Блог статистикасы
195
Жазбалар
3371
Өтініштер
146380
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Обьявления

Тегін оқу кепілді, жұмыспен қамту

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты

Қосымша ақпарат:

- Лисаков қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі, телефон: 3-56-30;

- Лисаков қаласы 18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, телефон: 3-20-16;

- Қостанай облысы Төтенше жағдай департаменті, телефон: 8 (7412) 50-08-60.




Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 1 қыркүйекке дейін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.


Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін мына бағыттар бойынша үміткерлерге конкурс жүргізу туралы жариялайды:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) демография проблемаларын шешу;

6) гендерлік проблемаларды шешу;

7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

11) мәдениет пен өнерді дамыту;

12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

14) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

15) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша жүзеге асырылады.

Қатысуға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық үкіметтік емес ұйымдарға рұқсат етіледі.

Сыйлықақыны алуға үкіметтік емес ұйымдарды ілгерілетуді үкіметтік емес ұйымның өзі, басқа үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Бір үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық  ұсын алмайды. Сыйлықақыны алуға бір үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

Сыйлықақыны алу үшін өтінімдерді ұсынуға арналған тізбе мыналарды:

1)   өтініш (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған, үкіметтік емес ұйым қызметінің өзектілігі мен маңыздылығын сипаттайтын үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның ресми бланкідегі, сондай-ақ А4 форматындағы екі парақтан көп емес құрылтай құжаттарының көшірмелері);

2)   мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелерін;

3)   үкіметтік емес ұйымның қызметі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша әлеуметтік міндеттерді шешудегі үлесі туралы сипаттаманы                                                   (А4 форматындағы екі парақтан көп емес);

4)   өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) өкілдерінің ұсынымдарын (екіден кем емес);

5)   марапат сертификаттар, дипломдар, алғыс (егер бар болса) көшірмелерін;

6)   үкіметтік емес ұйымның банк деректемелерін қамтиды.

Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында                            PDF-форматта) 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8 (Орынбор көшесі 8), «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісіндегі 265-кабинет. Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 05 11, 74 09 97.



Республикалық ҮЕҰ мәліметтер дерекқорын қалыптастыру туралы 


Қазақстанда ҮЕҰ қызметі саласындағы заңнамаға қабылданған өзгерістер аясында 2015 жылдың соңында үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқоры жасалды. Оның басты мақсаты үкіметтік емес ұйымдар қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету және қоғамды олар туралы хабардар ету болып табылады.

         Үкіметтік емес ұйымның ҮЕҰ дрекқор базасында болуы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурсты өткізу аясында техникалық ерекшелікті бағалау кезінде артықшылықтарды береді, сондай-ақ ҮЕҰ үшін грант бөлген кезде міндетті болады.

Сондықтан  барлық қазақстандық ҮЕҰ жыл сайын   31 наурызға дейін уәкілетті органға өз қызметі туралы мәліметтерді жолдайды. 2017 жылғы               1 наурыздан бастап онлайн режімде өзі туралы мәліметтерді жолдау мүмкіндігі ашылды. 2017 жылы Қостанай облысында тіркелген 989 ұйымнан ақпаратты 171 ұйым жолдады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің  489-1 бабымен   дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақытылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Заңнамалықты алғаш рет бұзу ескертуге, қайталап жасалған әрекеттер үшін 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе ҮЕҰ қызметін тоқтата тұруға әкеп соғады.

Бүгін қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен осы мақаламен қарастырылған құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ әкімшілік хаттаманы жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

 



Терроризм актісінболғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратүшін сыйақы белгілеу жәнетөлеу қағидалары


Лисаков қаласы жастарының Алтын кітабының ЕРЕЖЕСІ


«110» қауырт желі 

Қазақстан Республикасының аумағында террористік қауіпі туралы мәліметтерді қабылдау үшін «110» бірыңғай номері енгізілді.

Қазақстанның кез-келген аумағынан «110» номеріне шалынған қоңырау тиісті ҰҚК Департаментінің кезекшілік қызметіне түседі.

«110» бірыңғай номері терроризм актілерін ұйымдастуры, қаржыландыру, дайындау, жоспарлау, дәстүрсіз діни ағымдарының радикалды тұлғаларының оқыту, азғырып тарту, қаруландыру фактілері, терроризм мен діни экстремизм идеологиясын насихаттау мен тарату бойынша  жедел мәліметтерді жеткізу үшін қолданылады.  

Бірыңғай Саll-center (жедел желісі) қызмет етеді

Қостанайда облыс тұрғындарына жер заңнамасы нормаларын түсіндіру және жедел ақпаратты ұсыну үшін бірыңғай Саll-center жұмысқа кірісті

 «Жедел желі » 8(7142) 56-88-93

Аптасына 7 күн сағат таңғы 8-ден кешкі сағат 20-ге дейін қызмет етеді.

 «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты баланың тууы туралы өтініш оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға баланың туған күнінен бастап үш күн мерзім ішінде берілу қажет.

 

Халықтың тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздігі туралы

ҚР ІІМ Төтенше Жағдайлар комитетінің мәліметтері бойынша соңғы үш жыл ішінде тұншықтырғыш газбен улану, жарылыс пен газ жабдығының ақаулықтары салдарынан 318 адам зардап шекті, бұл ретте олардың ішінде  82 адам қаза болды. Яғни іс жүзінде аптасына 2 рет Қазақстанда газбен байланысты ТЖ болады, бұл ретте әрбір үшінші ТЖ кісі өлімімен аяқталады.

         Бұл қасыреттің себептері қандай, көгілдір жанармаймен байланысты қандай түсініксіз жағдайлар болуы мүмкін, осындай төтенше жағдайларды қалай болдырмауға болады?

         Жеке сектор тұрғындары үшін ең қауіптісі газдың, оның толық емес жану өнімінің, тұншықтырғыш газдың ағып кетуі болып табылды. Соңғысының  иісі жоқ және барлық тұрғылықты жай ішінде тез таратылады, бұл ретте адам ағзасына тез әсер етіп, қан гемоглобинін байланыстырады.  Оны іс жүзінде сезінуге мүмкін емес, толық «естен тануға» дейін,  халықта улы газ «көрінбейтін жан алғыш»  деп аталып кеткен. Улану салдары – өте ауыр жүйке жүйсенің және демалу органдарының аурулары, ал уақытылы көрсетілмеген көмек өлімге әкеп соқтырады.  Өте жиі, мұндай уланудан отбасылар қаза болады.

         Көп пәтерлі үйлер үшін табиғи газбен байланысты төтенше жағдайдың жиі себептері ағып кету болып табылады, ол өртке, жарылыстарға және улануға әкеп соқтырады.

         Жоғарыда айтылған тәуекелділіктерді болдырмау үшін барлық газ жабдықтарын дұрыс пайдалану қажет, өйткені оларды дұрыс емес пайдалану газдың ағып кетуіне себепші болады. Бірнеше мүлтіксіз орындалатын ережелер бар:  

         1. Барлық газ жабдықтары тек қана тексерілген, сертификатталған жеткізушілерден мамандырылған, фирмалық дүкендерде сатып алынуы қажет.

         2. Барлық газ жабдығының монтажы газ жабдықтарының шағын жөндеуін қосқанда коммуналдық газ қызметтерінің бақылуында тек мамандар жүзеге асыру тиіс.

         3. Жылына ең аз болғанда екі рет түтіндік пен желдеткіштің жағдайын тексеру,  қалыпты түтін тарту үшін оларды тазартуды жүргізу қажет.

         4. Заманауи дабыл техникасы бар. Сондықтан газ жылыту жабдықтарын қауіпсіздік автоматикасымен ғана ортану қажет, сондай-ақ бар жылыту пештерінің құрылысын табиғи және тұншықтырғыш газдың ағып кетуін айыратын жабдықпен және дабыл берумен жабдықтау қажет. Тартудық жоқ болуы және тұншықтырғыш газ белгілерінің пайдал болған жағдайда, оларға автоматты түрде сөндірілуге мүмкіндік береді, бұл қауіп-қатерді жүз пайыз болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл ретте осындай жабдық баға бойынша қолжетімді және сондай мамандырылған дүкендерде сатылады.

Есіңізде болсын, қолдан немесе арзан құн бойынша сапасыз техниканы өз бетімен қосу немесе орнату, әсіресе жылыту жүйелеріне және су жылытқыштарына қатысты, үлкен қауіп-қатерге әкеп соғуы мүмкін. Газ аспаптарын өзбетімен қосқан кезде газдың ағып кетуі, тартымның болмауы, жарылу қаупі бар және басқа да себептер нәтижесінде мұндай салдар болуы мүмкін.

Егер бұрын жылына екі рет үйлер мен пәтерлерді газ аспаптарына қызмет көрсеткен, түтіндік және желдеткіш арналардың жай-күйін тексерген, сондай-ақ тұрмыста газды пайдалану қауіпсіздігін бақылаған слесарь-бақылаушылар аралады, ал бүгінгі күнге бұл функциялар бәсекелестік ортаға берілді және толығымен  үй илерінің жауапкершілігінде жатыр. Сондықтан, өзіндік қауіпсіздік мақсатында қызмет көрсетуге өз бетінше шарт жасасу немесе ПИК осыны талап ету қажет.

Жақында жылыту маусымы басталады. Сондықтан, кім мұны жазда үлгермеген жағдайда,  үйде орнатылған  газ жабдығына, түтіндіктер мен желдету жүйелеріне толық алдын алу, дабыл  жүйелірін орнату қажет.  Есіңізде болсын, қауіпсіздік ережелерін сақтамау сайып келгенде, ең қымбат өз өмірлерін қиюмен аяқталуы мүмкүн. 



хат жіберу