Блог статистикасы
195
Жазбалар
4742
Өтініштер
183682
Келушілер
Жусупова Алма Аутеновна
Руководитель управления финансов


Байланыс ақпараты

Приемная: 575-230
Факс: 8(7142) 575-511
Телефон доверия: 8(7142) 575-513
Почтовый индекс: 110000, Костанайская область, г. Костанай, проспект Аль-Фараби,66
E-mail:

Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Жусупова Алма Аутеновна
Руководитель управления финансов

Байланыс ақпараты

Приемная: 575-230 Факс: 8(7142) 575-511 Телефон доверия: 8(7142) 575-513 Почтовый индекс: 110000, Костанайская область, г. Костанай, проспект Аль-Фараби,66 E-mail:

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Жусупова Алма Аутеновна
Руководитель управления финансов

Байланыс ақпараты

Приемная: 575-230 Факс: 8(7142) 575-511 Телефон доверия: 8(7142) 575-513 Почтовый индекс: 110000, Костанайская область, г. Костанай, проспект Аль-Фараби,66 E-mail:

  • «ЛИСАКОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Информация

VI шақырылған

Лисаков қалалық мәслихаты депутаттарының

2018 жылғы қызметі туралы ақпарат

 

         Лисаков қалалық мәслихатында 2018 жылғы 31 желтоқсан жағайына өз қызметің 13 депутат, оның ішінде 8 ер және 5 әйел жүзеге асырады. № 9 сайлау округі бойынша 10.01. 2018 жылғы № 197 мәслихаттың кезектен тыс сессиясының шешімімен қалалық мәслихатының депутаты Калинин Анатолий Анатольевичтің депутаттық өкілеттігі тоқтатылды. Сондай-ақ алтыншы шақырылымның Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы етіп Шалдыбаева Салтанат Казымбековнаны сайлау туралы шешімі қабылданды (21.02.2018 жылғы № 211 шешімі).

Лисаков қалалық мәслихатының жұмысы 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 187 сессия шешімімен бекітілген Лисаков қалалық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

         Өз өкілеттерін жүзеге асыру мақсатында Лисаков қалалық мәслихатпен айтылған кезеңде 19 сессиялар өткізілді, оның ішінде 4 кезекті, 15 кезектен тыс.

Алтыншы шақырылымның депутаттарымен 2018 жылы мәслихат сессияларында барлығы 115 мәселе қарастырылды. Сессия төрағалары болып Яценко А.В., Демисенов А.Б., Мироненко Д.Г. сайланды. Сесссияларды дайындауға, қарастырылған мәселелерді талқылауына белсенді қатысқан депутаттар Будкевич Г.В., Демисенов А.Б., Кадырханова А.К., Неявко И.В., Шалдыбаева С.К., Шутаева Г.О., Яценко А.В.

Қала әкімінің және депутаттардың ұсыныстары мен депутаттардың ұсынысы негізінде алты рет қала бюджеті анықталды, осыған сәйкес қосымша қаражаттар әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталды, сондай-ақ  қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға, қаланың автомобиль жолдарын қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған (қала стадионың қайта жаңартуын аяқтауына, 7 шағын аудандағы жалдамалы  60 пәтерлі№ 17 тұрғын үйдің құрылысына, Октябрь кентіндегі саябақты абаттандыруға, «Россия» МҮ күрделі жөндеуіне,  №4 орта мектептнің КММ STEM зертханасын жабдықтауға, балабақшаларға кезекшілікті автоматты жүйесін енгізуге және қызмет етуіне және т.б.).

Бұдан басқа сессияларды:

Әкімнің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындау туралы есебі;

Мәслихат хатшысының атқарылған жұмысы туралы есебі және жергілікті полиция қызметі басшысының атқарылған жұмысы туралы екі рет есебі тыңдалды.

Қалалық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясында негізгі екі қаржы құжаттары бекітілді: қаланың 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті және Октябрь кентінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті. 2019 жылғы бюджет ағымдағы қаржы жылы бюджетінің күтілетін атқарылуы мен тұтастай алғанда жағдайды ескере отырып түзетілетін болады.

Есепті кезеңде мәслихат сессияларында қаланың түрлі мемлекеттік мекемелері басшыларының және олардың орынбасарларының есептері тыңдалды.

ҚР жаңа Салық кодексінің заңды күшіне енуіне байланысты «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешім қабылданды және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылды. Лисаков қаласы бойынша және қала маңындағы қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері, тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары бекітілді;

ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша қаланың сайлау комиссияларының, қаланың қоғамдық кеңесінің, қала әкімдігінің он екі консультативтік-кеңесші органдарының құрамын өзгерту бойынша шешімдер қабылданды;

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес құқықтық нормаларды белгілейтін мәслихаттың 19 шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті.

Қалалық мәслихатта 3 тұрақты комиссия әрекет етеді:

бюджет, экономикалық даму және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі;

әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі;

заңдылық, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі.

Тұрақты комиссиялар өз қызметін қалалық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Есепті кезеңде тұрақты комиссиялар 20 отырыс өткізді, оның ішінде 5 бірлескен, 1 көшпелі, 26 мәселе қаралды (2017 жылы 25 отырыс өткізілді, 27 мәселе қаралды).

Өткізілген отырыстардың тақрыптары әр түрлі:

Лисаков қаласының 2017 жылғы бюджетін атқару бойынша есебі туралы;

2017 жылғы Лисаков қаласының 2016-2020 жылдарға арналған дамыту бағдарламасын іске асыру туралы;

 «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмысы туралы» 2017 жылғы 23 мамырдағы № 7 тұрақты комиссиясының қаулысын орындау туралы;

Лисаков қаласында мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі;

Медициналық мекемелерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге және денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруға дайындау туралы;

Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен кесу бойынша ювеналды полициясының жұмысы туралы.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаланы дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептері тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды, оларды орындау жөнінде ұсынымдар берілді.

Есеп беру кезеңінде көпшіліктік тыңдаулар мынадай мәселеле бойынша өткізілді:

1) Лисаков қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы; 2) Лисаков қаласының 2019 - 2021 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы.

Тұрақты комиссиялардың отырыстарын дайындау барысында депутаттар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша учаскелік инспекторлардың жұмысын зерттеу үшін қала мектептерінде болып, қала жолдарына жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын бағалады.

Өз құзыреті шегінде қалалық мәслихат депутаттары қала әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына белсенді қатысады. И. В. Неявко мен В. В. Писаренко бес консультативтік-кеңесші органдарда, К. С. Изғалиев – төртеуде, Г. В. Будкевич – екі, С. К. Шалдыбаева – екі, Ш. Т. Сигаева – біртеуде тұрады.

Ақпараттық-насихаттау тобының құрамында депутаттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіруге қатысты.

Депутаттар қызметінің басым бағыты Халықпен жұмыс болып табылады. Азаматтардың өз құқықтарын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында мәслихат депутаттары сайлау округтерінде 132 кездесу өткізді, осы кездесулерге қатысушылар саны 3200 адамды құрады.

Апта сайын қалалық мәслихат хатшысымен азаматтарды қабылдау жүргізіледі, тоқсан сайын депутаттар «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында қабылдау жүргізеді, қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Өткен кезеңде мәслихат депутаттары жеке мәселелері бойынша «Нұр Отан» партиясы ЛҚФ қабылдау және қоғамдық қабылдау бөлмесінде 250 адамды қабылдады. Өтініштерді талдау көрсеткші, өтініш берген азаматтардың 61% - ы оң шешілсе, 39% - ы консультативтік сипаттағы түсіндіру көмегін алды.

Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ҮЖИК жұмысына жатады: қоқыс шығару, үйлердің шатырын жөндеу және қасбеттерді сырлау, жолдарды жөндеу және автотұрақтарды құрылысы, жұмысқа орналастыру, балалар және спорт алаңдарын жөндеу, аула аумақтарын абаттандыру, шағын аудандардың үйлер ішіндегі жол жабынын жөндеу, шағын аудандардағы ағаштарды кесу, қалада тұратын Октябрь орта мектебі мұғалімдерінің 30 бағыты бойынша тегін жүру және Октябрь мектебінің оқушыларын түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу үшін қалаға жеткізуін ұйымдастыру бойынша.

 

Сондай-ақ халықты әлеуметтік сипаттағы мәселелер қызықтырады: еңбекақы төлемеу, мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, міндетті медициналық сақтандыру, онкологиялық және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, үй шаруашылығын өсіру бойыншау мемлекеттің қолдауы бойынша, КБКБ-ға материалдық көмек төлеу, балалар дәрігерлерінің міндетті медициналық қызметтерді толық көлемде көрсетпеу мәселесі, бұл Қостанайға емделуге баруға тура келеді және басқалар туралы.

Есепті кезеңде депутаттық сауалдардың саны 6 сауалды құрады, 4 сауалға жауаптар алынды. Депутаттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстан Республикасының кейбір заңдарына және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде өтініш жолдады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А. П. Рауға ҚР Салық кодексі саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша сауалдар.

Депутаттардың жалпы қалалық әлеуметтік-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысуын атап өткен жөн. Депутаттар С.К. Шалдыбаева мен Ш.Т. Сигаева 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысты. Қала күніне арналған карнавалдық шеруде Будкевич Г.В., Изгалиев К.С. және Шутаева Г.О. қатысты. Депутаттар мүгедек балаларға арналған күндізгі болу орталығына барды. Бару кезінде жаңа жылдық ертеңгілікке қатысып, әр мүгедек балаға жаңа жылдық сыйлық табыс етілді.

Сонымен қатар, депутаттық корпусы мынадай  акцияларға қатысты: «Отбасын қолдау апталығы» республикалық акциясына «Кедергісіз келешек» – «Будущее без барьеров», «Ардагерлерді ардақтайық» - «с заботой о старшем поколении», «Приемная на дороге», «Молодежь против коррупции», «Дорога в школу», «Безопасный двор», «Көш көлікті болсын!» қоныс аударушылар мәселелері бойынша және басқалар.

Тұрақты түрде жергілікті «Лисаковская новь», «Лисаковск Бизнес Пресс» газеттерінде өткізілген сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы ақпараттық материалдар жарияланады. Есепті кезеңде БАҚ-та депутаттар мен депутаттық қызмет туралы 72 мақала жарияланды.

Лисаков қалалық мәслихаты депутаттарының қызметі туралы ақпарат жүйелі түрде Қостанай облыстық мәслихатының сайтында және Лисаков қаласы әкімі аппаратының ресми сайтында орналастырылады.

Лисаков қаласы әкімдігінің ресми сайтынан мәслихаттың қызметін ұйымдастыру және өкілеттілігі туралы ақпарат алуға, депутаттармен және олардың жұмыс бағыттарымен, депутаттардын қабылдау кестесімен, сайлау округтерінің шекараларымен, шешімдердің жобаларымен, мәслихат сессияларында қабылдаған нормативтік құқықтық актілермен танысуға болады. 


хат жіберу