Блог статистикасы
195
Жазбалар
4607
Өтініштер
179188
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 29 Августа 2018

«Welcome to Astana»

«Welcome to Astana»

«Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік жоба арқасында 2018 жылдың 10 тамызынан  12 тамызына дейін елдің бас қаласында Қостанай облысынан 17 оқушы болып қайтты, олардың ішінде Лисаков қаласынан 4 дарынды оқушы болды.

Әлеуметтік жобаның мақсаты- Қазақстан Республикасының елордасы  туралы оқушылардың білімін кеңейту.

Жобаға   кәсіби туристік гидтің қатысуымен елорданың басты қызықты орындары бойынша үшкүндік тур кірді.

Балаларды таң қалдырды: болашақ энергиясы мұражайы ( «Нұр Әлем» сферасы), «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық ғарыш орталық мұражайы, Назарбаев Орталығы, «Хазрет Султан» мешіті, «Атамекен» этно-мемориалдық кешені, сондай-ақ «Алпамыс» театралды цирк шоуы және  Есіл өзені бойынша теплоходтағы серуен.

Балаларға сыйға тартылған кепка, футболка, термо кружкалар қуантарлық  сый болды.

Біздің оқушылар біздің облысымыз бен Лисаков қаласын лайықты түрде көрсете білді.






хат жіберу