Блог статистикасы
196
Жазбалар
2619
Өтініштер
116524
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

ҚАЛА ТУРАЛЫ

ЛИСАКОВ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Әкімшілік-аумақтық бөлісу. 

Лисаков қаласының әкімшілік аумағында: Лисаков қаласы, Октябрь кенті, Красногор селосы. Қаланың әкімшілік-аумақтық аймағы – 0,1 мың ш. км. Автомобиль жолдарының ұзындығы – 51,2 км. Облыс орталығынан алыстығы - 120 км.

Халықтың 2014 жылғы 1 желтоқсанға арналған саны – 41332 адамды құрайды, оның ішінде 395 – ауыл тұрғындары.

 Географиялық орналасуы

Лисаков – облысқа бағынышты қала, 1971 жылы Лисаков тау-байыту комбинатының базасында құрылған. Тобыл өзеңінің бас жағында, ірі темір жол торабы Тобыл станциясынан 18 километрге оңтүстікке қарай, облыс орталығы Қостанай қаласынан 120 км оңтүстік-бастысқа қарай, және Ресей шекарасынан 70 километрде орналасқан.

Қаладан төрт километрде «Қостанай-Жетіқара» автомобиль жолы орналасқан, ол арқылы Орталық және Оңтүстік Қазақстанмен, Ресеймен көлік байланысы жүзеге асырылады. 

Ресеймен, Орталық Азия аймақтарымен және Қытаймен темір жол байланысы Майлин станциясы арқылы және Тобыл Оңтүстік-Сібір магистралі арқылы жүзеге асырылады.  

Қала өңірдегі ірі шикізат көздері мен өндіру нарығының, Қазақстанның астанасы – Астанаға, Ресей Федерациясының орал өңіріне тікелей жақында орналасқан, темір жол магистралінің құрылысы Батыс Қазақстанның қызу дамып келетін өңіріне есік ашады.   

               

Экономика

2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қалада 395 кәсіпорын тіркелген, оның 4 ірі, 235 орта және шағын бизнес кәсіпорындары, 17 шетелдің қатысуы бар кәсіпорындар.

Қалада облыстағы барлық өнеркәсіп өндірісінің  5,4% топталған. 2014 жылы 28,7 млрд. теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Өнеркәсіп өндірісінде шамамен 6,0 мың адам жұмыс істейді.

Тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындары мыналар: «Алюминий Казахстана» КБКБ АҚ филиалы (боксит өндіру), «Өркен» ЖШС Лисаков филиалы (темір кен қоспасын өндіру),  «Шаймерден» АҚ (мырыш кен).

Өндеуші өнеркәсібі - «Алтын Өмір» ЖШС (ликер-арақ өнімін, сыра, спирт, алкогольсыз сусындар, нан өнімдерін өндіру), «Алнур и К» ЖШС  (спирт, арақ өнімін өндіру),  «ДЕП» ЖШС ЛФ (қышқыл сүт өнімдерін, қойытылған сүт өндіру), «Жеңіс Бек» ЖШС (ұн, нан өнімдері мен кондитерлік өнімдерін өндіру).

Машина жасауда - «Дон Мар» ЖШС (ауыл шаруашылық егін оратын машина, бүріккіш, қосалқы бөлшектер өндіру)

2014 жылы шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен 10,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, ол өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы қалалық көлемінен  36,5% құрайды.

Жеке кәсіпкерлікте 3 мың адамнан артық жұмыс істейді.

 

Әлеуметтік сала

Қалада 3,6 мың адам контингенті бар 8 мектеп, 5 мектепке дейінгі мекемелер және 1,5 мың бала тәрбиеленетін 1 шағын-орталық жұмыс істейді.  

Балалардың музыка мектебі, балалардың көркем мектебі, балалар және жасөспірімдердің шығармашылық орталығы, жас натуралистер станциясы, аула клубтары бар.

Жоғары білім саласында күндізгі және сырттай білімде 200 студенттен артық білім алатын Рудный индустриалдық институтының дистанциондық білімінің Лисаков филиалы жұмыс істейді. 

Мамандарды орта кәсіби білімдерін даярлауды және жұмыс кадрларын жалпы оқушылар саны 1,2 мың адамды Лисаков техникалық колледжі жүзеге асырады.

Мәдениеттің мемлекеттік желісінде 4 кітапхана, 2 мәдениет үйі, 1 мұражай бар. 

87 спорт объектілері бар: оның ішінде: екі спорт кешені, балалардың жасөспірімдердің спорт мектебі, жүзу бассейні, 2 стадион, хоккей корты, 3 ату тирі, 5 теннис корты және 19 спорт зал.

Лисаков қаласының жоғары еңбек, табиғи ресурстық, өндірістік әлеуеті бар.

Қалада дамыған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым бар.

Бизнесті дамытудың мүмкіндіктері, пайдалы көлік-географиялық жағдайды ескере отырып, туризмді дамытудың мүмкіндіктері бар.


хат жіберу