конкурстың аумақтық кезеңінің қатысушылары дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

33. Конкурстың өңірлік кезеңіне аумақтық конкурстарда іріктелген жобалар қатысады.

34. Конкурстың өңірлік кезеңінде өңірлік конкурстық комиссиялар жанындағы жұмыс топтары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:

-  конкурстыңжүлдеқорынайқындайды;

-  конкурс комиссиясының жұмысы үшін құжаттар пакетін дайындауды қамтамасыз етеді;

-  ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей конкурс комиссиясының отырысын ұйымдастыруды және әрбір бағыт бойынша үздік жобаларды айқындауды қамтамасыз етеді;

- ағымдағы жылғы 1 тамыздан кешіктірмей конкурстың өңірлік кезеңінің қатысушыларын құрметтеу рәсімін ұйымдастырады;

-  ағымдағыжылғы 1 тамызданкешіктірмей Партияның орталық аппаратына конкурстың республикалық кезеңіне қатысу үшін құжаттар пакетін (2-қосымшаның талаптарына сәйкес келетін бейнеролик, логотипімен жобаның паспорты, жоба авторына аннотация) және өңірлік конкурс комиссиясының хаттамасын қоса отырып әр бағыт бойынша 1 жобадан жолдайды.

35. Конкурстың өңірлік кезеңінің қатысушыларын құрметтеу салтанатты рәсімдерінде Партия орталық аппаратының, ЕХӘҚМ және МӘСҚ өкілдері қатысады.

36. Өңірлік конкурс қорытындылары бойынша іріктелген жобалар конкурстың республикалық кезеңінің қатысушылары болып табылады.

37. Орталық конкурс комиссиясының шешімі бойынша конкурстың республикалық кезеңіне қосымша жобалар жіберілуі мүмкін.

38.  Конкурстың республикалық кезеңінде Орталық конкурс комиссиясы жанындағы жұмыс тобы:

-  конкурстың республикалық кезеңінің қатысушыларының құжаттар пакетін қабылдауды ұйымдастырады;

-  конкурстың республикалық кезеңінің қатысушыларының тізімін және презентациялық материалдарын(бейнеролик, логотипімен жобаның паспорты, жоба авторына аннотация)қалыптастырады;

-  Орталық конкурс комиссиясының жұмысы үшін құжаттар пакетін әзірлеуді қамтамасыз етеді;

-   Порталда интернет дауыс беруді өткізуді қамтамасыз етеді;

-   ағымдағы жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей Орталық конкурс комиссиясының отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

39.Интернет дауыс беру Порталда 20 тамыз – 20қыркүйек кезеңінде өткізіледі.

40. Орталық конкурс комиссиясының шешімі бойынша интернет дауыс беруде ең көп дауыс жинаған жобалар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

41. Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Орталық конкурс комиссиясы ағымдағы жылғы 25 қыркүйекке дейін конкурстың бес бағыты бойынша үздік жобаларды анықтайды.

42. Конкурстыңреспубликалықкезеңініңқорытындысыбойынша бес бағыт бойынша үздік деп танылған жобалар әр номинация бойынша 2 000 000 (екі миллион) теңге сомасындағы ақшалай сертификаттармен көтермеленеді.

43. Орталық конкурс комиссиясы мүшелерінің және конкурс демеушілерінің бастамасы бойынша арнайы жүлделер мен номинациялар белгіленуі мүмкін.

44. Конкурстыңреспубликалықкезеңінің қатысушылары дипломдармен және конкурс ұйымдастырушыларынан естелік сыйлықтармен марапатталады.

45. Конкурс қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында және Партия мен ЕХӘҚМ ресми сайттарында жарияланады.

46.Конкурс қорытындысы бойынша ағымдағы жылғы 31 қазаннан кешіктірмей мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-құрылымдар өкілдерінің, сондай-ақ өткен жылдардағы конкурс қатысушылары мен жеңімпаздарының қатысуымен конкурс қатысушыларын құрметтеу және жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді, оның шеңберінде үздік әлеуметтік жобалардың республикалық көрмесі ұйымдастырылады.

47. Орталық конкурс комиссиясының шешімі бойынша конкурстың республикалық кезеңіне қатысқан жобалар кейін «NurOtan» партиясы Орталық аппаратының Партфолио кеңсесінің отырысында қарау үшін партиялық жобалар пулына косылуы мүмкін.

__________________________


Пресс-релиз

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» мәслихаттың 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 145 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»

Лисаков қалалық мәслихаты шешімінің жобасы бойынша

"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» мәслихаттың 2013 жылғы   2 қыркүйектегі № 145 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы                           8 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында legalacts.egov.kz) Лисаков қалалық мәслихатының шешімінің жобасы орналастырылды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 300 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Лисаков қалалық мәслихатының шешімінің жобасы әзірленді.



«Лисаков қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 299 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасына

пресс-релиз

2019 жылғы 27 наурызда «Лисаков қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 299 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (legalacts.egov.kz)  орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 73,75-баптарына сәйкес Лисаков қаласы мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдарының міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау көрсету мақсатында шешім қабылдау қажет.



Пресс-релиз

Мәслихаттың 2013 жылғы   2 қыркүйектегі № 145 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Лисаков қалалық мәслихаты шешімінің жобасы бойынша

Мәслихаттың 2013 жылғы   2 қыркүйектегі № 145 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2019 жылғы 22 ақпанда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында legalacts.egov.kz) Лисаков қалалық мәслихатының шешімінің жобасы орналастырылды.

Қосымша әлеуметтік көмек көрсету аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына  Лисаков қалалық мәслихатының мақсатында шешім жобасы әзірленді.


Пресс-релиз

Мәслихаттың 2013 жылғы   2 қыркүйектегі № 145 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Лисаков қалалық мәслихаты шешімінің жобасы бойынша

Мәслихаттың 2013 жылғы   2 қыркүйектегі № 145 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2019 жылғы 1 ақпанда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында legalacts.egov.kz) Лисаков қалалық мәслихатының шешімінің жобасы орналастырылды.

Қосымша әлеуметтік көмек көрсету аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына  Лисаков қалалық мәслихатының мақсатында шешім жобасы әзірленді.



«Лисаков қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы»мәслихаттың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 299 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасына пресс-релиз

2018 жылғы 10 қаңтарда«Лисаков қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы»мәслихаттың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 299 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасыашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында(legalacts.egov.kz)  орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 73,75-баптарына сәйкес Лисаков қаласы мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдарының міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау көрсету мақсатында шешім қабылдау қажет.



«Лисаков қаласы Октябрь кентінің2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы»мәслихаттың 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 310 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасына пресс-релиз

2019 жылғы 14 қаңтарда«Лисаков қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы»мәслихаттың 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 310 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасыашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында(legalacts.egov.kz)  орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 73-1,75-баптарына сәйкес «Октябрь кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау көрсету мақсатында шешім қабылдау қажет.



Пресс-релиз «2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігі қаулысының жобасы бойынша 

2018 жылдың 21 желтоқсанда  ашық нормативтік  құқықтық актілердің интернет-порталына (legalacts.egov.kz) «2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігі қаулысының жобасы орналастрылған

         Лисаков қаласы әкімдігі қаулысының жобасы осы  қаулыны Қостанай облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеу мақсатында өңделген.



«Лисаков қаласы Октябрь кентінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасына

пресс-релиз

2018 жылғы 30 қарашада «Лисаков қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (legalacts.egov.kz)  орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 73-1,75-баптарына сәйкес «Октябрь кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау көрсету мақсатында шешім қабылдау қажет.



«Лисаков қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасына

пресс-релиз

2018 жылғы 22 қарашада «Лисаков қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (legalacts.egov.kz)  орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 73,75-баптарына сәйкес Лисаков қаласы мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдарының міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау көрсету мақсатында шешім қабылдау қажет.


«Мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 182 «Лисаков қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасына пресс-релиз

2018 жылғы 1 қарашада «Мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 182 «Лисаков қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (legalacts.egov.kz)  орналастырылды.

Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасы үнемдеуді қайта бөлу және бюджетті сапалы орындау мақсатында әзірленді.


«Мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 195 «Лисаков қаласы Октябрь кентінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасына пресс-релиз

2018 жылғы 3 қазанда «Мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 182 «Лисаков қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (legalacts.egov.kz)  орналастырылды.

Лисаков қалалық мәслихат шешімінің жобасы Лисаков қаласы октябрь кенті әкімдігінің функциялары мен міндеттерін іске асыруын қаржылай қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.


«Лисаков қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің

қаулысының жобасына пресс-релиз

2018 жылғы 8 қарашада  «Лисаков қаласының жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы» қаулысының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында  орналастырылды.

Лисаков қаласы әкімдігінің қаулысының жобасы Лисаков қаласы бойынша жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті, сондай-ақ тасымалдау қашықтығына қарай қала маңындағы қатынастарға жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтерді белгілеу мақсатында әзірленді.



Тегін оқу кепілді, жұмыспен қамту

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты

Қосымша ақпарат:

- Лисаков қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі, телефон: 3-56-30;

- Лисаков қаласы 18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, телефон: 3-20-16;

- Қостанай облысы Төтенше жағдай департаменті, телефон: 8 (7412) 50-08-60.




Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 1 қыркүйекке дейін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.


Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін мына бағыттар бойынша үміткерлерге конкурс жүргізу туралы жариялайды:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) демография проблемаларын шешу;

6) гендерлік проблемаларды шешу;

7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

11) мәдениет пен өнерді дамыту;

12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

14) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

15) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша жүзеге асырылады.

Қатысуға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық үкіметтік емес ұйымдарға рұқсат етіледі.

Сыйлықақыны алуға үкіметтік емес ұйымдарды ілгерілетуді үкіметтік емес ұйымның өзі, басқа үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Бір үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық  ұсын алмайды. Сыйлықақыны алуға бір үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

Сыйлықақыны алу үшін өтінімдерді ұсынуға арналған тізбе мыналарды:

1)   өтініш (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған, үкіметтік емес ұйым қызметінің өзектілігі мен маңыздылығын сипаттайтын үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның ресми бланкідегі, сондай-ақ А4 форматындағы екі парақтан көп емес құрылтай құжаттарының көшірмелері);

2)   мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелерін;

3)   үкіметтік емес ұйымның қызметі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша әлеуметтік міндеттерді шешудегі үлесі туралы сипаттаманы                                                   (А4 форматындағы екі парақтан көп емес);

4)   өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) өкілдерінің ұсынымдарын (екіден кем емес);

5)   марапат сертификаттар, дипломдар, алғыс (егер бар болса) көшірмелерін;

6)   үкіметтік емес ұйымның банк деректемелерін қамтиды.

Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында                            PDF-форматта) 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8 (Орынбор көшесі 8), «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісіндегі 265-кабинет. Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 05 11, 74 09 97.



Республикалық ҮЕҰ мәліметтер дерекқорын қалыптастыру туралы 


Қазақстанда ҮЕҰ қызметі саласындағы заңнамаға қабылданған өзгерістер аясында 2015 жылдың соңында үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқоры жасалды. Оның басты мақсаты үкіметтік емес ұйымдар қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету және қоғамды олар туралы хабардар ету болып табылады.

         Үкіметтік емес ұйымның ҮЕҰ дрекқор базасында болуы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурсты өткізу аясында техникалық ерекшелікті бағалау кезінде артықшылықтарды береді, сондай-ақ ҮЕҰ үшін грант бөлген кезде міндетті болады.

Сондықтан  барлық қазақстандық ҮЕҰ жыл сайын   31 наурызға дейін уәкілетті органға өз қызметі туралы мәліметтерді жолдайды. 2017 жылғы               1 наурыздан бастап онлайн режімде өзі туралы мәліметтерді жолдау мүмкіндігі ашылды. 2017 жылы Қостанай облысында тіркелген 989 ұйымнан ақпаратты 171 ұйым жолдады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің  489-1 бабымен   дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақытылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Заңнамалықты алғаш рет бұзу ескертуге, қайталап жасалған әрекеттер үшін 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе ҮЕҰ қызметін тоқтата тұруға әкеп соғады.

Бүгін қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен осы мақаламен қарастырылған құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ әкімшілік хаттаманы жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

 



Терроризм актісінболғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратүшін сыйақы белгілеу жәнетөлеу қағидалары


Лисаков қаласы жастарының Алтын кітабының ЕРЕЖЕСІ


«110» қауырт желі 

Қазақстан Республикасының аумағында террористік қауіпі туралы мәліметтерді қабылдау үшін «110» бірыңғай номері енгізілді.

Қазақстанның кез-келген аумағынан «110» номеріне шалынған қоңырау тиісті ҰҚК Департаментінің кезекшілік қызметіне түседі.

«110» бірыңғай номері терроризм актілерін ұйымдастуры, қаржыландыру, дайындау, жоспарлау, дәстүрсіз діни ағымдарының радикалды тұлғаларының оқыту, азғырып тарту, қаруландыру фактілері, терроризм мен діни экстремизм идеологиясын насихаттау мен тарату бойынша  жедел мәліметтерді жеткізу үшін қолданылады.  

Бірыңғай Саll-center (жедел желісі) қызмет етеді

Қостанайда облыс тұрғындарына жер заңнамасы нормаларын түсіндіру және жедел ақпаратты ұсыну үшін бірыңғай Саll-center жұмысқа кірісті

 «Жедел желі » 8(7142) 56-88-93

Аптасына 7 күн сағат таңғы 8-ден кешкі сағат 20-ге дейін қызмет етеді.

 «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты баланың тууы туралы өтініш оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға баланың туған күнінен бастап үш күн мерзім ішінде берілу қажет.

 

Халықтың тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздігі туралы

ҚР ІІМ Төтенше Жағдайлар комитетінің мәліметтері бойынша соңғы үш жыл ішінде тұншықтырғыш газбен улану, жарылыс пен газ жабдығының ақаулықтары салдарынан 318 адам зардап шекті, бұл ретте олардың ішінде  82 адам қаза болды. Яғни іс жүзінде аптасына 2 рет Қазақстанда газбен байланысты ТЖ болады, бұл ретте әрбір үшінші ТЖ кісі өлімімен аяқталады.

         Бұл қасыреттің себептері қандай, көгілдір жанармаймен байланысты қандай түсініксіз жағдайлар болуы мүмкін, осындай төтенше жағдайларды қалай болдырмауға болады?

         Жеке сектор тұрғындары үшін ең қауіптісі газдың, оның толық емес жану өнімінің, тұншықтырғыш газдың ағып кетуі болып табылды. Соңғысының  иісі жоқ және барлық тұрғылықты жай ішінде тез таратылады, бұл ретте адам ағзасына тез әсер етіп, қан гемоглобинін байланыстырады.  Оны іс жүзінде сезінуге мүмкін емес, толық «естен тануға» дейін,  халықта улы газ «көрінбейтін жан алғыш»  деп аталып кеткен. Улану салдары – өте ауыр жүйке жүйсенің және демалу органдарының аурулары, ал уақытылы көрсетілмеген көмек өлімге әкеп соқтырады.  Өте жиі, мұндай уланудан отбасылар қаза болады.

         Көп пәтерлі үйлер үшін табиғи газбен байланысты төтенше жағдайдың жиі себептері ағып кету болып табылады, ол өртке, жарылыстарға және улануға әкеп соқтырады.

         Жоғарыда айтылған тәуекелділіктерді болдырмау үшін барлық газ жабдықтарын дұрыс пайдалану қажет, өйткені оларды дұрыс емес пайдалану газдың ағып кетуіне себепші болады. Бірнеше мүлтіксіз орындалатын ережелер бар:  

         1. Барлық газ жабдықтары тек қана тексерілген, сертификатталған жеткізушілерден мамандырылған, фирмалық дүкендерде сатып алынуы қажет.

         2. Барлық газ жабдығының монтажы газ жабдықтарының шағын жөндеуін қосқанда коммуналдық газ қызметтерінің бақылуында тек мамандар жүзеге асыру тиіс.

         3. Жылына ең аз болғанда екі рет түтіндік пен желдеткіштің жағдайын тексеру,  қалыпты түтін тарту үшін оларды тазартуды жүргізу қажет.

         4. Заманауи дабыл техникасы бар. Сондықтан газ жылыту жабдықтарын қауіпсіздік автоматикасымен ғана ортану қажет, сондай-ақ бар жылыту пештерінің құрылысын табиғи және тұншықтырғыш газдың ағып кетуін айыратын жабдықпен және дабыл берумен жабдықтау қажет. Тартудық жоқ болуы және тұншықтырғыш газ белгілерінің пайдал болған жағдайда, оларға автоматты түрде сөндірілуге мүмкіндік береді, бұл қауіп-қатерді жүз пайыз болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл ретте осындай жабдық баға бойынша қолжетімді және сондай мамандырылған дүкендерде сатылады.

Есіңізде болсын, қолдан немесе арзан құн бойынша сапасыз техниканы өз бетімен қосу немесе орнату, әсіресе жылыту жүйелеріне және су жылытқыштарына қатысты, үлкен қауіп-қатерге әкеп соғуы мүмкін. Газ аспаптарын өзбетімен қосқан кезде газдың ағып кетуі, тартымның болмауы, жарылу қаупі бар және басқа да себептер нәтижесінде мұндай салдар болуы мүмкін.

Егер бұрын жылына екі рет үйлер мен пәтерлерді газ аспаптарына қызмет көрсеткен, түтіндік және желдеткіш арналардың жай-күйін тексерген, сондай-ақ тұрмыста газды пайдалану қауіпсіздігін бақылаған слесарь-бақылаушылар аралады, ал бүгінгі күнге бұл функциялар бәсекелестік ортаға берілді және толығымен  үй илерінің жауапкершілігінде жатыр. Сондықтан, өзіндік қауіпсіздік мақсатында қызмет көрсетуге өз бетінше шарт жасасу немесе ПИК осыны талап ету қажет.

Жақында жылыту маусымы басталады. Сондықтан, кім мұны жазда үлгермеген жағдайда,  үйде орнатылған  газ жабдығына, түтіндіктер мен желдету жүйелеріне толық алдын алу, дабыл  жүйелірін орнату қажет.  Есіңізде болсын, қауіпсіздік ережелерін сақтамау сайып келгенде, ең қымбат өз өмірлерін қиюмен аяқталуы мүмкүн. 



хат жіберу