Блог статистикасы
195
Жазбалар
3617
Өтініштер
153364
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Туризм в Лисаковске

2022 жылға дейін Қостанай облысында туристік индустрияны дамытудың шеберлік-жоспары

Лисаков қаласы бойынша 2022 жылға дейін Қостанай облысында  туристік индустрияны дамытудың шеберлік- жоспарбойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жөніндегіжол картасы

Лисаков қ.  туризмді дамыту болашағы



Лисаковқаласындағы туризм.

Лисаков облыстық бағынышты қала, Лисаков тау-байыту комбинатының базасында құрылды. Тобыл өзенінің бас жағында, ірі темір жол торабы Тобыл станциясынан 18 километрге оңтүстікке қарай, облыс орталығы Қостанай қаласынан 120 км оңтүстік-батысқа қарай және Ресей шекарасынан 70 километрде орналасқан. Қаладан төрт километрде «Қостанай-Жітіқара» автомобиль жолы орналасқан, ол арқылы Орталық және Оңтүстік Қазақстанмен, Ресеймен көлік байланысы жүзеге асырылады. Ресеймен, Орталық Азия аймақтарымен және Қытаймен темір жол байланысы Майлин станциясы арқылы және Тобыл Оңтүстік Сібір магистралі арқылы жүзеге асырылады. 
Қаламыздың туристік потенциалының бар болуы ешкімде де күмен келтірмейді. Ол неден қалыптастырылады? Бұл ең алдымен –әркезде қызығушылықты тудыратын археологиялық мұра. Сондай-ақ Лисаков қаласында таңғажайып ландшафт бар (біздің танымал Қара тауымыз).

Жоғары Тобыл бойындағыЛисаков тарих жәнмәдениет мұражайы 

ЖоғарыТобылбойындағыЛисаковтарихжәнмәдениетмұражайы1991 жылы құрылды. Қаланың мұражай қозғалысы пайда болу күні ретінде 1980 жылды айтуға болады. Болашақ мұражай үшін база 1980 жылы 13 қарашада ашылған Лисаков тау-байыту кобминатының мұражайы болды. Тарихи-өндірістік мұражайдың басты мақсаты туған комбинат және қала үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу болды. Мұражай экспозициясы темір кен орынның ашылу тарихы, Лисаков тау-байыту комбинатының қалыптаса бастауы, озаттар мен жаңашылдар туралы айтады. 1991 жылғы желтоқсанда тау-байыту комбинаты мұражайды бұдан әрі ұстауға мүдделі емес болып қалды, Лисаков қалалық Халық депуттар кеңесінің атқарушы комитеті оның базасында Қостанай облысының тарихи-өлкетану мұражайының Лисаков бөлімінің ашылуына рұқсат алды. 1992 жылдан бастап Лисаковский елді мекені мен қорымынан қола дәуіріненқалған археологиялықтоптаманы тапсыру басталды. Бұл топтаманың бірегейлігі Б.з.д. XY-ХIIIғғ. Андронов мәдени-тарихи ортақтықтың заттық әлем мәдениеттерін ауқымды көрсетуде. 
1993 жылы «Даланың көне тарихы», «Еуразия даласының мәдениет әлемі», «Дала қазынасы», «Лисаков қаласының тарихы» жаңа экспозициялар ашылды. 
Осы уақытта мұражайда ғылыми-зерттеушілік, экспозициялық, мәдени-ағартушылық қызмет, жаңа коллекцияларды толықтыру жұмысы ойдағыдай өткізіліп жатыр. Жыл сайын орташа мұражайлық коллекциялар 1 мың бірлік заттарға толықтырылады. Негізгі коллекциялар: археологиялық, табиғи-тарихи, этнографиялық, тарихи-тұрмыстық заттар коллекциясы, фотосуреттер, көркем өнер.
Жыл сайын мұражайға 10 мыңнан астам адам барады. Негізгі барушылар – балалалар (60%).
Еуразия даласының аргеологиялық ескерткіштерде жалпы адамзаттық мәдени-тарихи мағынасы бар.Үш он шақты жыл ішінде зерттеленетін Лисаков археологиялық ескерткіштер (елді мекендер мен қорымдар) қола дәуірі тайпаларының тарихы мен мәденметі бойынша бай материалмен ғана емес, қаладан тікелей жақын орналасумен де бірегей. Лисаков мәдени-тарихи алаңда қола дәуірінің ескерткіштеріне басқа ерте темір дәуірінің және орта ғасырдың ескерткіштері анықталды. 
Сәтті орнласу, ескерткіштердің топтануы және оларды жақсы зерттеу – лисаков ескерткіштерінің бұл артықшылықтары ашық аспандағы мұражайды олардың базасында құру үшін негіз бола алады. Осындай мұражайдың негізгі мақсаты – көне ескерткіштермен даланың табиғи ландшафтын сақтау. «Тірі» археологиялық ескерткіштер және олардың орналасқан ортасы өңірлік және халықаралық туризм объектілері бола алады. 

Спорттық құзға шығу.

Лисаков қаласына жақын Валерьяновка кентінің аймағында Тобыл өз. оң жақ жағалуында қаладан 8 км жыл сайын спорттық құзға шығу бойынша облыс біріншілігі өткізіледі – құзға шығу үшін жоғары деңгейдегі ауырлықпен құз орналасқан. Біріншілікке «Ирбис» және «Экстрим» рудный туристік клубтарының, сонымен бірге «Вертикаль» қостанай турклубының өкілдері және лисаков құзға шығушылар қатысады. Сондай-ақ дәстүрлі «Туризм есірткіге қарсы» ұранмен табиғи бедерде туристік көп сатылы жарыстар бойынша Қостанай облысының чемпионаты болды, жарыстарға облыстың қалалар мен аудандардың ересек және жасөспірімдер командалары қатысады.

Ескерткіштер және мемориалдар.

Қаланың орталығында Қ. Сәтпаев атындағы саяжолда, қалалық әкімдік ғимаратына қарсы А.С.Пушкинге ескерткіш орналасқан.
Жеңіс саябағында құрбан болған сарбаздарға арналған монумент орналасқан. 


Саяхатшылар және қала қонақтарының ыңғайлығы үшін қаланың қонақ үйлері өзінің қызметтерін ұсынады:

№р/с

Атауы   

Орналасқан орны

Байланыстар

1.

«Алина» қонақ үйемдік-сауықтыру кешені

Лисаков қ.,

Набережнаякөш., 1

тел.: 8(71433) 2-27-68,          2-27-69

2.

«Оолит» қонақ үйі

Лисаков қ.,

4 ш.а.,  6 үй

тел. 8(71433)3-04-11

oolit.lsk@mail.ru

skype: oolit.lsk

3.

«Континент+» қонақ үйі

Лисаков қ.,

4 ш.а.,  6 үй

тел.: 8(71433) 4-05-12

kontinent.02@mail.ru

4.

«Лисаковсктранссервис»қонақ үйі

Лисаков қ.,

6 ш.а., 52 үй

тел. 8(71433)4-04-35,         3-92-20

ltservis@mail.ru



хат жіберу