Блог статистикасы
195
Жазбалар
4417
Өтініштер
175057
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Лисаков қаласының сайлау комиссиялары

Форма заявления

5-қосымша

Сайлау комиссиялар туралы мәслихатының шешімдері

Сайлау комиссияларын құру қорытындылары

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын  қалыптастыру туралы

Қостанай облысы Лисаков қалалық мәслихатының

 ХАБАРЛАНДЫРУЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы  Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заңы) 10-бабына сәйкес аумақтық және 17 учаскелік сайлау комиссиясының құрамдарын қалыптастыру туралы Қостанай облысының Лисаков қалалық мәслихаты хабарлайды.

            Аумақтық сайлау комиссиялары жетi мүше құрамында құрылады.

            Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы аумақтық сайлау комиссиясымен учаскеде сайлаушылардың санына байланысты анықталған.

            Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бiрлестiктер, олардың  құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрғандар қалыптастырылып жатқан сайлау комиссияларына қатысы бойынша 2018 жылғы 30 қараша - 20 желтоқсан аралығында мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) электрондық және қағаз нұсқада белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы мәліметтер;

2)  саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың филиалдарының (өкілеттіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме тиісті сайлау комиссияларының құрамына үміткерлерді ұсыну туралы;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілеттіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) белгіленген нысанда сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім туралы үміткерлердің өтініштері.

            Сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы мәліметтер, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім туралы үміткерлердің өтініштерінің нысандары мәслихаттың сайтынде орналастырылған.

            Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңының талаптарына сай болу тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңілілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.   

Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматында, қол қоюлы, мөрмен расталған және орындау күні, орындаушының тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері және оның телефонының нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгісі болу тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2018 жылғы 20 желтоқсанға дейін дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Лисаков қалалық мәслихаты

Шалдыбаева Салтанат Казымбековна – Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Лисаков қаласы, Мир көш., 31.

Жауапты тұлға – Исембулатова Бибигуль Казбековна, № 16 каб., қалааралық телефон коды (871433), қызметтік телефон нөмірі 34381, ұялы телефон нөмірі 87754354364, факс – 34080, электрондық пошта мекенжайы - maslihat_lsk_nра@list.ru

Қалалық мәслихат Лисаков қалалық сайлау комиссиясының және 17 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:


№ р/с

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

 

Лисаков қалалық сайлау комиссиясы

 

1.

 

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,  Мир көш., 31 үй, қала әкімі аппаратының ғимараты

7

 

17 – учаскелік сайлау комиссиялары

 

1.                    

№ 111

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,   6 шағ. ауд.,56 үй, Лисаков техникалық колледжінің ғимараты

9

2.                    

№ 112

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,   6 шағ. ауд., 53 үй, Лисаков техникалық колледжі жатақханасының ғимараты

7

3.                    

№ 113

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,  6шағ. ауд.,  38 үй, № 6 орта мектебінің ғимараты

7

4.                    

№ 114

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,   Октябрь к., Горький көш.,28 үй, «Россия» МҮ ғимараты

9

5.                    

№ 115

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,   Красногор а., Парковая көш., 3 үй, негізгі мектеп ғимараты

5

6.                    

№ 116

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,   1 шағ. ауд., 41 үй, қалалық орталық кітапхана ғимараты

7

7.                    

№ 117

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,  1шағ. ауд, 27 үй, № 1 орта мектебінің ғимараты

7

8.                    

№ 118

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,   2 шағ. ауд.,  28 үй, мектеп-гимназия ғимараты

7

9.                    

№ 119

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,  2шағ. ауд.,8 үй, мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының ғимараты

7

10.                

№ 120

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,  4 шағ. ауд., 32 үй, «Союз» МҮ ғимараты

7

11.                

№ 121

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,  3шағ. ауд., 23 үй, № 3 орта мектебінің ғимараты

7

12.                

№ 122

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,   4 шағ. ауд., 23 үй, № 4 орта мектебінің ғимараты

9

13.                

№ 123

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,   5 шағ. ауд., 11 үй, мектеп-лицей ғимараты

7

14.                

№ 124

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,  5шағ. ауд., 11 үй, мектеп-лицей ғимараты(аула клубы)

7

15.                

№ 125

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,   ул. Мира,31 үй, «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимараты

5

16.                

№ 126

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,  Больничная көш., «Лисаков қалалық ауруханасы» КМК

5

17.                

№ 127

111200, ҚостанайоблысыЛисаков қ.,  Октябрьский к., Горький көш., 10 үй, Октябрьский орта мектебінің ғимараты

5


____________________

 

Лисаков қалалық мәслихаты
хат жіберу